Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шыққан тегі жағынан Сервантес ежелгі дворян әулетіне жататын, бірақ қаламгер өмірге келген шақта бұл әулет әбден арып біткен еді. Жазушының атасы Хуан Андалусияда әжептәуір жоғары қызмет атқарып, тіпті бір тұста Кордова қаласында аға алькальд (әкімшіліктегі шенеунік) болып, әжептәуір дәулет жиған-ды, бірақ құлағының тосаңы бар әкесі Родриго ешқандай да сот немесе әкімшілік қызмет атқармаған, өз еркінше емшілік жасаудан әрі аспаған, яғни идальголар ортасында да онша үлкен беделге ие бола алмаған жан еді. Қаламгердің анасы да жоқ-жұқа дворяндар санатынан болатын.

Жазушыны өмір бойы өкшелеумен болған мұқтаждық оның шаңырағынан әу бастан-ақ орын теуіп, бесігін тербеткен-ді. Родриго де Сервантес табыс іздеп бір қаладан екінші қалаға қоныс аударуға мәжбүр болды. Мұның кішкентай Мигель үшін пайдасы да тимей қалмады. Ол өз халқының қалай тірлік кешіп жатқанын жас кезінен-ақ жақсы танып білді.

Кезбе емші Родриго де Сервантес жұмыс іздеп отбасымен бірге елдің бірқатар қаласы мен селосын адақтай отырып, ақыры 1551 жылы корольдіктің сол тұстағы ресми астанасы Вальядолидке келіп тұрақтады. Бірақ мұнда да ұзақ отыра алмады. Арада бір жыл өткенде жергілікті өсімқорға берешек қарызын өтей алмағаны үшін тұтқынға алынды. Нәтижесінде отбасының онсыз да жарытымсыз дүние-мүлкі қарыз өтемі үшін сатуға шығарылды. Әкесінің қаңғыбастық өмірі қайта басталып, оны әуелі Кордоваға алып келді, сосын Вальядолидке кері қайтарды, ол жерден Мадридке аттандырып, ақыры Севильяға оралтты. Мигельдің мектептен дәріс алу кезеңі сол Вальядолидте тұрған тұстарына дөп келеді. Он жасқа толған шағында ол иезуиттер коллегиясына түсіп, онда төрт жылдай (1557 - 1561) оқиды. Мигель оқуын Мадридте тәмамдайды, онда оған сол тұстағы ең үздік ұстаздардың бірі, гуманист Хуан Лопес де Ойос сабақ береді.

ХҮІ ғ. алпысыншы жылдарының соңына таман Сервантестердің отбасы тұлдырсыз тақыр кедейшілікке қарай біржола бағыт алады. Осыған байланысты Мигель мен інісі Родригоға өз нанын өздері тауып жеудің жайын ойластыруға тура келеді. Ортақол дворяндар алдында бұл орайда үш түрлі мүмкіндік бар-тын: біріншісі — шіркеуден, екіншісі — сарай маңынан, үшіншісі — армиядан бақыт іздеу еді. Өзін “ең сүйікті де қымбатты шәкіртім” деп жариялаған ұстазы Хуан Лопес де Ойостан кепілдеме алған Мигель екінші мүмкіндікті пайдаланбақ болады. Сөйтіп, Бесінші Пий папаның төтенше елшісі, монсеньер Джулио Аквавива-и-Арагонға қызметке тұрады. Ол испан тағының мұрагері дон Карлостың қайтыс болуына байланысты көңіл айту үшін және Испания мен Ватиканның арасындағы кейбір даулы мәселелерді шешу үшін 1568 жылы Мадридке келген болатын. Мадридтен елшімен бірге аттанған Сервантес 1559 жылдың басында Римге келеді. Аквавиваның қарамағында камерарий (кілтші) міндетін атқарады, яғни оның сенімді адамдарының бірі болады. 1570 жылдың көктемінде кардинал боп сайланған Аквавиваның қарамағында бір жылдай қызмет істегеннен кейін өзінің таза қанды испан екені жайындағы қағаздарын туралап алған Сервантес 1570 жылдың екінші жартысында осы Италияда орналасқан испан армиясына, Мигель де Монкаданың полкына кіреді. Сервантестің Аквавивадағы қызметінен кетуі, шамасы, патриоттық сезімге бой алдырып, түріктердің Жерорта теңізі аймағында қанат жайып келе жатқан агрессиясына тойтарыс беруге үлес қосу ниетінен туындаса керек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий