Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Жылама! Аузымды біреу ұрып қанатты дегенің не?! Әншейін, шие жеп едім де! Білдің бе?!

Мына Атамырза ақымақ: «Жәй, әншейін шие жеп едім», – деуге жарамады қазір.

Жалақор адамның жамандығы – бықсыған көмір секілді: күйдірмесе де, күйе жұқтырады. Қараптан қарап тұрған Тұрар демде «бұзық» атанды. Әкенің тұрмандай тағдыры балаға мирас болғаны қандай сор. Ойға салса, Рысқұл өткен қиямет көпірлер Тұрардың да алдынан шығып келе жатыр. Әділетсіздікке шыдай алмай ол да осылай қан шығарып алған. Бұл шайқастан Тұрар бір нәрсені сабақ тұтты: төбелестің екен – қан шығармай төбелес. Атамырзаның қоңқақ мұрнына қол тигізіп керегі жоқ еді, әрине. Атамырзаны бәлеге бастап тұрған қара жүректің қақ басынан ұру лазым еді. Асылы, мүлде қол жұмсамай, ақылмен жеңген де абзал. Ашу үстіндегі әрекет әрқашан әбес. Ол әрекет – дауыл кезінде кемеге мінгенмен барабар болса керек. Кемеге мінемін десең, дауылдың басылғанын күте тұр.

Мұның бәрі болашаққа сабақ. Ал қазір Александра Сергеевнаның қаһары жаман. Жұбайының сырын білетін Иван Владимирович:

– Сашенька, Қырғызбаев кінәлі болса, оны мектептен шығарып жіберу – оңайдың оңайы. Әуелі ақ-қарасын анықтайық. Ал, балақайлар, тараңдар. Сыныпқа кіріңдер. Қонырау соғылды ғой. Бұл не тұрыс! Атамырза, бар, жуынып кел. Дардай жігіт те жылай ма екен? О несі! Ал, Қызыл Жебе, сенімен әңгіме басқаша. Сабақтан кейін қал.

– Ну, Ваня, мен өз көзіммен көрдім ғой, – деп сазарып қалды Александра Сергеевна.

– Сашенька, сен педагогсың, соны ұмытпа.

* * *

Тұрардың түбі тегін емес екенін Иван Владимирович әу бастан-ақ, алғашқы сабақта-ақ сезген. Енді, мына оңаша әңгімеден соң күн ашылып, күдік сейіліп, балаға ықыласы бұрынғыдан бетер ауды. Баланың жүріс-тұрысының, өзгелерге ұқсамайтын мінез-құлқынын, ерен зейінділігінің сыры неде екенін жұмбақтап, көлегейлеп тұратын көзге көрінбес буалдыр перде көтерілгендей болды.

Тұрар жан баласына ағынан ақтарылып, сыр сандығын ашпас еді, бірақ мына ұстаздың өз досы екенін ант-су ішіп, «олла-білле» деспей-ақ, әсіре қызыл, жылтырақ сөзсіз-ақ, сұңғыла сезіммен, түкпірдегі түйсікпен зейіндеген. Иван Владимирович патшаның қатардағы қарғылы чиновниктерінің бірі болса, Тұрардың тұқымын алдақашан тұздай қылар еді. Баланың өмірбаянында бір бәленің бар екенін ол Қырғызбайдың үйіне болашақ шәкірттер тізімін ала барғанда-ақ аңғарып, артын бағып қалған.

Сөйтсе, Тұрардың қып-қысқа, он бір жасарлық өмірінде ұзыннан-ұзақ қиямет хикая бар екен.

– Мен сізден қылаудай сыр жасырмай, бәрін айттым, Иван Владимирович. Ендігісін өз еркіңіз білсін. Менің тағдырым өз қолыңызда, – деп бала ұстазының бетіне қарады. Мұғалім баланың соншама мөлдір, соншама қайсар көздерінен бәрін ұқты: егер бүкпесі болса, сәл-пәл жымысқысы болса анандай, айнадай ашық көзден көрінбей қалуы мүмкін емес. Түбіндегі түймедей тасқа дейін көрініп жататын киелі қол көрінісі осындай болар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий