Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    0 (0 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тегі, Негоро теңізші емес. Себебі өмірінің көбісін теңізде өткізген аспаздармен салыстырғанда, Негороның теңіз ісін анағұрлым аз білетіндігін жолдастары байқап қалған-ды. Бірақ ол теңіз сырқатына шалдығып ауырған жоқ, бұл жағдай кеме аспазы үшін аса зор ерекшелік болатын.

Негоро палубаға сирек шығатын. Ұзақ күнді, ішінің көп жерін плита алып тұрған кішкене ғана камбузда9 өткізеді. Қараңғы түсісімен плитаның отын өшіріп, кеме тұмсығындағы өзінің тығырықтай ғана үйшігіне баратын да, басы жастыққа тиісімен ұйықтап қалатын.

«Пилиримнің» экипажы көптен бірге істеп келе жатқан бес қарт матрос пен теңіз ісін жаңа үйреніп жүрген бір жасөспірім – небары алты-ақ адамнан құралған.

Бұл жас матрос ата-анасы белгісіз жетім бала еді. Ол сәби күнінде бөтен біреудің есігі алдынан табылып, тәрбие үйінде өскен.

Бала Дик Сэнд атанып кетті, сірә ол Нью-Йорк штатында туса керек, тіптен Нью-Йорктың өзінде тууы да ықтимал.

Тастанды нәрестеге Ричард деген аттан қысқартып Дик деп есім қойылды; бұл ат сәбиді тауып алып, оған аяушылық етіп тәрбие үйіне апарып тапсырған мейірбан жүргіншінің құрметіне қойылған болатын. Балаға Сэнд10 деген фамилия берілді, Диктің табылған жері Гурдон өзенінің жағасы, Нью-Йорк портына кіре берістегі Сэнд-Гуктың құмдауыт шығанағы болатын, Сэнд деген фамилия нәрестенің табылған жерінен алынған еді.

Дик Сэнд онша бойшаң болмаса да шымыр денелі, көкшіл көзінен от шашырап тұрған, қоңыр шашты бала еді. Теңізшілердің ауыр тұрмысы оны келешектегі тұрмыс талқысына дайындап та қойған. Оның пайымды кескінінен жігер көрініп тұр. Бұл тек батыл адамға ғана тән кескін емес, сонымен қатар қажымас талапты да аңғартады.

Ол он бес жасынан-ақ белгілі бір мақсат көздеп, сол пікірін ақырына дейін аяқтай білді. Өз қатарының көбісінен Диктің бір ерекшелігі – сөзге сараң, тұспалдап сөйлеуді білмейтін-ді. Балалық дәуренінде келешекті ойлайтын бала сирек кездеседі ғой, ал Дик Сэнд сол жастың өзінде-ақ алдағы өмірден өз үлесін аңғара біліп, «ат болар құлын талпынып туар» дегендей, «адам боламын» деп өзіне-өзі серт берді.

Диу өз дегеніне жетті де. Өз қатарлылары балалықтан ажырай алмай жүрген кезде, ол кәдімгі салауатты адам қатарына қосылды. Оң қолы мен сол қолы, оң аяғы мен сол аяғы бірдей жұмыс істейтін талантты адамдардың бірі, қолынан келмейтіні жоқ іскер бала еді Дик Сэнд. Ол шапшаң да, икемді, қайратты да, тапқыр болғандықтан, қолға алған жұмысын жапырып жіберетін, кіммен болса да тең түсетін-ді.

Диктің тәрбие үйінде өсіп ержеткенін айтып өттік. Ол төрт жасында-ақ оқи білді. Сегізге келгенде оңтүстік елдерге қатынап жүрген бір кемеге юнга11 болып орналасты. Оның бар ықыласы бала шағынан-ақ теңізге ауған еді.

Дик Сэнд кемеде жүріп теңізшілік өнерін үйренді. Талантты баланы кеме офицерлері ұнатып, оның теңіз өнерін үйренуіне шын ықыластарымен басшылық етті.

Еңбек өмір заңы екенін кімде-кім бала шағынан аңғарса, кімде-кім нанның тек қана маңдай терімен табылатынын жастайынан ұқса, соның қолынан ерлік те келеді. Өйткені ерлік істеу керек болса, ерлікті орындайтын күш пен жігер мұндай адамдардан керекті күнінде, керекті сағатында табыла береді.

Дик істеп жүрген кемені басқаратын капитан Гуль қабілетті балаға ерекше назар аударды. Батыл бала жігерлі теңізшіге аса ұнады. Ол Сан-Францискоға қайтқан соң, баланың жайын кеме қожасына баяндады. Джемс Уэлдон баланың тағдырымен танысқан соң, юнганы оқуға беріп, оның мектеп бітіріп шығуына жәрдем етті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий