Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ал сөйткен Ежовтан небір қошқар мүйізді ығай мен сығайлардың өзі ығып жүреді. Әлдеқалай сезіктенетін шығар, әйтпесе несіне қорқады...

Ежовтан сескену Рысқұловтың қаперіне кірмеген. Тіпті онымен тым-тым еркін сөйлесетін. Тіпті онымен түйенің үстінде отырып сөйлескендей сөйлесетін. Кінәсі жоқтығына сенгендіктен шығар. «Ұйқым тыныш болсын десең, арың таза болсын» деген екен бір ойшыл. Арының тазалығы шығар, Рысқұлов Ежовты көргенде, әлдекімдер сияқты жүрегі зырқ ете қалмайтын.

Бірақ... айнала ызғырық соғып тұрғандай. Есік-терезесі жабық үйдің өзінен үскірік ұрып тұрғандай, біртүрлі жайсыздық байқалады. Жайсыздық өз үйінде емес, үлкен үйде. Үлкен үйі - бүкіл ел ғой. Үлкен үйден, қап-қара түннің өзінде қара мысық іздеу деген бірдеңе шықты. Тіпті қара мысық жоқ болған күннің өзінде де, іздей бер деген сезік сыздап тұр. Ел аман, жұрт тынышта бұл неғылған сезік? Не жаман - сыздауық жаман. Жарылмай -жазылмайды.

Осыдан бір апта бұрын, Рысқұлов көсемнің өзін керген. Көсем әдеттегідей:

– А - а, Чингиз - хан, хал қалай? - деген. Рысқұлов демалысқа шығып, Кисловодскіге баратынын айтқан.

– А - а, Кис – ло – вод - ск, - деген көсем, - өте дұр – р - рыс. Кисловодск... Білесің бе, Тюрар, кавказдықтар Кисловодск туралы не айтатынын? Білмейсің. Кавказдықтар айтады: «Кисловодскіде кедей адам бай болады, ауру адам cay болады»! Көрдің бе, қалай?

Көсем сонда жасыл - сарғыш көздерін сығырайтып тұрып:

– О, оңтүстік! - деген. - Білесің бе, Тюрар, оңтүстік туралы бір ақынның не айтқанын? Білмейсің. Кім еді?.. Мэй... жоқ, Фэт... жоқ, Надсон... Жоқ, Тютчев, иә, Тютчев:

О, этот юг, о, эта Ницца!

Как их блеск меня тревожит!

Жизнь, как подстреленная птица,

Подняться хочет и не может...

– Қалай?

Рысқұлов сонда бұл өлеңді оқымағанына ыңғайсызданған. Оқымақ тұрмақ, әлгіде көсем атаған ақындардың көбін білмейді екен. Көсем мұның бәрін қайдан біледі? Рысқұлов Маяковскийді, Демьян Бедныйды, ептеп Есенинді оқыған. Ал әлгі...

– Көрдің бе, қалай? - деп Рысқұловтың ойын бөлген көсем. – Өмір шіркін оқ тиіп, қанатынан қайырылған құстай талпынады, а бірақ ұша алмайды. Мысалы, мына мен, -деген көсем, - оңтүстікке барғым келеді - бара алмаймын. Неге? Білмейсің. Жағдай солай.

«Көсем бара алмаған оңтүстікке менің бара жатқаным қалай?» - деп қалған Рысқұлов.

Соны сезіп қойғандай көсем күлімсіреп:

– Жолың болсын, Тюрар, демалып қайт, - деген. - Қасиетті Кавказ саған қуат берсін.

– Айтқаныңыз келсін, - деп қуанып қалған Рысқұлов. Көсем лезде:

– Осы жұрт оңтүстікке неге құштар? Неге терістікке бармасқа. Мені терістік тартып тұрады - деген. Ойланып тұрып-тұрып, - Бәлкім, терістікте каторгада болғандығымнан шығар. Кейде Туруханға.барғым келеді Сен ше, Тюрар? - деген. Лезде:- Жә, бөтен ойлап қалма, қалжың ғой, - деген.

Көсемнің Туруханға барғысы келеді. Баяғыша айдауда жүрген жері ғой. Онда көсем кәдімгі пенде еді. Көптің бірі еді. Пенде болған соң, әрі жас жігіт болған соң, одан да пендешілік өткен шығар. Рысқұловтың достары сыбырлап айтады: көсемнің Сібірде әйелі болған дейді, одан баласы қалған дейді.

Несі бар?.. Онда тұрған сөкеттік жоқ. Сөкеттік болар еді, егер өзіңнің беліңнен шыққан баладан безіп кетсең. Біле тұра, безіп кетсең. Көсем бір жолы, ертеректе, Голощекинді жерден алып, жерге салғанын Рысқұлов біледі. Голощекин де айдауда болған ғой. Сұлу келіншегі Берта да айдауда бірге жүрген. Сүп-сүйкімді ұл баласы да болыпты. Бірақ сұлу Бертаны да, сүйкімді нәрестені де тастап, Голощекин айдаудан қашып кеткен. Берта азып -тозып, ақыры жіңішке аурудан өлген.

Көсем соны Голощекиннің бетіне басқан ғой. Адамгершілігің жоқ дегені де. Имансызсың дегені де. Бірақ сонда Голощекин көсемге: өзің ше? - дей алмапты. Әйтпесе Туруханда көсемнің де баласы қалғанын Голощекин білсе керек-ті. Біле тұра, үндей алмапты. Желге қарсы дәрет сындырып болмайды ғой. Көсемнің басынан асыра сөз айтпақ қайда?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий