Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

АЙЛАКЕР ИДАЛЬГО ЛАМАНЧАЛЫҚ ДОН КИХОТ

ОРЫС ТІЛІНЕН АУДАРҒАН

ҚҰРМАНҒАЗЫ ҚАРАМАНҰЛЫ

БІРІНШІ БӨЛІМ

БАСПАДАН

Испания мәдениеті үшін мың алты жүз бесінші жылдың орны бөлек. Саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да бұл жаңа жылдың бұрынғы өткен жылдардан бәлендей айырмашылығы жоқ еді және испан халқын жарылқап тастайтындай жақсылық әкеле қояр сыңайы да байқалмаған. Рас, Ү-ші Карл құрған, жаңа ғасырда немересі ІІІ-ші Филипптің қол астына өткен Испан империясы әлемдік держава деген атағын сол бұрынғысынша сақтап тұрған. Европадағы, Америка мен Азиядағы, сондай-ақ Африкадағы онсыз да ен байтақ иеліктерінен айрылып қалмауды, мүмкін болғанынша одан әрі кеңейте түсуді көздеген Испания теңізде де, құрлықта да бірде жеңіп, бірде жеңіліп дегендей дамылсыз соғыс жүргізіп жатқан.

Алайда 1605 жылғы қаңтар айының бас кезінде орын алған, былай қарағанда болмашы да қарапайым бір оқиғаны маңыздылығы жағынан әлгі аталған жайлардың бір де бірімен салыстыруға болмайтын. Қаңтардың сол бір күні Мадридтегі кітап дүкендеріне әдеби дабырасынан гөрі Алжирде тұтқында болып, азап шегуімен даңқы көбірек шыққан, жасы егде тартып қалған, оның үстіне өзі мүгедек бір жазушының романы сатуға түскен-ді. Жазушының есімі — Мигель де Сервантес Сааведра, шығармасының аты — “Айлакер идальго Ламанчалық Дон Кихот” болатын. В.Г. Белинскийдің бейнелі тілімен айтқанда, “адамзат өнеріндегі жаңа дәуір” де, міне, дәл осы кітаптан басталған еді. Кітаптың жарық көргеніне төрт ғасыр толды. Сервантес қатысқан және куә болған сол заманның қанды шайқастары баяғыда ұмытылды, корольдер, қолбасшылар мен саясаткерлер келмеске кетті, бірақ қаламгердің аталмыш шығармасы оқырманды әділдік пен адалдыққа тәрбиелеп, толыққанды тіршілігін әлі жалғастырып келеді.

2005 жылғы қаңтарда Испания халқымен бірге күллі әлем жұртшылығы “Дон Кихот” романының баспа жүзін көргеніне 400 жыл толуын атап өтті. Император болудан үміткер кезбе рыцарь Дон Кихот пен оның бір аралдың бастығы болуды аңсайтын аңғал атқосшысы Санчо Пансаның бастан кешкен шытырман оқиғаларын суреттейтін Сервантестің бұл туындысы адамзат баласымен мәңгі бірге жасай беретін шығарма екенін әлем зиялылары бірауыздан мойындап отыр. Соның алдында бірер жыл бұрын ғана Норвегиядағы Нобель институтының ұйымдастыруымен 54 елдегі 100 айтулы қаламгерден құралған (ішінде Нобель сыйлығының бірнеше лауреаты бар) қазылар алқасы “Дон Кихот” романын әлем әдебиетінің ең үздік туындысы деп таныған болатын. Одан кейінгі орынды Марсель Прустың “Жоғалған уақытты іздеу әурешілігі” романы алды. Бұл екеуінен кейінгі орындар Гомердің, Толстойдың, Достоевскийдің, Кафканың, Фолкнердің, т.б. шығармаларына тиді.

Осынау мәңгі өлмес туындының иесі кім еді? Оның шығармашылық шеберлігі қалай қалыптасып еді? Романға арқау болған оқиғалар астарында қандай мән жатыр?..

Сервантес өмір сүрген заман аласапыран оқиғалар заманы болды. Ұлы суреткер алпыс сегіз жыл ғұмыр кешті. Ол Ү-ші Карл патшалығының соңғы жылдарын көре қалды, ІІ-ші Филипп пен оның баласы ІІІ-ші Филипп патшалық құрған алғашқы он сегіз жылдағы оқиғалардың куәгері болды және өзі де біраз жайды бастан кешті. Өз тарихындағы бұл кезеңде Испания әлемдік үстемдіктен бірте-бірте қол үзе бастаған. Әлемнің бестен бір бөлігін құрайтын жері, алпыс миллиондай халқы бар империяны әкесінен мұраға алған ІІІ-ші Филипп оны әлі де өз ықтиярынша билеп-төстеп отырған. Бірақ осынау орасан үлкен монархияның іргесі шым-шымдап сөгіліп, қатты бір дауылдан қалмайтындай халде тұрған. Көлемі одан әлдеқайда шағын мемлекеттер, — Англия, Франция, Голландия, — Испанияның шабуылдарына тойтарыс беріп қана қоймай, өздері де оған қарсы соғыс ашып жатқан. Екінші жағынан, ХҮІ-шы ғасыр — ұзақ уақыттар бойы “реконкистамен” (туған жерін басқыншы маврлардан тазартумен) айналысқан халықтың қолы босауымен ерекшеленетін. Соның нәтижесінде елдің арқасы кеңіп, аз уақытқа болса да қағанағы қарқ, сағанағы сарқ күй кешкен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий