Knigionline.co » Казахские книги » Запах полыни / Жусан иісі

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Запах полыни / Жусан иісі» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В рассказе «Запах полыни» автор передал жизнь народа после войны. Главные герой рассказала подросток, у которого отец и брат были на войне, матери не было, а единственная бабушка умерла. Автор передал переживания и душевную боль… Это произведение расширило горизонты литературы Казахстана.

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы тұста Аян көзі шарасынан шығып, бізді жаңа ғана көргендей бәрімізге бір-бір қарап өтті. Жалғыз көзді дәу естіп қоймасын дегендей даусын бәсеңдетіп сыбырлай сөйлейді. Біз болсақ шөп қуысына тығыла түсіп, төңірекке жалтақтай береміз. Түн қараңғылығында шошақ бөрікке ұсап қарауытып тұрған Ешкіөлмес шоқысы енді бірде жалғыз көзді әулие мекен еткен үңгір тауға ұқсап кетті. Дәл қазіргі сәтте сол үңгіртаудың ішінде жалғыз көзді дәу қорқырап ұйқыда жатқан секілді. Оның қорқырай алған демінен шошақ тау түндігін жел шайқаған киіз үйдей көтеріліп-басылып желпілдеп, бірде ары-бері теңселіп, қозғалып тұрған сияқты көрінді. Демімізді ішімізге тартып, қараңғыда теңселгендей боп тұрған Ешкіөлмес шоқысына көз тігіп қарай беруге дәтіміз шыдамай Аянға қараймыз. Қараңғыда бозарып көрінген жүдеу өңі сол өзі айтып отырған қиялдағы дүниені көріп отырғандай дірілдей шытынып, көзі жалт-жұлт етеді…

Ызғырық жел онан сайын суытып, қар ұшқындай бастады. Тұтасқан қап-қара аспан тұншықтыра салардай боп ауыл үстін тұмшалап тұр. Ит үрді. Тура жалғыз көзді дәудің иті құсап ұлып үрді. «Апыр-ай, жалғыз көзді дәу оянып кетер ме екен», - деп зәре-құтымыз қалмайды…

Өстіп ертегі қызығына беріліп отырғанымызда, шеттегі бір бала:

- Ойбай, өрт! - деді.

Шөптің арт жағын ала, ызғырық желдің өтінде лауылдап от жанып жатыр. Бұл ат қораның төбесі күзде ғана сабанмен жабылған.

Жанып жатқан сол сабан екен. Шетте отырған балалардың бірі шылымын сөндірмей лақтырып тастап, сабан содан тұтанса керек. Жел өтінде лезде лапылдап көтеріліп кетті. Не істерімізді білмей сасқалақтап, қорадан секіріп-секіріп түсіп, тым-тырақай қаша жөнелдік. Балалардың ең соңын ала секіріп түскен Аян:

- Ойбай, ая-ғым!.. - деп жан даусы шыға айқайлап жіберді де шоңқаң етіп жата кетті. Бірақ біздің оған қарайлайтындай шамамыз жоқ.

Ауыл жақтан: «Аттан! Аттан!» - деп жер-көкті басына көтере айқайлап, шолақ қол бригадир Тұржан да жетті. Армия қатарынан жақында ғана қайтқан, сол қолын білегінен оқ жұлып кеткен, бірақ өзі аса қатыгез, мейірімсіз адам еді. Келген күні-ақ: «Қан көріп, қаным бұзылып келді…» - деп, үйіне жиналған қатын-қалаш, кемпір-шалдың зәресін алған. Бригадир боп тағайындалғаннан кейін, жұмсағанда тілін қайырған талай әйелдер мен жасөспірім балаларды, әлімжеттік етіп сабаған. Қазір сол Тұржан жүгіріп жеткен бойда, қораның артында төрт бүктеліп шырқырап жатқан Аянды дәу табан кирзі етігімен теуіп кеп жіберді. Аян қалпақша қалқып барып анадай жерге түскен. Тұржан енді оны қолындағы қамшымен тулақты сабағандай көміп-көміп алды да, тағы да тепті-ай кеп. Бас демей, көз демей былшылдатып тебе берді. Әуелде құлындағы даусы шығып шырқырап: «Ағатайлап» шыңғырған Аянның біраздан кейін үні өшті. Кирзі етіктің астында жансыз заттай илектеніп жата берді.

Ауылдағы жұрт дүркірей жиналып кеп, өртті сөндірді. Әлдекім келіп, былқ-сылқ етіп жатқан Аянды көтеріп алды. Қарт адамның даусы:

- Иттің баласы, пәшиске берген қолыңның құнын осы қаршадай жетім баладан алайын деп пе ең. Ой есіркі!.. - деп ақырды Тұржанған.

Біз, басқа балалар, осының бәрін алыстан бұта-бұтаның арасынан сығалап қарап тұрдық. Дір-дір етіп шетімізден жылап жіберуге шақ едік. Ел кеткен соң жасырынып, бұғып-бұғып үйді-үйімізге тарадық.

Үйге келсем, төсектер салулы, бірақ ешкім жатпапты. Атам екі көзі қанталап, терісіне сыймай тырсылдап ашулы отыр, апам көзін сығымдап жылап отыр. Не болды екен деп шошып, босағада тұрып қалдым.

- Өй, аузыңды ұрайын, жаман неме! - деді атам жекіріп. - Тұржанның тепкісін Аянмен бірге көрсең етті… Жаны тәтті шірік, көрінбе көзіме!..

Мен үн-түнсіз жер шұқылап босағада тұрдым-тұрдым да, мұнан өзге ештеңе айтылмаған соң, аяғымды, сырт киімімді шешіп, төрге өттім. Тамақ сұрап ішуге бата алмай, сыбдырсыз шешініп, төсегіме жаттым.

- Сорлы жетімнің көрген күні сол да… - деді бір кез анам ауыр күрсініп. - Қорғары жоқ болған соң басынғаны ғой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий