Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— О не дегеніңіз, сеньор Дон Кихот, айтпағым мүлдем басқа нәрсе еді, — деп шаштараз қарсылық білдірді. — Құдай біледі, ешқандай арам ойым жоқ болатын, сондықтан бекерге ренжіп отырсыз.

— Бекер ме, емес пе — ол енді менің шаруам, — деп салды Дон Кихот.

Бірақ осы арада священник сөзге килікті:

— Әліге дейін жұмған аузымды ашқам жоқ, бірақ жанымды жай таптырмай, берекемді алып біткен бір күмәннің басын ашып алсам ба деп ем, бұл өзі сеньор Дон Кихот бізге жаңа ғана баяндап берген жәйттен туындап кетті.

— Ау, неменеге күмілжіп отырсыз? — деді Дон Кихот. — Айта беріңіз, сеньор священник, күмәніңіз болса жасырып қалмаңыз, — көңілде кір қалғаны жақсы емес.

— Ендеше, рұқсат етсеңіз, — деп сөйлеп кетті священник, — күмәнім мынада болып тұр: өзіңіз, сеньор Дон Кихот, есімін атап шыққан сансыз көп кезбе рыцарьдың бәрі түгел тірі жан санатында жарық дүниеде расында және шын мәнінде ғұмыр кешті деген нәрсе көңіліме тіптен қонбайды-ақ, — ол аз болса, керісінше, мұның бәрін ойдан шығарылған өтірік, әншейін бір аңыз-ертегі, көрген түстері жайында жұрттың ұйқыдан оянған бойда немесе, дәлірек айтқанда, шала ұйқы боп отырып айтатын әңгімесі деп білем.

— Ондай рыцарьлардың ғұмыр кешкеніне сенбейтіндер тап болатын алжасудың бір парасы міне осындай, — деді Дон Кихот келіспей. — Әр қилы адамдармен әр қилы жағдайда өткізген сұқбатымда осынау жаппай дерлік етек алған қателікті түсіндіруге сан мәрте талпыныс жасағанмын; расын айтқанда, кейде бұл ойым орындала қоймады, ал кейде, шырқыраған шындықты көзге тізген кезімде, мақсатыма жетіп те жүрдім. Солай бола тұрғанымен, бұл — даусыз ақиқат; ол ол ма, Амадис Галльскийді өз көзіммен көрдім деп те мәлім етуге дайынмын және оның түр-тұлғасы қандай екенін де айтып бере алам: ол — ұзын бойлы, аққұба, әдемі қара сақалы бар, көз тастасы жартылай жайдары, жартылай ызбарлы, сөзге сараң, аяқ асты ашу шақыра қоймайды әрі қайтымы да тез. Амадисті қазір қалай сипаттап берсем, романдарда сомдалған, жарық дүниені жалпағынан басқан кезбе рыцарь атаулының бәрін түгел тап солай бейнелеп және суреттеп бере алар едім деп ойлаймын, өйткені романдарда рыцарьлар жайында қалай жазылса, олардың өмірде де тап сондай болғанын ескерсек, мінез-құлқы мен ерлік істерін жақсы білетін болсақ, ойша жасалатын оңды пайымдаулар арқылы олардың кескін-келбетін, бет ажары мен бойының биіктігін бажайлаудың еш қиындығы жоқ.

— Сеньор Дон Кихот! Сіздің ойыңызша Моргант деген дәудің бойы қаншалықты биік болған? — деп сұрады шаштараз.

— Дәулер жайында түрлі пікір бар, — деп жауап қатты Дон Кихот, — біреулер оларды өмірде болған дейді, біреулер болмаған дейді, алайда әр сөзі ақиқат шындық боп табылатын Қасиетті жазбада олардың өмірде болғандығы жөнінде ескертпе бар, өйткені Қасиетті жазба бізге әлгі бір еңгезердей филистимлян Голиафтың хикаясын айтып береді ғой, ол бойы жеті шынтақ4, яғни ересен алып адам болған. Одан соң Сицилияда адамның жілігі мен бұғанасы табылды, сүйектердің ірілігі сондай, иесінің бойы мұнарадай болғанын аңғартады — мұны геометрия бұлтартпай дәлелдеп беріп отыр. Сөйте тұрғанымен, Морганттың бойы қаншалықты биік болғаны жайында кесіп-пішіп ештеңе айта алмаймын, дегенмен ол өте бойшаң бола қоймаған шығар деп жобалаймын; мұндай қорытындыға оның ерлік істеріне арналған бір кітапты оқығаннан кейін ғана келдім; онда оның көп ретте қоналқада түнейтіні атап көрсетіледі, егер ол еркін орналасатындай үй табылған болса, онда оны анау айтқандай алып деу қиын ғой.

— Әңгіме қайда! — деп қалды священник.

Бұл секілді жосықсыз сандырақ оның айызын қандырып, көңілін көтеретін. Құмардан тағы бір шығуды көздеген ол Дон Кихоттан Ринальд Монтальванскийдің, Роландтың және Францияның басқа да пэрлерінің кескін-келбеті жайындағы долбарын айтып беруін сұрады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий