Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қазір терезеден мизамды керіп әкесін еске алды, «Шынымен өлгені ме? Өзі айтқандай, мынау соның рухы ма? Дәл менің тұсымдағы бұтаққа ілініп қалды. Менің мектепте қалай отырғанымды көргісі келді ме екен? Жо-жоқ, ол емес. Ол тірі. Ол өле қоймас. Жо-жоқ!».

– Қырғызбаев!

Ешкім орнынан тұра қоймады.

– Қырғызбаев! – деп дауысын қатайта қайталады орыс мұғалім. Ешкім тұрмады. Балалар бірі үрпиіп, бірі таңданып жан-жағына қарасты.

– Қырғызбаев бар ма? – Бұл жолы орыс мұғалім тіпті айқайлап жіберді. Тұрар терезе алдындағы теректен көзі еріксіз тайып кетті, айқайлаған үн құлағына енді жеткендей, мұғалімнің кімді шақырып тұрғанын түсінбей, жан-жағына қарай берген. Сонда қара мұртты қазақ мұғалім Тұрарға қолын шошайтып:

– Әй, бала, Қырғызбаев сен емеспісің? – деді.

Сонда барып санасын көмескі бір сезік селт еткізді.

– Ә, иә, мен...

Мектеп меңгерушісі Иван Владимирович Андреев пен мұсылман пәнінің мұғалімі Әліпбек жазда балалардың тізімін ала барғанда Қырғызбайдың үйінде осындай бір түсініксіз жағдай болып еді. Сол қайталап тұр. Иван Владимирович көзілдірікке сенбегендей алтын жиек көзәйнекті қоңқақтау мұрынының үстіне нығарлай түсіп, Тұрарға таяп келіп, ұзақ қадалды.

– Да-с, – деді баланың сәбиге тән емес, ерекше байсалдылығын аңдап алып.

– Жасың нешеде?

– Он бірде, – деді Тұрар таза орысша.

Басқа балалар бұған енді бұрынғыдан бетер таңдана, ауыздары аңқайып қарап қалған.

– «Бірінші сынып үшін он бір жас ересектеу, – деді ішінен Иван Владимирович. – Бірақ он беске келгендер де отыр ғой осында. Ал мына балада бір құпия бар. Не екен? Бұл орысшаны қайда жүріп үйренген?».

Мұғалім үнсіз. Бала үнсіз. Сынып сілтідей тынып қалған. Осындайда тағдыр шешіледі. Түйіннің ұшы қазір мына орыс мұғалімнің қолында. «Осы сен шыныңды айтшы, шырағым. Рас Қырғызбаевпысың?» – десе бітіп жатыр. Ар жағын жасыра алмайсың. Меркенің приставына бір сыбырлап қойса болды. Қош бол, мектеп. Содан соң қой бағып, бұзау бағып, анадан қанша асыл тусаң да, білімсіз болсаң, топастау тор шолақтың санатында салпақтап ғұмыр кешесің. Білім жоқ жерде қиял – қысыр, арман – ада. Түрмеде ашылған аз ғана сауат бір мысқал болса да сары алтындай салмақты. Бірақ ендігі жерде мектептен шығып қалса, сол бір мысқалдың өзі қат-қат тозаңның астында қалмақшы.

– Балалар, – деді орыс мұғалім шәкірттерін түгелдеп болған соң, – сендер бұл Мерке – Мерке болғалы осында тұңғыш рет түземдерге арнап ашылған мектептің алғашқы қарлығашысыңдар. Қадамдарың құтты болсын!

Әліпбек оның сөзін қазақшалап шықты.

– Әулие-Ата оязының бұйрығы бойынша ашылған осы мектепке қазір небары жиырма бес бала келіп отырсыңдар. Бұрын мұндайды көрмеген қазақ, қырғыз, өзбек – көпшілігі балаларын оқуға беруден қорқады. Онысы бекер, әрине. Бұл олар ойлағандай «кәпірдің» шоқындыру оқуы емес. Сендер бұл мектептен Әліппені үйренесіңдер, хат танисыңдар. Одан соң тарих, ана тілі, орыс тілі, география, арифметика сияқты ғылымдарды меңгересіңдер. Сөйтіп, өз еліңе қызмет ететін, халыққа сәуле шашатын азамат болып шығасыңдар. Іске сәт!

Содан соң, Иван Владимирович балаларға өзін, мұсылманша оқу ұстазы Әліпбекті, арифметика пәнінің мұғалімі Александра Сергеевнаны таныстырды. Ол кісі Иван Владимировичтің жұбайы еді. Бірақ мектеп меңгерушісі ол жағын түсіндіріп жатпады.

– Өзің жаздың ба?

– Иә, – деді Тұрар орынан тұра беріп.

– Мұны қалай түсінуге болады? – «Аспара» – таудың аты. Ал «Қызыл Жебе», «Көке» дегендерің не?

– «Қызыл Жебе» деген ерен жүйрік жылқы еді, Иван Владимирович. Ауылдың балаларымен жалаңаяқ жаяу жарыста мен де жүйрік болдым. Содан мені балалар Қызыл Жебе деп атап кетті. Ал «Көке» дегенім сол Қызыл Жебеге мініп көкпар шапқан кісі.

– Жазуың өте сұлу, Қырғызбаев. Мұны кімнен үйреніп жүрсің?

– Наташа деген орыс қызы үйреткен.

– Иә, бауырым, саған бірінші сыныпта отыру, әрине, іш пыстыратын жұмыс. Амал не, бізде әзір екінші сынып жоқ. Бірақ сен дандайсып кетпе.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий