Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әйтсе де біз қазақтан кек алғалы жүргеніміз жоқ. Қазақ жеріне келейік деп келгеніміз жоқ. Ресейде төңкеріс болып, патшаны түсірген соң, өз ара екі жарылып, ел билеуге таласқан соң, өкіметті қара жұмысшы мен қара солдатты жақтаған балшебектер алып кеткен соң, біздер орыстың шын ұлдары құл-құтанға бағынбаймыз деп, соғысып, жеңіліп, қашып келіп отырмыз. Алдымыз қашып Қытай жеріне өтіп кетті. Біз одан қашқан, бұдан қашқан, жетпіс шақты әпесер, білеуіттер Алтайдың бір тығырына бекініп, қызылдардан жан сауғалап жатырмыз. Олардың ойы, оқ дәрімізді, азығымызды түгесіп, қыстың суығына қатырып, ашықтырып алмақ. Әйтпесе, бір ауыздан жалғыздап келіп, бізді ала алмайды. Тауда жатып біз қарап өлейік пе? Қара таласқан соң маңайдағы қазаққа шабуылдап, азыққа мал, баспанаға киіз, төсеніш, ыдыс, сайман алып тіршілік қылып жатырмыз.

Елсіз тауда ерігіп жатқан өңшең еркек іші піскен соң, ермек, қызық керек қылмай тұра ма? Қашанғы өзді-өзіміз боқтасып, керісіп, төбелесе берейік. Біздің де қанымызда от бар; бізде де тілек, құмарлық, нәпсі бар. Біз де жаспыз. Әйел құшуды біз де аңсаймыз. Әйелсіз күн көре алмайтын, махаббаттың қадірін білетін сезімі жетілген, біз өнерлі, білімді жауропаның ұлдарымыз. Әйел кімде бар? Қазақта. Қазақ та адам баласы. Қазақтың қара көздерінің сиқырлы күші жауропа әйелінен кем емес; әнтек тәрбиеленіп, қылымсуды, еркекке жағынуды үйренбегені болмаса. Қазақ надан болған соң орыстан жатырқайды, жиренеді, қазақ қызы орыс жігітін сүймейді — бізге өз сүйгеніміз де жетеді: бізге әйел керек. Әйелдің сүйгенін тілейтін біздің өз еліміз бар ма? Қазақ надандықтан жатырқайды; оқыған ел жатырқамас еді, қазақтың оқыған азаматы орыс қызын сүймей, орыстан қатын алмай жүр ме?

Қысылғанда, сасқанда қарсылық қылған жерде болмаса, тегіннен қазақты өлтіргеніміз жоқ. Адамның тыпырлап өлгені бізге тауықтың өлгенімен бір есеп. Көңілімізге солай орнағаннан ба? Өлімді көп көріп етіміз өліп кеткеннен бе, кім білсін? Шынында өлім деген, өмір деген немене? Адам өлмек үшін туған. Бүгін өлдің не, ертең өлдің не? Өмір — қабақтың қаққаны. Ендеше, аз күн тіршілікте өмірден қандай қызық, қандай ләззат болсын, алып қалу керек. Өлген соң түк те жоқ.

Алдымызда қылышын сүйреткен қызыл шұнақ қыс. Айналамыздағы қала – қызыл жау. Келешегіміз — аяз, аштық, соғыс, ажал. Бірінен болмаса, бірінен өлуіміз ақ. Бүгін болмаса, ертең өлуге көзің жетіп отырса, елден, жұрттан, туған-туысқаннан күдерді үзсек, бізді жан екен деп, аяйтын адам баласы болмаса, біз қара таласпағанда, біз бой жасамағанда, біз кісі өлтіріп, біз қыз алып қашпағанда, кім бұларды қылмақ? Біз әзір тіріміз. Тіршілік деген арпалысып күнелту деген сөз. Ендеше, біз тіршілік қылып жүрміз. Бізді қазақ айыптаса, білмегеннен айыптайды.

МҰҚАШ

Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жар қабақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы, аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. Ес біле есікке жүрдім; ә дегенде, құны жоқ, былық, сараң, жаман Төлеубай дегеннің қозысын бақтым. Ел жайлауда, көк шалғында қымызға қызып куілдеп, мас болып жатқанда, мен босағада отырып, жырық сары тостағанмен саумал ішіп дамбалым борша-борша, шекпенім өрім-өрім болып, жалбаңдап, үйездеген қозыны ауылдан шығара алмай, дедектеп, кейіп, жыламсырап жүргенім. Балалар алтыбақан теуіп, ақ сүйек ойнап, шуылдасып, асыр салып, қой күзетіп, өлең айтып, думан қылып жатқанда «Таңертең оянбайсың, жат!»— деген байдың зекуін естіген соң, қара інгеннің қолаңса сасыған жабуын оранып, үй жанында бүк түсіп жатқаным. Әсіресе шырт ұйқыда жатқанда: «Тұр, қозы ағыт!» деп, байдың бүйірден теуіп оятқаны-ақ жаныңа батады-ау. Амал жоқ, бүрсеңдеп жүріп, қозы ағытып, бір тостаған іркіт ішіп, көзіңді уқалап жөнелесің. Күн қызғанша жүгіріп, ауылға қашқан қозымен арпалысып, айғайлап тас жіберіп, жүргенің.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий