Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мұны оқытқан тұтқын орыс бұйра жирен сақалды, бұйра шашты, көзіне көзілдірік киген отыздар шамасындағы адам еді. Оны Бақтығүл "орыста да мұндай кішіпейіл, садағаң кетейін, жанашыры бар адам болады екен" деп, өз тілінде Сейітке ғана ұғындырып, алғыспен мақтай беретін. Оның атын өзінің тілімен Апанас қойып алған. Апанас Сейітке оқу ғана оқытпайды, суретті кітаптар керсетіп, абақтының қорасына алып шығып, кейде баламен бірге жүгіріп еліктіріп, ойнақ та салады. Екеуі Бақтығұл мен өздеріне арнап, үнемі бірге жүріп шай қайнатады. Көбінше ойнақы, мойымас мінезіне басып, Сейітті күлдіріп, көңілдендіріп жүреді. Кейде оны иығына мінгізіп, өзі секіре шапқылайды да. Сейте жүріп, бір кезде Сейіттен ойда жоқ бір сөз сұрап:

– Сейітка, қалай, сен ауылды сағынады ма? – деп еді.

Сейіт:

– Жоқ! – деді.

– Неге? Абақты жақсы ма? – дегенде, Сейіт шынымен Апанастың ашық көк көзіне барынша шынын айта, қадала қарап:

– Ауылдан абақты жақсы, – деді.

Соны естіген Бақтығұл: "Алда, айналайын, көз жанарым-ай!" деп, үнсіз жылап жіберді де, аунап түсті. Апанас болса, Сейітті жерден жұлып көтеріп алып, құшақтап баурына басты. Кітап оқып жатқан көрші орыс – ақсақал қартқа карап:

– Не дейді мына Сейіт? Өмірден абақты артық дейді. Ой, бишара балақай! Мынау абақты ауылдан, өмірден артық болғанда, саған ол өмір, ол ауыл қандай суық, сұмдық болған екен. Соны білдірдің-ау! -деп, өңі бұзылып, Сейітті құшақтап, қысқан бойында үндемей ойға шомып, камера ішінде әрлі-берлі жүріп алды.

Оқуға ұғымды, ерекше талапты момын қара бала болашақ заманның белгісіз бір жарығына осы абақты ішінде сенген көңілмен күн санап ержетіп келе жатты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий