Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Отлично, Тұрар Рысқұлович! Бозбала балғын жастың қан қысымындай екен. Жүз жасайсыз!

– Рахмет, Вадим Петрович, көп жасауды өзім де армандаймын Бірақ адам алжып кетпей, күш - қуаты, ақыл - ойы бойында болса.

– Болады, болады, Тұрар Рысқұлович. Сіз байқаймын, темекі шекпейсіз, шарап жағына да үйірсоқ емессіз - ау деймін.

– Өтe сирек. Тек бір ерекше жағдайларда ғана.

– Сіздерде қымыз бар. Қымыз қасиетті сусын. Құдайлардың сусыны.

– Оныңыз рас, Вадим Петрович, бірақ өкінішке орай, Мәскеуде қымыз жоқ. Ал Қазақстан - алыс.

– Өкінішті, өкінішті, - деп бас дәрігер бурыл шашты дудар басын шайқап қойды. - Ничего, мұндағы нарзан қымыздан кем емес. Былай, Тұрар Рысқұлович, өзіңізді өзіңіз сендіріңіз: нарзан ішіп тұрғанда, қымыз ішіп тұрмын деп ойлаңыз. Ал енді, періштедей келіншегіңіздің тамырын өлшейік. Тұрды ма екен?..

Рысқұлов ішкі бөлмеге кіріп, сәл кідіріп, Әзизаны ертіп шықты. Жүріс-тұрысы сәл ауыр тартқаны болмаса, өңі бал-бұл жайнап тұр екен. Бас дәрігер:

– Божественно, божественно! - деп өзімен-өзі сөйлесіп кеткендей, күбірлей жүріп, Әзизаның қан қысымын анықтады.

– Ал, періштедей сұлуым, сәл - сәл артықтау... қан қысымын айтамын. Үйде отыра бермеңіз, періштем, далаға шығыңыз. Coнаy жер түбінен не үшін келдіңіз? Ауа жұтыңыз. Бұл жерге келген кедей адам бай болады, ауру адам cay болады, кәрі кісі жасарады.

– Қалай, қалай? - деді Рысқұлов аң-таң қалған пішінмен. Бас дәрігер:

– Кедей - бай, ауру - cay, кәрі - жас болады, - деп қайталап шықты.

– Ғажап, - деді Рысқұлов. - Оны маған бір үл - ке - е - ен адам айтып еді.

– А, үлкен кісілер дана болады, Тұрар Рысқұлович, демек, мен өтірік айтпағаным ғой. Ал сіздер өздеріңіз де жассыздар, сіздерге баюдың да керегі жоқ шығар. Ал денсаулық ешуақытта ешкімге масыл болып көрген емес. Ал мен кеттім, қымбаттыларым, жұрт күтіп отыр.

– Рахмет, - деп жымиды Әзиза.

– Көріскенше, періштем, - деп бас дәрігер Әзизаның балғын саусағынан сүйді.

Рысқұлов бас дәрігерді сыртқы есікке дейін шығарып салды. Баспалдақтан түсе бергенде, бас дәрігер қалт тоқтай қалып, Рысқұловқа сыбырлап қана:

– Анау коттеджде Голощекин тұрады, - деп көшенің арғы бетіндегі көгілдір ағаш үйді көрсетті. - Сіз ол кісімен таныс шығарсыз, Тұрар Рысқұлович!

– Өтe, таныспыз, Вадим Петрович, - деді Рысқұлов сазара қалып. - Иә, біз өте таныспыз. Қалайша таныс болмасқа: ол - Филипп Исаевич қой!

***

Курорттың бір қызығы - суат басы. Түтіктелген нарзан бұлақ. Айналасы атшаптырым алып бастырманың астында ондаған шүмек бар.Әр шүмекке жүздеген адам кезекке тұрады. Әркімнің қолында бір-бір тосақ. Әсіресе әйелдер жағы бұл суатқа су ішу үшін ғана емес, өздерінің сәнді көйлектерін көрсетіп қалу үшін де келетін сияқты. Көйлектен кейінгі көрсетер қазынасы - тостақ.Тостақтың неше түрі бар. Иір тұмсық тостақ; сырлы, оюлы тостақ; алтын жиекті тостақ; көгілдір тостақ; ақ фарфор тостақ;кішкентай құмыра тостақ. Бәрінде де алтын жалатқан: «Кисловодск, 1937» деген жазуы бар.

Рысқұловтар да құр қол емес. Әзизаның қолында әшекейлі ақ фосфаp тостақ. Рысқұловта аспан түстес, көгілдір құмыра тостақ.

Әзиза күйеуі шүмекпен құйып әкелген «зәм - зәмді» абайлап ұстап «бісміллә» деп ұрттады. Үйде бес уақыт намаз оқитын Әрифа шешесі бар. Содан жұққан «бісміллә». Шекері жоқ, балы жоқ, аса ерекше дәмі де жоқ, кәдімгі су... сияқты көрінді. Соны байқап Рысқұлов:

– Үндеме, әлі үйреніп алған соң, ішкің келе беретін боласың. - деп қойды.

Бұлар қалың нөпір арасынан шеткерірек шығып, нарзанның дәмін алып, бір-бір ұрттап тұрғанда, қолқылдақ боз кенеп костюмді қартаңдау кісі кібіртіктеп келе жатып, қырлы стакандағы суы шайқалып кетіп, пиджагінің өңіріне, шалбарына төгіп алды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий