Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    0 (0 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Оған сөз бар ма! — деді капитан Гуль.— Өз бала-шағам болса, «Пилигриммен» мен де күдіксіз-ақ кете берер едім. Биылғы аушылық маусымын сәтсіз аяқтағаны болмаса, «Пилигрим» тамаша кеме. Өзінің үздіксіз бірнеше жыл басқарған кемесіне теңізшінің сенімі кәміл, менің де «Пилигримге» деген сенімім сондай. Миссис Уэлдон, сізге бұл сияқты сауал беру себебім, ұятқа қалмайын, сіздің әдеттеніп қалған жағдайыңыздың мұнда болмайтынын алдын-ала ескерткенім ғой.

— Капитан Гуль, егер күллі іс жағдайдың қолайлы — қолайсыздығына тіреліп тұрса, ондай нәрсе мені жолымнан қалдыра алмайды. Мен каютаның тарлығы мен дастарқанның олқылығына наразы болып капитанға маза бермейтін ерке жолаушы әйел емеспін.

Миссис Уэлдон көтеріп тұрған бөбегіне бір қарап алды да, сөзін қорытты:

— Сөйтіп, капитан, енді жолға шығайық!

Капитан сол сәтте якор көтеруге бұйырды. «Пилигрим» кешікпей-ақ желкендерін көтеріп, Окленд портынан шықты да американ жағалауына қарай бет түзеді.

Бірақ үш күннен соң шығыстан қатты жел тұрды, енді желге қарсы жүзу үшін кеме бұрынғы бағытын амалсыз өзгертті. Сондықтан өз капитанының ырқына көнбеген «Пилигрим» февральдың екісі күні таңертең жоғарғы ендікке жетіп қалды. Горн мүйісін айналып өтетін кемелердің қай капитаны болса да, Жаңа Дүниенің батыс жағалауымен жүретін төте жолмен жүрмей, нақ осы бағытпен жүрер еді.

Екінші тарау

ДИК СЭНД

Ауа райы айта қаларлықтай жақсы, алғашқы бағыттан ауып, жолдан бұрыс кеткендігі болмаса, сапар тамаша жағдайда өтіп жатты.

Миссис Уэлдон капитан Гульдің кеме кормосындағы кішкентай ғана жинақы каютасына орналасқан. Бұл бөлме кемедегі орынның ең жайлысы еді. Осы тығырықтай бөлмеден кішкентай Джек пен кәрі Нан да келіп орын алды. Соның қасындағы құрқылтайдың ұясындай ғана бір бөлмеге Бенедикт ағайды орналастырды. Капитан Гульдің өзі кеме тұмсығындағы капитан жәрдемшісіне арналған каютаға көшті. Жалақы үнемдеу мақсатымен, «Пилигримнің» экипажын толықтырмаған болатын, сондықтан да капитан Гуль жәрдемшісіз-ақ амалдаған еді.

Шкуна-бригтың командасы — шебер де, тәжірибелі бес теңізші — ынтымақпен тату тұрды. Бұлар кит аулау кәсібінің үш маусымын өткізіп, енді төртіншісін де бірге аяқтап келеді. Бұл матростар Калифорния штатында туған, бәрі де біріне бірі көптен таныс.

Кемедегілердің тек біреуі ғана американ емес, тегі жат адам еді. Ол «Пилигримнің» аспаздық қызметін атқарып жүрген Португалияда туған Негоро деген біреу болатын. Ол португал болса да ағылшын тілін тамаша білетін-ді. «Пилигримнің» бұрынғы аспазы Окленд портында қашып кетіп, кеме аспазсыз қалған. Нақ сол қарсаңда Негоро келіп өзін сол қызметке алынуын өтінген-ді. Бұл адам көрмеген тұнжыраңқы, сөзге сараң, жолдастарымен ашылып сөйлеспей шеттеңкіреп жүретін, бірақ өз ісін жақсы білетін-ді. Сірә, капитан Гуль Негороны танып жалдаса керек, өйткені «Пилигримде» қызмет еткен уақытының ішінде оны ешкім кіналап көрген емес.

Әйтсе де капитан Гуль өзінің жаңа аспазының өткен өмірі жайлы мәлімет ала алмай кеткеніне өкінішті еді. Португалдықтың сырт пішіні, әсіресе оның ойнақы көзқарасы капитанға ұнаңқырамайтын. Құртымдай ғана кит аулайтын кемедегі шағын топтың әрбір адамы бес саусақтай мәлім болуы шарт, ынтымақты топқа жат біреуді қосудан бұрын, ол адамның өткен өмірін түгел білу керек.

Негороның жасы қырықты қусырып қалған. Өңі қара торы, шашы мойылдай қара, ашаңдау келген жылпос адам, аласа бойлы болса да қайратты жігіттің түрін байқатады. Өзі нендей де болса бірер мамандық білім алған болар? Оның оқта-текте аузынан шыққан сөзіне қарағанда, оқыған адам сияқты. Негоро өзінің бұрынғы өмірі мен үй іші туралы ләм деп жақ ашпайды. Оның бұған дейін қайда тұрып, қайда жүргені, не істегендігі ешкімге мәлім емес. Оның келешек өмірінен күтетіні не, ешкім бұдан да хабардар емес. Кемедегі жұрттың бар білетіні, Вальпараисо жағалауына жетісімен Негороның қызметтен босану ниетінде екендігі ғана.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий