Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құнанбай тыңдап болды да күрсініп қойды. Шарасыздық ажары білінді. Бірақ үн қатқан жоқ. Сөз осымен біткен еді. Абай қоштасты да, жүріп кетті. Дөң басында ауыр оймен жалғыз отырып қалды Құнанбай қиналған күйде. Тағы жеңілді. Баладан ғана жеңілген жоқ. Ендігі өмір мегдеп барады. «Әлсіредің, тозарлық шағыңа жеттің» деп тықсырып кеп, шетке қағып барады. Өз баласының аузынан естіген үн, сол бір - «дәуренің өтті» деген суық сарынның қатаң лебі еді.

Абайдың Ақшоқыға соға кететін жұмысы бар-ды. Ордадан шығып, солай қисая жүрді. Жол жоқ. Бірақ қар жұқа болатын. Ербол екеуі саржеліп отырып, Есембайды бауырлап кеп, Тақырбұлақ тұсындағы жолға түсті.

Бір шақта, қаладағы оқудан қайтып келе жатып, ауылды аңсап, асығып шапқан көк жазығы осы еді. Қазірде аппақ суық қар басқан. Алыстағы жоталар мен айналадағы өлкелер де панасыз, жүдеу. Айықпас ауыр мұңға батқан. Бұл күнде Абай көңіліне панасыз, кемтар көрінетін бар сахрасының, бар халқының күйі де осы реңдес. Бір кезде нанғыш, таза бала жүрегі, барлық рахат, бақыт осы қырда, ауылда деп алас ұрған болса, қазір Абай қайта жортып келеді. Енді, бірақ сондағыдай үміт, бақыт тілегін қаладан іздеп, соны аңсап келеді.

Бұл уақытта Абайдың жасы 24-ке шыққан-ды. Көз алдынан өзі шегіп өткен жылдардың бірталай күйлері шұбатылып өте берді. Байқап қараса, өмірдің бірталай қат-қабатынан, шытырманынан, бел-белесінен өтіпті. Бір шақта ерге басып, енді міне қияға қарай да өрлеп келе жатқан тәрізді. Осындай өз тірлігінің бұраң жолын көрді.

Қияға қадам басқаны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы тақыр құм мен тастақты жарып, әлсіз нәзік шешек атып, жас шынар пайда болған. Сондай бір өмір гүл шашқан. Енді бұл күнде сол шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий