Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

жатқан күйімде көгерген көк шөптен, басқа ешнәрсені көре алатын емеспін. Көп кешікпей бір тірі жанның сол аяғымның үстімен жыбырлап кеудеме қарай жүргені сезілді. Ол жүріп отырып кеудеме, одан дәл иегімнің астына келіп тоқтады. Көзімді төңкеріп қарап едім, қолында жебе мен садағы бар, арқасына қорамсақ асынған, бойы бір кішкене ғана адамсымаққа көзім түсті. Оның ізінше тағы да сондай қырық шамалы адамсымақтар көрінді. Бұлардың маған таң көрінгені сонша, қатты айқайлап жіберіппін. Менің дауысымнан қорқып, кеудемде тұрғандар бет-бетіне қаша жөнелді. Олар қашып бара жатқанда кеудемнен жерге домалап кетіп, бірсыпырасы мертігіп қалыпты. Мен бұл әңгімені кейінірек естідім. Бірақ та абыржушылық тез басылып, олар қайтадан топтанды. Олардың батырсымақтау біреуі менің бетіме мүлде жақын келді. Ол таңырқаған пішінмен қолдарын жоғары көтеріп, көзін төңкере қарады да, өте жіңішке, бірақ та анық дауыспен: Гекина дегулъ деп айқайлады. Бұл сөзді басқалары да бірнеше рет қайталап айтты. Бірақ мен онда бұл сөздің нендей белгі екенін білмейтін едім. Сол уақыттағы менің өте жайсыз күйде жатқандығым оқушыларға өзінен-өзі түсінікті болса керек. Бұл жатысқа жаным шыдамай, бар күшімді салып бұлқынғанымда, сол қолымды шырмаған жіптер үзіліп, жерге қағылған қазықтар суырылып кетті. Босаған қолыммен бетімді көлегейледім. Бұлардың мені жерге қалай шаңдып байлап тастағанын енді ғана білдім. Кенет бұлқынғанның әсерінен жерге байланған шашымның түбі өте қатты ауырды. Дегенмен, шашымды байлаған жіптердің сол жақтағысы шамалы ғана босап, басымды оң жағыма бұруыма мүмкіндік болды. Адамсымақтар бет-бетімен тағы да қаша жөнелді. Олардың бірде бірін қолыма түсіре алмадым. Осы уақытта шырылдаған жіңішке дауысты шу көтерілді. Шу басыла бергенде әлдекімнің: Толъго фонак деп қатты айқайлаған даусы естілді. Сол минутта оң қолыма жүзден аса садақ оғының инедей қадалғанын сездім. Оның ізінше екінші дүркіні келіп тағы қадалды. Бұл жолы атылған оқ еуропалықтардың мортирдан атқаны сияқты жоғары қарай атылды. Жоғарыдан құйылған садақ оғы денеме бұршақша сатырлады-ау деп шамаладым. Бетімді алақаныммен қорғап үлгіргенімше, бірнеше оқ бетіме қадалды. Қадалған оқ денемді ашытып, ызамды келтірді. Байлаудан босанғым келіп қамдана бастап едім, адамсымақтар садақ оғын тағы да жаудырды. Бұл жолғы атылған оқ алғашқы екі дүркіннен анағүрлым басымырақ болып сезілді, бірсыпыралары найзаларын сұққылай бастады. Үстімде буйвол терісінен тігілген күртешем бар еді, найзалары одан өте алмады. Бұлқына берудің нәтижесіз екеніне көзім жетті. Қараңғы түскенше тырп етпей жата бергенім жөн, бір қолым байлаудан босанды ғой, түн ішінде босанып алуым қиынға соқпас деген қорытындыға келдім.. Егер де, осы жақты мекендеуші халықтардың ірілігі осы өзім көріп тұрған адамсымақтардай болып, сондайлардан құрылса, олардың саны қаншама көп болғанымен, жалғыз өзім-ақ төтеп бере алармын деген ой көз алдымнан тізбектеліп өтіп жатты. Бірақ та мәселені тағдыр өзінше шешті. Адамсымақтар менің тынышталғанымды біліп, оқ атуларын тоқтатты. Бірақ шуылдаған дауыс көбейе түсті, бұған қарағанда олардың саны да көбейген болар деп шамаладым. Осы уақытта менің оң жағымнан, дәл құлағымның түбінен тықылдаған дыбыс естіле бастады. Ол бір сағаттан астамырақ уақытқа созылды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий