Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    0 (0 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бенедикт ағай туралы бірнеше сөз айта кетуге тура келер. Ол Сан-Францискоға қайтып келген күні Джемс Уэлдонның қолын қысып асығыс амандасты да, өзінің кабинетіне кіріп кетті. «Бенедикттің алты аяқтысы» «hexapodes Веnedictus» туралы энтомологиялық ғылымға бір жаңалық енгізуге тиісті зор еңбегін жазуға асыққан еді.

Ол өзінің жәндіктер коллекциясымен лық толы кабинетіне кірген бойда, бәрінен бұрын көзілдірік пен лупа іздеді. Бірақ өзінің ұзақ саяхатта жүріп Африка жәндіктерінің бірден-бір уәкілі ретінде әкелген жәндігін лупамен анықтап қарағанында, ғалымның кеудесінен опық жалыны лап етіп тысқа тепті. «Әттегене-ай!» Тіпті де алты аяқты емес екен! Кәдімгі өрмекшінің өзі! Жәндіктің алдыңғы екі аяғы кем болатын, сондықтан оның сегіз аяғы болу орнына алты аяғы ғана бар-ды. Ал оның екі аяғы кем болу себебі, Геркулес өрмекшіні ұстаған кезде оның алдыңғы екі аяғын байқамай жұлып алған-ды. Сөйтіп, ғылыми көзбен қарағанда «Бенедикттің алты аяқтысының» ешқандай құны болмай қалды. Бұл кез келген жерден табыла беретін кәдімгі өрмекші, олардың ішіндегі әрі мүгедегі болып шықты. Бенедикт ағай бұл соққыны көтере алмай қатты ауырып қалды. Бірақ сәті түсіп науқасынан тез айықты.

Үш жылдан соң кішкентай Джек сегізге толды. Ол мектепке барып оқи бастаған еді, Дик Сэнд өзінің міндетті сабағынан уақытын бөліп, Джектің сабақ дайындауына жәрдемдесіп жүрді. Дик Сэнд Сан-Францискоға келісімен бар ықыласын сала оқуға кірісті. Адамға тән намыс пен ар-ұят оны да іштей жеп жүрген: білімнің кемістігінен өзіне сеніп тапсырылған алғашқы кемені апат еткені үшін қынжылып өзін өзі кінәлап жүрген.

«Ие,— деді ол өзіне өзі,— мен «Пилигримді» басқарған кезімде нағыз теңізшінің біліміндей білімім болса, олардың барлық білгенін мен де білсем, мұншалықты қауіп-қатер мен сәтсіздіктен аулақ болар едік-ау!»

Дик Сэнд осылай ойлады. Оның он сегіз жасында теңіз мектебін өте жақсы деген бағамен бітіріп, капитан атағы диплом алып Джемс Уэлдонның бір кемесіне командир болып қызметке орналасуы таң қаларлық іс емес.

Дик Сэнд толысып жетпеген жас болса да, өзін өзі жалпы көпке таныта білді. Оның ерлігі мен батылдығы сыйлауға әбден лайық еді.

Диктің қызметтен бос уақыты сирек болатұғын, қалт еткен минуттарында құлдыққа сатылып кеткен Том қартты, Батты, Актеон мен Остинді ойлап қамығушы еді. Олардың мұншалықты бақытсыздыққа ұшырауына өзін кінәлі санайтын-ды.

Миссис Уэлдон да өзінің бұрынғы жолдастарының ауыр халдерін оңдап, өнебойы қынжылумен жүрді. Олар өздерінің сорлаған жолдастарын егер қолдарынан келсе жер мен көкті тұтас шарлап іздеуге әзір еді. Ақырында Джемс Уэлдонның сауда дүниесімен байланысты болуы арқасында төрт негрдің ізін табуға мүмкіндік болды. Том қарт жолдастарымен бірге кешікпей-ақ құлдық тәртібіне тыйым салынған Мадагаскардан табылды. Дик Сэнд оларды құлдықтан сатып алу үшін өзінің тапқан-таянғанын түгел бергісі келіп еді, бірақ Джемс Уэлдон өз қаражатын жұмсауға ұйғарды. Сөйтіп, 1877 жылы он бесінші ноябрь күні қара өңді төрт адам келіп Джемс Уэлдонның есігін қақты. Бұлар Бат, Том қарт, Актеон мен Остин еді. Соншама қайғы қасірет пен азаптан аман құтылған бұл ержүрек адамдардың алдында тағы бір қауіп тұрған. Жоғалып табылып, сағынысып қалған достар көріскен кезде, қорыққаннан қуанған жаман, жүректері жарылып кетпес пе екен?

Төрт негр келген күні Джемс Уэлдонның үйінде айта қаларлықтай той болғаны өзінен өзі мәлім. Бәрінен гөрі «Он бес жасар капитан» Дик Сэндтің құрметіне арнап миссис Уэлдонның тост көтеруі жиналған жұртты шаттыққа бөледі.

с о ң ы.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий