Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Күн батпай-ақ, көз барында манағы айтқан терең шаттан, іннен шыққан қасқырларша, шұбап шықты төрт атты. Оның бірі манаты айтқан, өзің көрген ала атты. Енді үшеуі: қалпағы бар, мылтығы бар, қылышы бар, көк шекпенді қоқаңдаған, қоқиланған жат адам. Сол төрт атты шаттан шығып, ылдиға түсе өкшелерін қадады. Қадап еді, ат пысқырды, ауыздығын қарш-қарш шайнап есілді. Есілді де екпіндетіп, үңгірдегі бір ауылға жетіп келді саусылдап.

Келе тарс-тұрс. Үріктірді, бүріктірді, елдің апшысын қуырды:

– Ақ, сболыш! Тап атты!.. Мылтық қолда, қамшы жонда, ат таппасқа әдді не? Атты да алды, шідерді алды, жүген де алды, кілем, көрпе, қоржын, шалбар... бәрі кетті...«көр ішке».

– Төре...Тақсыр...

– Ой, құдай-ай!

– Аясайшы, бейуазек қой!.. – деуге келді тілдері. Шәйді алдына жаңа қойып «Бісмілданы» келтіргені сол еді Мамырбайдың бір малайы жетіп келді ентігіп:

– Келіп қалды!

– Кім, кім?

– Көкпең-көк...

– О кім?

– Өңшең орыс. Мамырбайдың мұршасы:

– Жина, ұмтыл, қаш тығыл! – деуге ғана келді.

Дастарқанымен шәй қалды жайрап, жиюсыз шыны-аяқ қалды күйреп. Мамырбай күріс-күріс, бір есікке, бір төрге... Жаушы жалам, бәйбіше де, қыз да жоқ. Сыртқы есікке жетер-жетпесте, Мамырбайдың кеудесі үңірейген үш мылтықтың аузына тірелді. Бай шалқалап, мұрттай ұшты.

Мылтық дүмі, қылыштың қырымен айдап шығарылған ауылдың еркек біткені басын қорғалап, борсаңдап, желкені жей-мей, Мамырбайдың еттігіне отағасыны бас қыла қамалды да, сыртынан қара құлып салынды. Ауызында күбір-күбір «Сүбіқан», аяғы жыбыр-жыбыр еңкең қағып, қораны орағытып бәйбіше келе жатыр еді, орыс алдынан тап болды.

– Қайдан келесің?

– Мына... Мына...— дей беріп еді, — мә, саған мына, мына!— деп білеуіт пен ащы айғай басына қабат тигенде, көзінің оты жарқ етті. Жаулық кетті жапырайылып, ауыз кетті опырайылып.

– Тап деген соң, тап қызды!

– Кімнің қызын, жасаған!

– Сенікі қыз, сенікі.

– Қызым жоқ, ойбай!..

– Қыз бар. Табасың! Орыс қадалып, білеуітін зулатты.

Бәйбіше бадалып, «Қыз жоқ» — деп бажылдап, өтірікті саулатты.

– Өзім табам, – деп орыс жүгіріп ала жөнелді.

Үш орыс қолдарына шырағдан алып, қораны, үйді, тезекті, шұңқырды, жүкті, пішенді – бірін қоймай найзаларымен піскілеп тінтіп жүр. Зым-зия Ақбілек жоқ.

«Орыстар келіп қалды» дегенде, бәйбіше теріскейдегі кішкене есіктен ептеп шығып, жер бауырлап, бүкеңдеп, Ақбілегін жетелеп, бір апанға апарып «тырп етпей жат!»— деп кеткен.

Қыз таба алмай, сандалып, долданып қайтқан үш орыс бәйбішені Терезе алдына етбетінен басып отырып, жиырма бес қамшы соқты. Үні шықса, Ақбілегінің жаны қабат шығады ғой, құшырлана тістеніп, ышқына ыңқылдағаннан басқа дыбыс бермеді.. Желге, күнге тигізбей, аялап өсірген сәулесін «кәпірге» қорлыққа қиғаннан өлгені артық емес пе?

Түнерген түнде абайсыз ауыл абалаған ит даусына айналды. Ауылдан бажылдаған, балдырлаған жат үн шықты. Бір тайпы ауыл үш мылтықтың албастысы басып тұншықты.

Үрейлі ауылды торып, екі ат жетелеп, ойқастап, құлағын түріп, түсі жаман, ойы қараңғы бір адам жүр. Ауылдан бажыл шыққанда әлгі адам бір тұрып, бір жүріп, ауылға таман ұмтылды. Ұмтылып еді, астындағы жануар қорыс етіп, лоқып қалды. Аяғын үзеңгіден ептеп шығарып, сыбдырын ұрлап, жұмсақ шөпті жапыра басып, жерге түсті. Атын артқы қасына қайқита қаңтарып, қыл шылбырмен тұқырта тас қылып тұсап, үш атты матастырды да, қотанға кіретін епті қасқырша, бүкеңдеп адымдады, Қарауытқан, қара жамылған ауылдың иті ұлып тұр. Бес-алты адым аттады ма, жоқ па, әлде шөптің, әлде шүберектің сыбдырындай судыр еткен бір дыбысты құлағы шалып қалды. Енді бір басып еді — аяқ асты қарауытқан шұқыр болды, шұқыр түбінде бірдеме ағараңдаған тәрізді, қимыл етті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий