Knigionline.co » Казахские книги » Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт

Книга «Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Путешествия Гулливера» опубликовано автором в 1726 году. Несмотря на то, что книга была опубликована через несколько лет после «Робинзона Крузо», она была не менее популярна, чем история Дефо. Направленность произведения - общественно-политическая. Главный герой - Гулливер был пожарным, а после стал капитаном корабля. Автор своим сатирико-философским произведением вдохновляет и детей, и взрослых.

Путешествия Гулливера / Гулливердің саяхаттары - Джонатан Свифт читать онлайн бесплатно полную версию книги

Meн оянғанға дейін жолда төрт сағат уақыт өтіпті. Бірақ менің оянуымның өзіне де ерекше себеп болыпты; жолда келе жатқанда арбаның бір жері бұзылып тоқтайды. Бұзылған жерін оңдап жатқанда,менің ұйықтап жатқандағы бет әлпетімді анықтап көргісі келіп, екі—үш адамсымақ ақырын ғана арбаға шығады да, менің бетіме жақындайды. Олардың ішіндегі бір гвардия офицері өзінің ұшты найзасын менің сол жақ танауыма бойлата тығып жібереді. Шөп кірген тәрізді танауым жыбырлап қатты түшкіріп жібергенімде, өз даусымнан өзім оянып кеттім. Зәресі ұшқан батырсымақтардың кетіп қалғанын сезбей де қалдым. Өзімнің оқыс оянуымның мәнісін арада үш жұма өткен соң ғана түсіндім.

Күннің қалған уақыты жолда өтті. Қараңғы түсе дамыл алуға тоқтадық. Мен жатқан арбаның екі жағында бес жүз гвардияшыдан күзет қойылды. Олардың тең жарымы қолдарына шырақ ұстап, жарық түсіріп тұрды да, қалғандары садақтарын кезеп, орнымнан көтерілуге қамдансам-ақ болды, атуға даяр тұрды. Күн көтерілісімен жолға шығып, түс мезгілінде қала қақпасына таяғанымызда, бүкіл орда адамдарын ертіп патшаның өзі алдымыздан шықты. Патша кеудеме шығып бет әлпетімді көргісі келіп еді, бірақта қасындағы жоғары шенді адамдары оның ол пікіріне үзілді-кесілді қарсы болды.

Мен жатқан арбаны ескі шіркеудің алдындағы алаңға әкеліп тоқтатты. Ол бүкіл корольдіктегі ең көлемді кең алаң екен. Бұдан бірнеше жыл бұрын осы шіркеу жан түршігерлік өлім ордасы болған көрінеді. Сол күннен бастап жергілікті халық ол шіркеуге жиіркене қарап, қасиетін жоғалтыпты. Дін орыны болуға лайық емес деп, оған ешкім бармайтын болыпты. Өйткені олар аса діншіл ел екен... Ақырында, ондағы мүліктер мен безендірілген заттарды алып, әлеумет орнына айналдырыпты. Олар осы үлкен шіркеуді маған пәтерге лайықтаған екен. Шіркеудің солтүстік жағынан шығарылған үлкен есіктен үйге емін-еркін еңбектеп кіре алатын түрім бар. Есіктің екі жағынан жерден алты дюйм шамасы жоғарыдан шығарылған кішкене ғана екі терезе бар. Орда ұсталары келіп сол жақтағы терезеден тоқсан

бір шынжыр өткізіп, оның ұшын отыз алты құлыппен менің сол жақ аяғыма бекітті. Шынжырдың жуандығы мен ұзындығы еуропа әйелдерінің сағат бауындай еді. Үлкен жолдың арғы бетінде жиырма фут шамасы жерде биік адам бойынан кем келмейтін биік мұнара тұр еді. Мені анығырақ көру үшін жанына бірнеше шенеуніктерін ертіп патшаның әлгі мұнараға шыққанын түсіндірді адамсымақтардың біреуі. Өйткені маңайым толған адам, ол мұнараға көңіл бөлмеген едім. Мені көру үшін шіркеу маңына жүз мыңдаған халық жиналды. Солардың ішінен мезгіл-мезгіл басқышпен өрмелеп үстіме шыққан адамдардың саны он мыңға жеткен болар деп шамаладым. Бірақ көп ұзамай ол тәртіпсіздік тоқтады. Оған себеп, менің денеме аяғын тигізушілерге өлім жазасы берілсін деген жарлық шығыпты. Ұсталар босана алмастай етіп жұмысын бітірген соң, шырмаған арқандарды қиып жіберді. Өмірімде бұрын-соңды кездесіп көрмеген қайғылы пішінмен орнымнан тұрдым.

Менің орнымнан тұрып жүруіме таң-тамаша болған опыр-топыр, айқай-шуды суреттеп, жеріне жеткізе алатын емеспін. Мені арқандаған шынжырдың ұзындығы екі ярд еді, қысқа да болса әрлі-берлі жүруіме, үйге еңбектеп кіріп-шығуыма, аяғымды көсіліп жатуыма мол мүмкіндік берді.

Түрегеліп тұрып төңірекке көз жүгірттім. Шынын айту керек қой, бұл сияқты көз тартарлық көркем көріністі өз өмірімнің ішінде кездестірген емеспін, Айнала төңірек түп-түгел жайнап тұрған бау-бақша; олардың айналасын қоршап тастаған, қарап тұрсаң егіп қойған гүл-шешекке ұқсайды. Ол алаңдардың ара-арасын биіктігі бір сажын келетін ормандар бөліп тұр. Сол қол жақта жатқан қаланың көрінісі театр сахнасынан аумайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий