Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Лайым солай болсын, кешіріңіз, - деп сыбырлады Фатима.

***

Ертесіне түске дейін ем – дом: тіс дәрігері, құлақ – тамақ – мұрын дәрігері, тағысын тағы, толып жатқан процедуралардан өтіп болған соң, тамақ ішіп, біраз тынығып, Рысқұлов келіншегін ертіп, серуенге шықты.

Курорттың сыртына тама «Большое седло» дейтін қырат болушы еді, соған дейін асықпай, аяңдап жүріп қайтты. Рысқұлов бұл жақта таң атар - атпас бір келіп кеткен. Соңғы кезде қарны шығыңқырып, салмағы асып бара жатқан соң, арықтаймын деп, көп қыдырып, көп жүруге әдеттенген.

«Большое седлодан» қайтып келе жатқан жолда «Махаббат пен мекерілік» деген кафе бар еді. Рысқұлов кенет келіншегіне:

– Әзиза, жүр мынаған кірейік, - деп күтпеген жерден ұсыныс айтты.

Әзиза таң қалды. Бұрын ресторанға шақырып көрмеген. Мүмкін уақыты да болмаған шығар. Тек, үлкен мерекелердің, небір мәртебелі, шетелдік меймандарды қабылдау құрметіне арналған Кремльдегі банкеттерге барғаны болмаса, Әзиза осы уақытқа дейін күйеуімен бірге ресторанға бас сұғып көрген емес.

Енді күйеуінің бетіне күлімсірей қарап тұрып:

– Кірсек, кірейік, - деді.

Күн әлі кешкіре қоймаған ба, кафеде жұрт аз екен. Қоңқақ мұрын кавказдық жігіт пен бір ақсары шаш қыз отыр. Қауқылдасып үш-төрт еркек нарт ойнап отыр.

Даяшы Рысқұловтарды бір оңашалау түкпірге жайғастырды.

– Не бұйырасыз? - деп бәйек бола қалды.

– Біз тамақ ішпейміз, - деді Рысқұлов, - бір шөлмек шампан, соған шақтап шоколад әкеліңіз.

Бір-бір бокал алтынсары, асыл шампан екеуін де масаңдатып қойғандай... Екеуі де жаңадан танысып, бір-біріне ынтығып жүрген қыз бен жігіттей... Рысқұлов ерсілеу қылық көрсетіп, Әзизаның қолын, одан соң шашын сипалады.

– Тұрар, саған не болған, ұят қой, - деп қысылды Әзиза жан - жағына қарап.

– Неге ұят болсын, жаным? Мен сенің алдында кінәлімін, Әзизаш. Осы уақытқа дейін сенің қадіріңді біліңкіремей келдім бе, қайдам? Жылдар жылжып өтіп барады, ал мен сені тотықұстай торға қамап қойсам керек. Жас болып, сұлу болып не қызық көрдің сен? Жарамаған екен.

Осыны айтып, Рысқұлов бокалды тағы көтеріп, сыңғыр - сыңғыр хрустальға құйып, шампаннан ұрттап болып, Әзизаны құшақтап, ернінен сүйді.

Әзиза алаулап барып:

– Тұрар - ау, бүгін біртүрлісің ғой тегі, не болды? - деп балаша жымиып қойды.

– Жұмыс, жұмыс, жұмыс деп жүрегімізді жүн басып кетіпті, жүрек емес, киіз, атасына нәлет. - Рысқұлов баяғы әкесінше дүр сілкініп кеткендей еді. - Жанымда перизаттай жарым барын да байқай бермеймін. Қалайша топастанып кеткенмін. Күндіз-түні жұмысқа берілгенде, Сталин менің басыма алтыннан ескерткіш қоя ма, атасына нәлет...

– Ойбай, ақырын, - деді Әзиза шошынып. - Үлкен кісіде нең бар, атын атама бұл жерде... Одан да, Тұрар, осы кафенің аты неге «Махаббат пен мекерілік» - соны айтшы. Бұрын да келіп жүрдің ғой, естіген шығарсың.

– Естімек тұрмақ, көргенмін. Ертең, ертең таң атсыншы, апарып көрсетемін. Алыс емес. Анау,- Рысқұлов үй ішінен тау көрініп тұрғандай – ақ қолымен меңзеді, - шатқалдың ішінде бір ғимарат тұр. Бір жағы - терең құз. Түпсіз шыңырау. Баяғыда бір кедей жігіт, мүмкін, қарашай, әлде шеркеш пе екен, бір ханның қызына ғашық болады. Жігітті қыз да құлай сүйеді. Бірақ хан қызын кедейге беруші ме еді? Екеуінің амалы құриды. Қыз басқа біреуге ұзатылмақ. Сонда қыз бен жігіт әлгі шатқалдағы қамалда ақырғы рет кездесіп, бір-біріне ант береді. Екеуі де әлгі қамалдан терең шыңырауға құлап өлмекші болады. Есіңде ме, Әзизаш, Абай айтушы еді ғой:

Етімді шал сипаған күрт жесін деп,

Жартастан қыз құлапты терең суға, -

деп. Сол айтқандай, басқа күйеуге тигенше, мен өлейін дейді қыз. Сенсіз тірі жүргенше, мен де өлейін дейді жігіт. Екеуі қол алысып, саусақтарын қанжардың ұшымен шертіп, қан шығарып, алақандарына жағып, ақырғы рет құшақтасып, сүйісіп, заңғар аспанға, аспан тіреген тауларға соңғы рет көз қадап, содан құздың жиегіне келеді. Қол ұстасып келеді. Ең соңғы сәтте қыз:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий