Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Испан армиясы құрамында Италияда өткен бес жыл Сервантес өміріндегі ең бір маңызды кезең болды. Бұл оған елдің аса ірі қалаларын аралап көруге, — ол Римнен басқа да қалаларды, Миланды, Болоньяны, Венецияны, Палермоны көрді, — итальяндардың тұрмыс-тіршілігіне тереңірек қанығуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, аса бай итальян мәдениетімен, әсіресе әдебиетімен, оның ішінде антикалық әдебиетпен және антикалық мифологиямен танысты. Гомер, Вергилий, Гораций, Овидий сынды ұлылар шығармаларын, итальяндық Қайта өрлеу кезеңінің Данте, Петрарка, Ариосто, Боккаччо сынды өкілдерінің туындыларын, итальяндық новеллалар мен бақташылық романдарды оқыды. Сервантестің Италияда ұзақ уақыт болуы тек итальян тілін үйреніп қана қоймай, мадридтік мектепте алған гуманитарлық білімін кеңейте түсуіне де жақсы жағдай жасады.

Мұның бәрі ұлы қаламгердің рухани мәдениетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.

1571 жылғы 7-ші қазанда Лепанто маңайында атақты теңіз шайқасы өтіп, Қасиетті лиганың (Испанияның, папа мен Венецияның) біріккен флоты сол замандағы айтулы қолбасшы Хуан Австрийскийдің басшылығымен түрік эскадрасын тас-талқан ғып жеңіп, Түркияның Жерорта теңізінің шығыс бөлегін басып алмақ әрекетінің жолын кесті. Сол күні Сервантес безгек тиіп ауырып жатқан, бірақ шайқасқа қатысуға өзі сұранып тілек білдірді. Оның өтініші орындалып, қарамағына он екі солдат беріліп, қайық баспалдағын күзетуге жіберілді. Шайқас барысында ол үш жерінен жарақат алды: екі оқ кеудесінен, бір оқ иығынан тиген болатын. Соңғы жарақаты аса ауыр болды: содан бастап сол жақ қолы икемге келмейтін боп қалды. Жазушы Мессинадағы госпитальға түсіп, одан тек 1572 жылғы көкек айының аяқ кезінде ғана шықты. Алайда, осындай мүгедектіктің өзі де оны әскери қызметті тастап кетуге мәжбүр ете алмады. Лопе де Фигероа полкына жіберілген Сервантес біраз уақыт Корфу аралында тұрды. 1572 жылғы 2-ші қазанда Наварин маңайындағы теңіз шайқасына қатысты, ал келесі жылы Солтүстік Африкаға, Голета және Тунис бекіністерін нығайтуға жіберілген Хуан Австрийский басқарған экспедициялық корпустың құрамына енді. 1573 жылы Сервантестің полкы Италияға қайтарылып, әуелі Сардинияда, одан соң 1574 жылы Неапольда гарнизондық қызмет атқарды. 1575 жылғы 20 қыркүйекте жазушы армияда қызмет ететін інісі Родригомен бірге “Күн” аталатын галерамен Неапольдан Испанияға аттанды. Алайда, жолшыбай олардың галерасына теңіз қарақшылары шабуыл жасап, бәрін түгел тұтқындап Алжирге алып кетті.

Отанына оралар алдында Сервантес король ІІ-ші Филипптің атына кепілдеме хаттар алған болатын. Оған кепілдік еткен адамдардың — дон Хуан Австрийский мен Неапольдың вице-королі, герцог де Сесаның есімдері естіген құлаққа әжептәуір айбарлы еді. Оған қоса бұл хаттарда Сервантес жайында көп жылы сөз айтылған. Отаныма оралғанда жағдайымды жақсартуға көмегі тиер деп жинаған бұл хаттары Алжирде, керісінше, өлшеусіз зиян келтірді. Оның алғашқы қожайыны грек-ренегат Дели Мами мен Алжирдің билеушісі Гассан Паша кепілдік хаттарды оқып, оны аса бай адам екен деп ойлап қалған-ды, сөйтіп оны босатып алу үшін төленетін құнның бағасын шектен тыс өсіріп, бес жүз алтын эскудо деп белгілеген. Оған қоса, тұтқынның тезірек мәмілеге келуі үшін мойнына темір шығыршық салып, аяқ-қолын бұғаулап, адам төзгісіз ауыр жағдайда ұстаған. Әйтсе де, аталмыш хаттардың пайдалы жағы да болды: Сервантесті өлімнен сақтап қалды. Алжирлік қожайындар оны ауыр жағдайда ұстағанымен, мол өтемақы алармыз деген үмітпен өмірін сақтауға тырысты.

Тұтқында болған бес жылдың ішінде Сервантес қашып шықпаққа үш рет әрекет жасайды, бірақ үшеуі де сәтсіздікке ұрынады және бәрін де өзі ұйымдастырғанын мойнына алады. Қит еткен кемшілігі үшін тұтқындарды дарға асып, қазыққа отырғызып аяусыз жазалайтындығымен аты шыққан қатыгез әкім Гассан пашаның өзі оның осынау жүрек жұтқан батылдығына дән риза болады. Сөйтіп, біржола титығына жеткен отбасы ақыры талап етілген соманы жинап, өтемақысын төлегеннен кейін Сервантес тұтқыннан босап, 1580 жылғы 24-ші қазанда Алжирді тастап шығады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий