Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Оған тағы мынаны айт: өз кітабын шығару арқылы мені табыссыз қалдырмақ болған пиғылының соқыр тиындық та құны жоқ, осы себепті Перенденгтің атақты интермедиясын өз басымдағы жағдайға орайластыра отырып оған: “Құдай маған да қарайласар және қуанышым болып сеньорым Жиырма Төрт ұзақ жасай берсін!” деп жауап бере алам. Христиандық сезімі мен жұртқа мәлім жомарттығы өзімді зұлым тағдырдың барша тауқыметінен қорғап тұрған граф Лемосский ұзақ жасай берсін, сондай-ақ, Толедо архиепископы, асқан ақпейіл дон Бернардо де Сандоваль-и-Рохас қуанышым болып ұзақ жасай берсін, одан кейін бұл дүниеде бірде бір баспа орыны қалмаса да мейлі, мені ғайбаттап Минго Ревульго шумақтарындағы әріптерден де көп кітап басып шығарылса да мейлі. Өзім зәредей емеурін білдірмесем де, жә жарамсақтанбасам да, бұл екі тарлан жақсылық жасасам деген ізгі ниет жетегімен мені қанатының астына алып, мейірім-қайырым көрсетуге ұйғарым етіп отыр, сондықтан да өзімді Фортуна әдеттегі жолмен әуелеткендерден де гөрі бақытты әрі бақуатты санаймын. Ауқаты төмен адамда да ар-намыс болады, ол тек ардан безгендерде ғана жоқ: жоқшылық тектіліктің шырайын көмескілендіруі мүмкін, бірақ оны біржола күңгірттендіре алмайды, ал ізгі қасиет тіпті тақыр кедейшілік тұрпатынан да нұрын төгіп тұратындықтан, ол биік мақсат пен ізгі ниетті ұстанған жандардың құрметіне де, оған қоса ілтипатына да ие бола алады. Авторға бұдан өзге ештеңе айтпа, оқырман, мен де саған басқа ештеңе айтпаймын, — тек бір ғана нәрсені: Дон Кихоттың мына ұсынылып отырған екінші бөлімі сол бұрынғы шебердің қолынан шыққанын, алғашқысы қандай шұғадан пішілсе, мұның да сондай шұғадан пішілгенін қаперіңе ал және Дон Кихот турасында енді ешкім әңгіме қозғамасы үшін мұнда мен оны ақыр соңына дейін, ақтық демі таусылып, жер қойнына берілген кезіне шейін жеткізем, өйткені осыған дейін айтылғандардың және оның естілікпен жасалған есалаңдықтары жайында адал да ақ ниетті адамның әңгімелеп бергенінің өзі-ақ жетіп жатыр, сондықтан оған қайта орала берудің қажеті жоқ: себебі, тіпті тәуір нәрсе болған күнде де, әлдененің шамадан тыс көп болуы оның қадірін кетіреді, ал тіпті нашарлау нәрсе болған күнде де, әлдененің жетіспей жатуы қайткенмен де оның бағасын арттыра түседі. Саған айтуды ұмытып кетіппін: қазір өзім аяқтауға жақындаған Персилес пен Галатеяның екінші бөлімі ұзамай қолыңа тиіп те қалар.

І тарау

Священник пен шаштараздың Дон Кихотпен сырқатына қатысты сұхбаты жайында

Дон Кихоттың үшінші аттанысы жайында баяндайтын бұл хикаяның екінші бөлімінде Сид Ахмет Бен-инхали өткен күн оқиғаларын қаперіне қайта оралтып, оған қайта жан бітірмеу үшін священник пен шаштараздың Дон Кихотқа бір айға жуық төбе көрсетпегенін айтады; әйткенмен, олар жиен қарындасы мен күтуші әйеліне соғып, бұған барынша қамқорлық жасауды, жүрек пен миға жағымды әрі пайдалы тағам беруді өтінген еді, өйткені бұл тап болған күллі қырсықтың түп-тамыры тап сонда, мида жатқанында ешқандай күмән жоқ дегенді айтқан. Әйелдер өздерінің де тап солай істеп жүргенін және мұны бар ықылас-құлшыныспен орындайтынын мәлім етті: қазірдің өзінде мырзалары ақыл-есі түзу адамның парасат-пайымын ауық-ауық аңғартып қоятынын байқағандарын, бұған екеуінің де қуанышты екенін, сондай-ақ олардың мұны, жадыланған жанды, осында өгіз арбамен алып келуді өте сәтті ойлап тапқандарына да ырза екенін хабарлады, — олардың аталмыш әрекеті жайында мейлінше шыншыл һәм теңдесі жоқ осы туындының бірінші бөлімінің соңғы тарауында баян етілген еді; әлгіндей ахуалға байланысты бұл екеуі оған кіріп-шығу қажет деп шешті, денсаулығы түзелгенін өз көзімен көргісі келді, ал шындығында олардың бұған еш сенгісі жоқ-ты; сөйтіп, екеуі осынау тыртығы әлі біте қоймаған әрі табиғаты жұмбақ жарақат мәселесіне жуымауға, ал кезбе рыцарьлық жайын тіптен ауызға алмауға алдын-ала уағдаласып алды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий