Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    0 (0 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Оны масыл деуге болмайды, өзінің икемсіздігінен қымсынған болып, басқаларды да қымсындырудың ебін таба қоятын. Ол күй таңдамайтын, ыстық, суыққа бірдей, біреудің көңілін жықпайтын, ынтымақшыл болатын; егер үй іші ескеріп ас бермесе, өздігінен ас сұрамай күнұзаққа аш жүре беретін көнбіс адам еді.

Бенедикт ағай айуанаттан гөрі өсімдік дүниесіне жуығырақ сияқты. Қасындағы жолдасына не пана, не ас болуға қабілеті жоқ жапырағынан айрылған жеміссіз ағаш тәрізді.

Бірақ ол мейірбан, адал адам, нашар да болса оны жұрт сүйетін, мүмкін, оның нашарлығын ескеріп сүйетін болар. Оны миссис Уэлдон өзінің баласындай, кішкентай Джектің бауырлас ағасындай көретұғын.

Дегенмен, Бенедикт ағай ас ішіп, аяқ босатар масыл емес екендігін айта кету керек. Керісінше, шаршау дегенді білмейтін, еңбек сүйгіш, іскер адам. Оның бар ықыласы жаратылыс тарихына ауып, соған әуестенген.

«Жаратылыс тарихына» дегеніміз, айтып бітіре алмайтын көп әңгіме. Бұл жалпы ұғымға: зоология, ботаника, минерология және геология сияқты бірнеше ғылымдар енетіні мәлім, әйтсе де Бенедикт ағай ботаник те, минеролог та, геолог та емес.

Ендеше, кез келген хайуанды мүшелеп сойып, қайтадан бұрынғы қалпына келтіре алатын Жаңа дүниенің Кювьесі4 дерлік зоолог болғаны ма? Жануарлар дүниесінің Кювье бөлген төрт түрін — омыртқалылар мен былқылдақ денелілерді, буын денелілер мен жарқырауық денелілерді зерттеуге бар өмірін арнаған ба? Бұл ынталы да аңқау ғалым осы төрт түрдің әр түрлі топтарын, кіші топтарын, тұқымдарын, тұқымдастарын талдап біле ме?

Жоқ!

Бенедикт ағай омыртқалылар тобына жататын сүтқоректілерді, құстарды, бауырымен жорғалаушыларды немесе балықтарды зерттеумен шұғылданды ма?

Жоқ, шұғылданған емес!

Мүмкін, ол былқылдақ денелілерді зерттеген болар? Әлде аяғы басына біткен басаяқтылар мен мшанкалардың жасырын сырларын ашқан шығар?

Оны да істеген жоқ!

Ендеше, ол осы медузалар (теңіз жәндіктері), тікенек терілілер, жабысқақ жәндіктер тағы басқа түрлі жарқырауық топтарды зерттеп ұзақ түн шам жағып отырған болды ғой?

Ақиқатын айту керек, Бенедикт ағайдың ықыласы жарқырауық жәндіктерге де ауған емес.

Олай болса, бүкіл зоологиядан қалғаны тек буындылар тобы ғана, әсіресе Бенедикт ағайдың бар ықыласы осы топқа түгел ауғандығы өзінен өзі түсінікті. Әйтсе де мұны әлі де болса анықтау керек.

Буынды жәндіктер алты топқа бөлінеді. Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, көпаяқтылар, өрмекші, шаян тәрізділер, мұртаяқтылар, шиыршық құрттар.

Расын айтқанда, Бенедикт ағай жер құртынан сүлікті, үй өрмекшісінен сары шаянды, теңіз жұлдызынан креветканы (шаянның бір түрі), кивсяктан сколопендерді ажырата алмайтын-ды.

Ендеше, Бенедикт ағайдың кім болғаны?

Ол ешкім де емес, қарапайым энтомолог!

Энтомология ғылымы, буынсыздардың барлық түрін тексеріп, зерттеумен шұғылданатын жаратылыс тарихының бір саласы екендігіне таласушылар да табылар. Жалпы алғанда, бұл дұрыс та. Бірақ әдетте «энтомология» деген ұғымның бұл тараудағы мазмұны өте шағын болады. Бұл термин тек жәндіктер туралы ғылым саласын белгілеуге ғана қолданылады, басқаша айтқанда, «омыртқасыз буынаяқтылар; бұлардың денесі үш бөлімнен — бас, кеуде, қарыннан құралады. Жәндіктердің екі мұрты, төсінде алты аяғы, көбісінің екі-екіден қанаты болады».

Сөйтіп, Бенедикт ағай күллі өмірін шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа сияқты жәндіктер дүниесін зерттеуге арнаған энтомолог болған.

Бұл жөнде Бенедикт ағайдың бітіретін түк жұмысы жоқ екен деуге болмайды, оның істейтіні кеп. Жәндіктердің бұл бөлімі он топқа бөлінеді:

1-топ түзу қанаттылар (тарақандар, шегірткелер, қара шегірткелер тағысын тағылар).

2-топ тор қанаттылар (арыстан құмырсқа, инелік).

3-топ жарғақ қанаттылар (бал арасы, сағызақ, қанатты құмырсқа).

4-топ қабыршақ қанаттылар (көбелек).

5-топ қатқыл қанаттылар (қандала, шегірткенің тағы бір түрі, шіркей).

6-топ қатты қанаттылар (саратан қоңызы, алтын қоңыз).

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий