Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    0 (0 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қираған кемеге шкуна-бриг бір миль жақындады. Жанбастап қалған кемеге матростар сұқтана қарады. Оның трюмінде бағалы заттар болуы мүмкін. Өйткені суға батқан кеменің жүгін аман алып қалғаны үшін сол заттың үштен бір мөлшеріндей бағасы сыйлық ретінде құтқарушыға берілетіндігін матростар жақсы білетін-ді. Егер кеме трюміндегі заттар су тиіп бүлінбеген болса, «Пилигрим» экипажы осы жылғы кит аулау маусымындағы сәтсіздігінің бәрін бір күнде-ақ шығарып алады.

«Пилигрим» ширек сағаттан соң қалқып жүрген затқа жарым миль жақындады. Манадан бергі талас енді күмәнсіз шешілді: бұл зат аударылып бір жақ жанбасымен жатқан бір кеменің қаңқасы болып шықты. Палубаның бір қабырғасы жоғары көтеріліп тік тұрып қалған. Мачталарын су жұлып әкеткен. Такелаждың17 үзінділері ғана салбырап тұр. Кеменің бүйірінде үңірейген үлкен тесік бар. Тіреулері мен сыртын қаптаған тақтайлары ішке қарай жеміріліп кетіпті.

— Бұл басқа бір кемемен соқтығысқан екен! — деп айқайлады Дик Сэнд.

— Ие, онысында күмән жоқ,— деп капитан Гуль оның сөзін мақұлдады.— Бірақ мұның табанда батып кетпегеніне таңым бар, ғажап!

— Бұған келіп соқтыққан кеме, мұның командасын түгелдей алып кеткен деп сенейік,— деді миссис Уэлдон.

— Ие, миссис Уэлдон, солай деп сенейік,— деді капитан Гуль.— Бірақ соқтығысқанның соңында бұл кеменің экипажы өз қайықтарымен жан сақтаулары да ғажап емес. Мұндағы бір қынжыларлық нәрсе, апатқа себепші болған кеменің командасы, қираған кеменің экипажымен ісі болмай, жайбарақат өз жөніне кете беретін жағдайлар болады, бұл сияқты мейірімсіздік теңіз тәжірибесінде кездесе береді.

— Мүмкін емес! Бұл іс адамгершіліктен тыс, шектен шыққан қаталдық!

— Амал нешік, шынында да солай. Кемеде бірде-бір қайық қалмауына қарағанда, команда бұл кемені тастап кеткен деп шамалауға болады. Апатқа ұшыраған бейшараларды ұшырасқан кеме мінгізіп алар деп сенейік. Бұл арадан құрғақ жерге қайықпен жету мүмкін емес: Мұхит аралдары немесе Америка континенті тым шалғай.

— Бұл апаттың құпия сыры бір уақытта ашылар ма екен? — деп сұрады миссис Уэлдон — Кемеде командадан біреу-міреу қалуы мүмкін, сіз қалай дейсіз?

— Бұған сенімім шамалы,— деп жауап қатты капитан Гуль.— Егер кемеде тірі адам болса, бізді әлдеқашан-ақ көріп, бірер белгі берер еді. Әйтсе де, ішке кіріп тексерерміз... Болтон солға таман, солға таман! — деп айқайлады ол, рульшіге кеменің бағытын қолымен нұсқап.

Қираған кеме мен «Пилигрим» арасы үш кабельтовтай-ақ. Енді команданың кемені тастап өз беттерімен кеткендігі күмәнсіз анық болды.

Дик Сэнд кенет үндемеңдер деп ым қақты.

— Тыңдаңдаршы! — деп айқайлады ол.

Бәрі де құлақтарын түріп тыңдай қалды.

— Ие, ит үргені естіле ме, қалай...

Шынында да ғарық болған кемеден иттің үрген даусы естілді. Онда тірі ит барлығы күмәнсіз. Ит люк жабық болып шыға алмай қалса керек. Дегенмен көрініп тұрған ит жоқ еді.

— Ит те болса,— тірі жан ғой, құтқаруымыз керек, капитан! — деді миссис Уэлдон.

— Ие, ие,— деп шырылдады кішкентай Джек,— итті құтқару керек! Өзім-ақ асыраймын. Ол ит бізді жақсы көреді... Мама, мен оған бір шақпақ қант әкеліп берейін!

— Орныңда бол, балақайым,— деді миссис Уэлдон. — Ол бейшара аштан өлгелі жатқан болар, сенің бір шақпақ қантыңнан да, оған бір тостаған быламық тиімді болар еді-ау.

— Ендеше, оған менің сыбаға сорпамды бере ғой,— деді бала,— мен сорпасыз-ақ лаждармын!

Сөйтіп тұрғанда иттің үрген даусы бірден-бірге анығырақ естіле түсті. Бұл кезде екі кеменің арасы үш жүз ярдтан жақынырақ еді. Қапелімде кеме бортынан бір ірі төбеттің басы көрінді. Ит өршелене абалай берді.

— Говик! — деді капитан, боцманға.— Кемені дрейфке18 тоқтат та, суға қайық түсіріңдер.

— Шыдай тұр күшігім, шыдай тұр! — деген Джектің айқайына, ит көмескі қыңсылап жауап қайырғандай болды да, артынан шаңқ ете түсті.

Матростар тез-тез желкен түсірді, «Пилигрим» қираған кемеге жарым кабельтов жақындап тоқтады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий