Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– У а, Тәңірі, бір шыбындай жанымды қабыл ал! - деп соңғы рет үн қатар еді ғой. Мына қапаста ондай арызды айт не, айтпа не – Құдайдың құлағына жетпейді. Бір түйір қорғасын оқтын, өтеміне бір түйір түкірік те таппады - не шара?

Осы өкінішпен тас тұйыққа келіп тірелгенін байқамай да қалды. Тас қабырғаға шақ етіп, алдымен көзілдірігі соғылды. Онсыз да шегесі босаған бір шынысы еденге түсіп, күл-талқаны шықты.

– На счастье, - деді жендеттердің бірі.

Оған ешкім күлген жоқ. Өлім алдында жендеттер де қобалжып, қалжың - малжыңға зауқы соқпайды.

Рысқұловтың бетін бері бұрып, жон арқасын қабырғаға тіреп қойды.

– Көзін таңайық па? - деп сұрады Кіші Жендет Үлкен Жендеттен.

– Да он и так слепой, - деп мырс етті Үлкен Жендет. «Слепой» екені рас еді. Көзілдірігінің бір көзі түсіп қалған соң, екі көзі екі түрлі көріп, басы айналғандай болды.

– Снимите ему очки! - деді Үлкен Жендет.

– Они теперь ему ни к чему, - деп келісті Кіші Жендет.

Кіші Жендет Рысқұловтың алтын жиекті көзілдірігін сыпырып алып, кейін шегініп кетті. Енді Рысқұловтың бұл дүниеқор былғаныш дүниеден алып бара жатқан еш нәрсесі жоқ.

– Откройте ему рот! - деді Үлкен Жендет. Кіші Жендет қайтып барып, Рысқұловтың шықшытын қысып тұрып, аузын аштырды.

– Посмотри хорошенько - нет ли золотых зубов?

Өлегізіген соқыр шамның сәулесінен жөнді көре алмай, Кіші Жендет Рысқұловтың иегін көтеріп, езуін саусағымен көріп, ары-бері үңілді.

– Алтын тіс жоқ. Тістері түп-түгел, қасқырдың тісіндей, шайтан алғыр, - деді Кіші Жендет.

– Эти азиаты и есть волки, - деп қалды Үлкен Жендет. - Сызмальства мясо жрут. Кіші Жендет езуіне саусағын салып көргеннен болар, Рысқұловтың аузы түкірікке толып-ақ кетті. Жендеттің бетіне былш еткізіп түкіріп кеп жібергенде, әлгі сорлы екі көзін алақанымен басып, әз болды да қалды. Өшін алмақ болып, Рысқұловты ішінен бір тепті.

– Назад! - деп ақырды Үлкен Жендет Кіші Жендетке.

Қаһарына қарағанда, ұзақ жыр таусылатын сыңайлы. Рысқұлов бір түрлі жеңілейіп қалды. Жендеттің бетіне келістіре түкіргені бүкіл иттікке, күллі опасыздыққа, жалған дүниенің опасыздығына түкіргені еді. Сонысына өзі де риза болды. Жендеттің тепкенін елеген де жоқ. Аузында алтын тіс болмағаны қандай оңды еді. Әйтпесе, мына иттер алтын тісті жұлқылап әуреге салар еді. Мейлі, таза кетіп барады. Ит дүниеден сабақты ине де алып бара жатқан жоқ. Мына кенеп көйлек пен шалбар, сірә, кебіні болар. Ал аяғындағы әміркен туфлиін біреуі шешіп алар. Әзиза алып беріп еді, енді бір жендетке бұйырар. Оқасы жоқ, ит жалғанда еш нәрсенің опасы жоқ.

Үлкен Жендет өзгелерді он қадамдай кейін шегіндіріп, сапқа тұрғызды. Барлығы да нагандарының құлағын сырт - сұрт қайырып, шүріппеге сұқ саусақтарын салып, команда күтіп тұрды. Үлкен Жендет оқ үнемдейін деген шығар, барлығына түгел атқызбай, Рысқұлов бетіне түкіріп жәбірлеген Кіші Жендетке:

– Черныш! Бір адым алға! - деп бұйырды.

Тапалтақ Черныш селк етіп, теңселе жаздап, алға жылжыды. Көзі қысықтау, бет-әлпеті таза орыс деуге де келмейтін, қоңырқай түсті, қотыр бет біреу. Бірақ жалпы орыста таза орыс бар деу де қиын. Орыспен кімнің қаны араласпаған?

– Ат! - деген бұйрық естілгенде Черныш тағы селк етті. Үлкен Жендет содан секем алды ма, әлде мұндайдағы рәсім есіне түсті ме:

– Отставить, - деді.

Мұндайда, әдетте соттың үкімі оқылады. Үлкен Жендет қалтасынан қағаз суырып алды. Алайда сықсима шамнан жарытып сәуле тамбаған соң, үкімді оқып жатпай-ақ:

– Халық жауы Рысқұлов атылсын! - деп бұйырды. Үлкен Жендет біресе: «стрелять!», біресе: «отставить» деп тұрғанда, Рысқұловтың көз алдына соңғы суреттер келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий