Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бүкіл ғұмыры қас қағым сәтке сыйып, жүйткіп өте шықты да, ең соңында Қызыл Жебесі тыпыршыған әкесі Рысқұл тұрды да қалды. Үлкен Жендет «отставить!» дегенде, сорлы соңғы үміт тағы да жылт етті. Мүмкін, әбден үрей етіп, қорқытқаны шығар, атпайтын шығар... Онысы әурешілік. Ол тағы алданды. Бүкір наган өзіне қадалғанын буалдыр арасынан көзі шалып қалды. Бірақ бірден атылмады. Өйткені Рысқұловтың түкірігі көзін бітеп тастаған ба, Черныш та жөнді көре алмай, дәлдеп көздей алмай, шамалы іркіліп қалды. Неге атпайсың деп ұрса ма деп, әйтеуір шүріппені басты - ау...

Наган тарс етті - Рысқұлов құламады. Оқ оң құлағының сырғалығын ғана жұлып түсті. Сырғалықтан қан сорғалады. Жаны шықпай жатып, қан шықты.

Сақетер тиді саныма,

Сақсырым толды қаныма, -

дер еді көнедегі жауынгер жырау. Ол тағы да:

Жапанда жалғыз қалып барамын,

Жанымда бір туғанның жоғынан, -

дейді ғой.

Жапанда Рысқұлов жалғыз қалды. Обал болды-ау деп аяған жан болмады. Қайта Үлкен Жендет, байғұс Чернышты:

– Тфу, идиот! - деп бетіне бір түкіріп, итеріп жіберді де, оның орнына өзі тұрды. Бір емес, екі түкірік жеген Черныш ұтылды ма, ұтты ма? Бұл үлкен мәселе. Құдайдың: «Өлтірме!» -деген өсиеті рас болса, Черныш өлтірген жоқ. Шын дүние рас болса, Черныштың күнәсі жеңілдеді. Ал бұл дүниеде не күтіп тұрғаны белгісіз? Үлкен Жендет оны, сірә аямас. Түкірумен құтылып кетсе - мол олжа.

Өз денесінен қан шыққанын көрген соң Рысқұловтан дегбір кеткендей болды. Әуелгі батылдығы, тәуекел деп тас жұтып, бекінгені сетінегендей болды. Тіпті:

– Аяңдар, - деп дауыстап та жібере жаздады. Шын сорлы сонда болар еді, Құдай абырой бергенде санасы тез сауығып: «Сабыр, сабыр, атасына нәлет!» - деді. Бұл оның санамен айтқан соңғы сөзі еді. Браунинг тағы тарс еткенін естіді ме, естімеді ме... еш жері ауырған да жоқ, ауырса ауырған да шығар, бірақ оны сезген жоқ. Көзінен бір от жарқ етті де, шыр-ыл-да-а-ап ұшып, бұл-дыра-ап барып, жоқ болды. Ар жағы... ар жағы тып-тыныш. Жарық та жоқ, түнек те жоқ. Мүмкін, көзінен жарқ етіп ұшқан жан шығар. Жан кеудеден ұшады деген бекер болар. Сірә, көзден ұшатын сыңайлы.

Дүние теңселген жоқ, теңіз шайқалған жоқ. Құланиектеніп тағы бір таң атып келе жатты. Бар болғаны бір піл бір құмырсқаны басып кеткендей әпенделеу әлеміш әлем сол баяғы баз қалпында қала берді.

Екі жендет Рысқұловтың былқ-сылқ еткен өлі бойынан жылуы кетпеген денесін қанар қапқа салды да, қабырғадағы тесік науаға сырғытып, итеріп жіберді. Өлік салған қапты сырттағылар қағып алып, үсті жабық машинаға лақтырып тастады. Лақтырса лақтыра берсін, атасына нәлет! Енді оны сезіп жатқан Рысқұлов жоқ.

Қаңылтырмен қапталған науаның қақпағы қайта жабылды. Қаңылтыры жалтырап кетіпті. Қажала - қажала жылтыр болған ғой. Неге, немен қажалды екен?

Баяғыда, патша заманында Лубянканың бұл зынданы бір кірәшан (крещенный) татар саудагерінің дүние-мүлік сақтайтын қоймасы болған екен. Сол мүлікті сыртқа қап-қабымен осы науа арқылы шығарып, қап-қабымен осы науа арқылы ішке кіргізеді екен. Шоқынған татар болса да ісі әлдеқайда иманды.

Ал енді Кеңес өкіметінің ЧК - сы мен НКВД - сы бұл науа арқылы атылған адамдардың өлігін шығарады. Кірәшан татардың мүлкі көп қажады ма, әлде өліктер көп қажады ма, науа жап - жалтыр.

АВТОРДАН

«Социалистік Қазақстан» газетінің жас әдеби қызметкерімін. Секретариатта ретушер Ким деген қартаңдау кісі бар. Бір күні кіріп барсам - бір ескі суреттің бетін үшкір пышақпен қырнап отыр екен. Үңіліп қарадым.

– Сто, не узнаешь? - деді Ким ағай. «Что, не узнаешь» дегені.

– Нет, - дедім.

– Рисыкулов, - деді Ким. Жүрегім шым ете қалды.

Газеттің нөмірі шыққаннан кейін осы суретті (оригинал -түпнұсқасын) маған бересіз бе деп жалындым.

– Не снаю, - деп тұқшыңдап отырып - отырып, - ладно, ладно, только никому не покасывай, - деді.

Суреттің бетін біреу бұрын тырнап бүлдірген екен. Ким соны жамап-жасқап, ретуштап отыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий