Knigionline.co » Казахские книги » Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн

  • Название:
    Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    173
  • Рейтинг:
    0 (0 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В Сан-Франциско отправилась шхуна «Пилигрим», но в пути произошла трагедия после встречи с китом. У руля оказывается Дик Сэнд – пятнадцатилетний моряк. Теперь от него зависят жизни людей, оставшихся во власти урагана. Опаснее природных катаклизмов может быть предатель…Он затаился на корабле, выжидая время, чтобы побольнее нанести удар…

Пятнадцатилетний капитан / Он бес жасар капитан - Жюль Верн читать онлайн бесплатно полную версию книги

Күн ашық та шуақ еді. Ертеңгі сағат тоғыздың кезінде Дик Сэнд пен Джек бизан-мачтаның рейіне13 шықты. Олар биікте тұрып кеменің палубасына қарады, сосын толқып жатқан теңіздің көкжиекпен ұштасқан жеріне дейін көз жіберді. Бұлардың артында көкжиектің шамалы жерін көлегейлеп көлбеу гротты грот-мачта зіңкиіп тұр. Алдыңғы жақта, қанат жайған құс сияқтанып, стаксель мен кливерлі сүйір бушприт тұр. Аяқтарының астында жел кернеп күмпиген фок, тастөбеде фок-марсель. Кеме мүмкіндігі болғанынша желге қарсы жүріп келеді.

«Пилигрим» штирбортқа14 таман көлбей түссе де, кеменің аударылып кетпеу себебі, үстіндегі жүктің тең тиелгендігінен екендігін Дик Сэнд кішкентай Джекке түсіндіріп тұр еді, бала кенет айқайлап, оның сөзін бөлді:

— Анау не?!

— Джек, сен бірдеңе көріп тұрсың ба?—деп сұрады рей үстінде тікесінен тұрған Дик Сэнд.

— Ие, ие! Әне, ана жақта! — деді Джек, кливер мен стаксель арасындағы ашыққа қарай сұқ қолын шошайтып.

Дик Сэнд Джектің сілтеген жағына бұрылып қарады да, бар даусымен айқайлап жіберді:

Алдымызда, жел жақта, сол жақ бортқа таман бір кеме көрінеді!

Үшінші тарау

АПАТҚА ҰШЫРАҒАН КЕМЕ

Диктің айқайы бүкіл экипажды дүрліктірді. Вахтадан бос матростар палубаға жүгіре шықты. Капитан Гуль де каютасынан шықты. Миссис Уэлдон да, кәрі Нан да, тіптен Бенедикт ағай да штирборттың қоршауына сүйеніп тұрып, бар ынталарын сала теңіз бетіндегі көрінген затқа көздерін тікті.

Тек өзінің тар камбузынан Негоро ғана шыққан жоқ. Ойда жоқта ұшыраса қалған бұл уақиға, бүкіл команда ішінде тек Негороны ғана еліктірмеді.

Баланың көрген заты «Пилигримнен» үш миль шамасы қашықта, толқын бетінде теңселіп тұр еді.

— Бұл не болды екен?—деп сұрады матростардың біреуі.

— Менің байқауымша, сал болса керек!—деді екінші матрос.

— Онда адам да бар шығар?.. Бейшаралар не халде екен?..— деді миссис Уэлдон.

— Жақынырақ барсақ, бәрін де білеміз,— деді капитан Гуль.— Бірақ, бұл көрінген зат, салдан гөрі, бір жанбастап жатқан кеменің жонына ұқсаңқырайды...

— Жоқ, бұл кәдімгі теңіздің сүт қоректі алып хайуаны! — деді Бенедикт ағай.

— Ал, Дик, сен қалай дейсің? — деп сұрады миссис Уэлдон жасөспірімнен.

— Мен капитан Гульдің, бір жамбастап жатқан кеме деген пікіріне қосыламын. Тіптен күнге шағылып жарқырап көрінген ана заттың мыспен қаптаулы киль15 екенін де ажыратып тұрмын.

— Ие... Ие... енді мен де көріп тұрмын,— деп капитан Гуль Диктің сөзін қостады.

Капитан рульшіге бұрылып команда берді:

— Болтон, кемені ыққа қарай бұр, ана көрінген қарайғанға таман турала!

— Құп болады, капитан! — деді рульші.

— Мен өз пікірімде қаламын,— деді Бенедикт ағай,— ол көрінген заттың теңіз хайуаны екенінде дау жоқ.

— Ендеше, бұл мыс кит болғаны ғой,— деді капитан Гуль.— Өзінің күнге шағылып жарқырауын қараңызшы!

— Бенедикт ағай, егер бұл көрінген кит бола қалса, тірі емес, өлген кит,— деді миссис Уэлдон.— Оның қимылсыз жатқаны ап-анық көрініп тұр.

— Уэлдон қарындас, оның несі таң? — деді қарыспа ғалым,— ұйықтап жатқан киттің үстінен түскен кеме аз емес қой!

— Әбден дұрыс, - деді капитан Гуль.— Әйтсе де бұл көрінген зат ұйықтап жатқан кит емес, кеме.

— Көрерміз,— деп жауап қатты қарыспа ғалым.

Дегенмен Бенедикт ағайдың китпен жұмысы жоқ-ты; кезі келсе, Арктика мен Атлант теңізінің күллі сүтқоректі жануарын, сирек кездесетін шыбын-шіркейлердің біреуіне-ақ айырбастап жіберер еді.

— Болтон, оңға таман, оңға таман! — деп айғайлады капитан Гуль рульшіге.— Кемеге бір кабельтовтан16 жуық бармау керек. Біз киліксек, өзі қираған кеменің түгі де қалмайды, оған соқтығып «Пилигримнің» қабырғасын қиратуға құмар емен. Оңға таман!

«Пилигрим» аздап оңға бұрылды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий