Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл көп білетін ақылды жігіт. Бұ да өзіндей адамның баласы. Құдай біреу, жан біреу: Сен бұдан қорықпа, жақсы көр. Бұл кісі сені жақсы көреді. Сені күтеді. Саған тамақ, киім әпереді, саған жұмыс қылдырмайды. Қазақтікі қатын немене? Малай ғой. Байы ұрады, соғады, жұмыс қылдырады, бәрі кір болып, жаман болып жүреді. Біздікі орыс законы жақсы: қатынды ұрмайды, (қолтықтағанды көрсетіп) былай ұстап жүреді, тиатрға апарады, гуләит қылады... деп, Ақбілекті үйір қылам деп, теке көз көп сөйледі. Анда-санда қара мұрт сөз үйретіп тұрды. Ақбілек көнетөз жасыл шапанын көзіне түсіре бүркеніп, белі бәкіше бүктетіліп бас-аяғы кірпіше жиырылып, құнысып, жасы мөлдіреген қара көзін жыпылықтатып, қара мұртқа анда-санда көз құйрығын бір жіберіп, таңдана, үрейлене тыңдады.

Орыс сөйлеп отыр. Оның көп сөзі миына қонбады. Үлкен төре деп мақтайды. «Төре» болса қайтсін? Мұның іздегені орыстың төресі ме еді? Киім, тамақ әпереді дейді. Соларға зар болып, осылардан сұрауға келіп отырған-ау! Шаруаны қатын істемейді дейді, енді кім істемекші! Бекболатқа тисе, Ақбілек малай болар ма еді? Өзі де істер еді, малшы қатынды да алар еді, байы ұрыспаса, ұрмаса, қатын қайда кетпейді? Қатын не істемекші?.. Мұның бірде-бірі құлағына бармады. Жалғыз-ақ Ақбілек үшін қара мұрттың жанын қиғаны рас. Ендеше, жақсы көргені рас. Ендеше, жақсы көргендей, Ақбілек сұлу екен. Қазақ тұрсын, орыстың боздақ жігіті де Ақбілекке қызығады екен, жанын қияды екен. Әйелге бұдан артық құн бола ма? Сый бола ма? Оның үстіне Ақбілек енді көп арыстың талқысына түспейді, асыл қазынасын бір-ақ кісіге қияды. Қандай кісіге? Өзі үшін жанын қиған ер жігітке... Бірақ, ойбай-ау! Ер жігіт деп отырғаны аузы түкті кәпір ғой! Әлгі дәретсіз, сүндетсіз, түрегеп сиетін, шошқа етін жейтін, арақ ішетін, темекі сасыған, елді қыран жапқандай қылып, қамшы, қылыш, мылтық ойнататын, мейірімсіз, шадыр мінез орыс осы емес пе? Шынымен сол орысты иіскегені ме? Шынымен ақ төсіне арам денені ойнақтатып, ашылмаған қауынын арам пышаққа жарғызғаны ма?

Соны ойлаған кезде ақ торғын маңдайына екі тік сызық көріне қалады. Апасы есіне түседі де, көзінен екі моншақ домалап кетеді... Жан апасы бұл үшін өліп кетті-ау! Тым болмаса бір ауыз тіл қатуға да мұршасын келтірмеді-ау! Жан апасынан мәңгілік айырылып, басы қаралы, жүзі жаралы болып отырып, не бетімен бай іздегені? Апасын өлтіріп кеткен, өзін тартып әкелген, ауылын шапқан, талаған орыстың тұқымына не ғып өз еркімен көнгені? Ел қайда? Бұл қайда? Әкесі, ауылы не күйде? Ақбілек туралы олар не ойлап жатыр десейші?.. Сорлы қызымды өлтіріп тастады ма, әлде не қылды?.. деп, әкесі не ғып жаны шыдап отыр екен?.. Күйеуі келмек еді, түндегі қуған, оққа ұшқан әлде сол емес пе екен? Тірі қалып, құдай жазып, көретін күн болса, күйеуіне не бетімен жолықпақ!.. Ойпырмай! Мұндай да сорлы, мұндай да масқара болған қазақта әйел бар деймісің? Бұл қорлықты кім көрді дейсің. Осының бәріне шыдап, не ғып өлмей, тірі отыр?.. Түндегі оқ апасына тигенше, бұған тимегенін қарасайшы...

Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз... сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты: қазақ тұрсын, атағын орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты... орыс біткен бұған бола қырқысты... Кім біледі, тірі болса, үмітсіз сайтан... өз еркімен келіп отырған жоқ... Қара күшке, тағдырға не шара? Жамандығынан мұндай болған жоқ. Ақбілекті кім жазғыра алады? Малына, жанына ие болып отырған қай қазақ бар? Әзер болса, жазықсыз құрбан болып жатқан көп қорғансыздың, көп сорлының бірі шығар...

Ойдан ой туып, басы даң боп, шапанының етегіндегі тамған майға қадала қарап отырғанда, тым-тырыс күте қалған, қара мұрттың ыстық қолы қолына келіп тиді. Ақбілек ауыр бір қағып, «Менде не ерік бар?..» дегендей, терең қасіретпен оның бетіне қарады. Қара мұрт тілмашына иек қағып, шығарып жіберді де, Ақбілектің қолын ептеп өзіне таман тартып, мұртын ерніне апарды. Ақбілек қарысқан жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий