Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    0 (0 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

БІРІНШІ БӨЛІМ

Бірінші тарау

«ПИЛИГРИМ» АТТЫ ШКУНА-БРИГ

1873 жылы 2 февральда «Пилигрим» атты шкуна-бриг Гринвичтен 43°75 оңтүстік ендік пен 165ʹ19 батыс бойлықта жүзіп жүрген. Оңтүстік теңіздерден кит аулау үшін Сан-Францискода жабдықталған төрт жүз тонналық кеме еді бұл.

«Пилигрим» Калифорнияның кеме иемденуші байы Джемс Уэлдон дегеннің кемесі болатын; бұны ұдайы бірнеше жыл Гуль деген капитан басқарып келген-ді.

Джемс Уэлдон Берингов бұғазынан ары оңтүстік және солтүстік теңіздердегі Тасмания мен Горн мүйісіне жыл сайын топ-тобымен кеме керуенін жөнелтіп тұратын. «Пилигрим» шағын болса да флоттағы шапшаң жүзетін жақсы кемелердің бірі еді. Ол қылаусыз жақсы жабдықталғандықтан шағын командамен-ақ Оңтүстік Мұзды мұхиттың мұз сірескен шегіне дейін барып жүрді.

Сен жаз айларында солтүстіктегіден де оңтүстік жарты шардағы ендікке жетіңкіреп қалады, капитан Гуль кемені сондай сіресіп жатқан көшпелі сеңдердің ара-арасымен тамаша жүргізетін. Ізгі Үміт мүйісі мен Жана Зеландия маңында сен жиі кездеседі. Анығырақ айтқанда, бұл мұздар жылы су шайған көшпелі мұз тауларының тек кішігірім бөлшектері ғана; бұлардың көбісі Атлант немесе Тынық мұхитқа түсісімен еріп кетеді.

Оңтүстік флотилиядағы таңдаулы теңізшілер мен гарпуншылардың (китке шанышқы ататын) бірі капитан Гуль болатын; ержүрек капитан «Пилигримді» басқарғалы бері оның қарамағында тәжірибелі бес матрос пен матростық өнерін жаңа үйреніп жүрген бір жасөспірім қызмет етіп жүрді. Кит аулау кәсібінде, қайықта қызмет атқарып, ауланған китті сойып, баптау үшін көп адам керек, мұндай ірі іске бар болғаны алты-ақ адам тым аз еді. Әйтсе де Джемс Уэлдон басқа кеме иелерінің әдістерін қолданып, Сан-Францискодан тек кеме басқаратын команданы ғана алуды тиімді санаған.

Жаңа Зеландияның тұрғын халқы мен ондағы түрлі ұлттардың қашып-пысқандары арасынан бір маусымға жалдана кететін шебер гарпуншылар мен матростар қашан да болса табыла береді. Бұлар маусым аяқталған соң қожайындарымен есеп айырысады да, кит аулаушы кемелердің келесі жылғы маусымын күтіп, жағаға түсіп қалады. Бұл жағдай команда жалақысынан бірсыпыра ақша үнемдеп, кит аулау кәсібінен түсетін пайданы молайта береді.

Джемс Уэлдон «Пилигримді» сапар шығаруға жабдықтағанда нақ осы әдісті қолданып еді.

Шкуна-бриг оңтүстік Поляр теңіздерінен кит аулау кәсібін аяқтағаны сол, бірақ оның трюмінде (кеменің астыңғы қабаты) кит мұрты сақталатын орын әлі олқы, кит майы толтырылмаған кеспектер де көп. Бұл кезде кит аулау тым қиын еді. Аяусыз қыра бергендіктен кит тым сирек кездесетін болды. Нағыз киттер құрып бітуге айналып, енді аңшылар жолақ жон1 киттерді аулауға кіріскен, бірақ киттің бұл түрін аулау аса қауіпті еді.

Бұл сапарда «Пилигримнің» жолы болмады. Январь айының бас шамасында, Австралия жазының шыжып тұрған2 кезінде, кит аулау аяқталмай-ақ, капитан Гуль кері қайтуға мәжбүр болды. Жалдап алған маусымдық матростары жұмысты керенау істей бастаған соң, ондай жалқаулардан тезірек құтылғысы келді.

«Пилигрим» солтүстік-батысқа қарай бет түзеп, он бесінші январьда Жаңа Зеландия аралының шығыс жағындағы Окленд портына келді. Капитан Гуль жалдап алған маусымдық кит аулаушыларын сонда түсіріп кетті.

«Пилигримнің» тұрақты командасы бұл жолғы сапарына барынша наразы еді, өйткені шкуна-бригтың жүгі толу үшін әлде де болса кем дегенде екі жүз тонна кит майы керек. Бұлардың аушылық кәсібінде мұндай сәтсіздік бұрын-соңды болған емес.

Басқа аңшыларға қарағанда капитан Гульдің өзі аса ренжулі. Бұл сәтсіздік оның атышулы «кит аулаушы» деген даңқына аяусыз таңба салды; жұмысқа кедергі жасаған арамтамақ жалқауларды үнемі қарғап-сілеумен болды ол.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий