Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сен қыз болмай-ақ қой. Басыңды биттетпе,— деп шашын алдыртып тастады. Сараны қайтарында өзі ала кетіп, оқуға бермек боп қойды.

Қажікен азамат боп қалыпты. Бірақ өгей шешенің қолында өтірікші, тұнжыр, ұрысқақ, кекшіл боп өсіпті. Оны Төлеген қолына алып оқытпақшы болды.

Ұрқияны қастарына ертіп, Ақбілек пен жеңгесі далаға барады, көл басына барады. Өткен балалық күндерді есіне түсіреді.

Бір күні Ақбілек сөзден-сөз шығып отырып, Ұрқиядан:

— Жеңеше-ау, осы баяғы Мұқаш не болды?— деп сұрады.

— Естімеп пе едің? Сол жылы қысты күні шығар деймін, жоқ боп кетті ғой,— деді.

— О қайда кетті?

— Кім біледі, біреу өлтіріп тастаған шығар,— деді. Ақбілек:

— Өзі де елдің қарғысын көп алып еді,— деді.

— Қарғыс қоя ма? — деп, Ұрқия да қостады.

Матайдың Әбені екі ұрысын жіберіп, жайғастырғанын бұлар қайдан білсін.

Күлікен Сараға ермек болды. Мойнына мінгізіп жүргені.

Ұрқияның Іскендірі де беске шығып қалыпты. Ұрқия жанынан екі елі тастамайды.

Іскендір тым-ақ сүйкімді, түрі де көркем: мінезі де өжет. Шешесі өте зерек деп мақтайды: балалармен қосылып ән салады: қой күзетеді; бұзау үйретеді; ойынға бір жалықпайды; ауылдың малын түстеп таниды. Бірақ тез қатыр, ашуланшақ; бір баладан жығылып қалса да, жарысқанда қалып қойса да, жатып төбелес салады; өз ырқы болмаса, айтқанға көнбейді дейді.

Бір күні Ақбілек пен Ұрқия көл жиегіне барып жуынып отыр еді. Сара бар, Күлікен, Іскендір бар, ауылдың өңшең ұсақ балалары суға шомылып, жиекте жүгіріп, жарысып ойнап жүр еді. Бала бірін-бірі жылатпай жүре ме, кішкене Күлікенді бір бала жүгіріп келе жатып, қағып кетіп, жылатып қойды. Іскендір оны көре сала жүгіріп барып, жыққан баланы кішкене жұдырығымен іштен қойып-қойып жіберді. Ана бала үлкенірек болса да сасып қалды.

Ұрқиядан қорқып түк қыла алмады. Іскендірдің мына қылығына Ақбілек сүйсініп:

— Іскендір, бері келші, қалқам! Ой, бауыр болғаныңнан айналайын!— деп шақырып алып бетінен сүйді.

— Жеңеше-ау! Осының атын Іскендір деп қайдан қойып жүрсің? Орыстар Александр дейді ғой, — деп сұрады.

Ұрқия баяғыда түсінде Іскендір дуана балапан ұстап бергенін есіне салып:

— Сонда Іскендір дуананы ырым қып, атын Іскендір қойып едім, — деді.

Соны айтқанда Ақбілек көзі дөңгеленіп, аз ойлана қалды да:

— Жеңеше-ау! Осы Іскендір мен сияқты емес пе?— деді. Ұрқия күліп жіберді.

— Сен сияқты болса, сенен туған шығар!— деді.

— Рас айтасың ба, жеңеше? — деген соң, Ұрқия шынын айтты. Ішіне үрген қарын тығып, өтірік буаз болғанын, Ақбілектің баласын бауырына салғанын, бәрін сыр қылды.

Ақбілек қуанып кетті:

— Іскендір, бер келші!— деп шақырып алып: — Құлыным-ау!— деп, бауырына қысып, құшырланып тағы сүйді. — Өлтіретін бала емес екен ғой! Жақсы қыпсың ғой, жеңеше!— деп, Ұрқияны сүйді. Аналық сезім Ақбілектің жүрегін қорғасындай балқытты.

— Мен кісі қанын жүктедім деп жүруші ем. Жеңешетай-ай! Мен шын бақытты екем ғой! Оқуға жараған соң, өзіме бересің ғой!— деді.

— Берейін,— деді Ұрқия.

Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап сүт емес-ау құт сорғалап көнек-көнек лақылдайды.

Марқакөлдің жиегінде Мамырбайдың Ақбілегі, жас Балташтың сүйген жары Іскендірін құшып, сүйіп, бала болып, ана болып, көп әйелден дана болып кеудесіне бағы сыймай, кемерінен аса шыпылдайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий