Knigionline.co » Казахские книги » Запах полыни / Жусан иісі

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков

Книга «Запах полыни / Жусан иісі» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В рассказе «Запах полыни» автор передал жизнь народа после войны. Главные герой рассказала подросток, у которого отец и брат были на войне, матери не было, а единственная бабушка умерла. Автор передал переживания и душевную боль… Это произведение расширило горизонты литературы Казахстана.

Запах полыни / Жусан иісі - Саян Муратбеков / Сайын Мұратбеков читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кей күні ойыннан кейін мен кешкі тамақты ішіп ап, Бапайдың үйіне баратынмын. Мен келгенде Аян ылғи темір пештің аузында от жағып отырады. Ол кезде - соғыс жылдарында біздің ауыл отынға сабан жағатын… Малатаспен бастырған астықтың сабаны орған қамыс сияқты ірі болады, арасында шала бастырылған, кейде тіпті мұрты сетінемеген масақтар жиі кездесуші еді. Отқа жанғанда сабан дүр-дүр етіп лауылдап, ал масақтар бытырлап кететін. Аян от жағып отырып, білдіртпей ғана сол масақтарды жинайды. Лауылдап жатқан сабанның арасы бытыр-бытыр ете қалғанда, Аян қолын отқа тығып жіберіп, шала пісіп қалған күйелеш масақты лып дегізіп суырып алатын.

Мен есікті ашқанда-ақ Аян жүзі жайнап қуанып кетуші еді. Былай шық деп, дауыстап айтуға кемпір-шалдан бата алмай олар жаққа жаутаңдап қарап қойып, темір пештің түбіндегі өз орны - қара құрым киіз төселген қуысты меңзейтін. Мен қуысқа кіріп ап, олар кешкі шайларын ішіп болғанша Аянды күтіп отырам. Бапайдың кемпірі шалы екеуіне ғана майға бөктіріп талқан шылайды да, «сенің тісің бар ғой» деп Аянның алдына бір уыс қуырған бидай төгеді. Міне, Аянның кешкі қорегі осы. Ол үн-түнсіз қытырлатып отырып алдындағы бір уыс бидай біткенше шай ішеді де, онан соң шынысын төңкеріп қуысқа келеді. Келе бірден сыбырлай сөйлеп:

- Ертегі тыңдайсың ба? - деп алады да, менің бас изеуімді күтпестен-ақ: - Баяғыда бір жетім бала бопты… - деп бастай жөнеледі.

Бір тәуірі Бапай да, оның кемпірі де біздің сөзімізге құлақ салмайтын. Майға шылаған талқанды көсіте асап, ыстық шайға бойы бусанған қарт, қолтығындағы жастығын мыжғылай түсіп, рақаттана кекіріп қоятын да:

- Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, э. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей? - деп әзілдейді. Кемпірі болса қабағын кіржитіп:

- И-и, жаман ит үрегеш келеді-деп, мына біздің ұл мылжың көрінеді ғой, - дейді.

Екеуі де осымен тынады. Жатарында кемпір: «майы таусылады», - деп өзі сығырайып тұрған жетілік шамның білтесін онан әрмен сығырайтып тастайды. Мұнан кейін біздің бар-жоғымызды естеріне де алмастан екеуі екі жақтың тәтті қорылға басатын.

Олар ұйықтасымен-ақ Аян әлгінде ышқырына тыққан күйелеш масақтарды алып, үгіп-үгіп аузына құятын.

- Жеп көрші, тәтті, - деп бір-екі масақты маған да ұстататын. Үгіп-үгіп шала піскен дәнді мен де аузыма құямын, бірақ шикі дәмі білініп тұрғандықтан жұта алмай, шайнап-шайнап түкіріп тастайтынмын.

Кейде мен үйден нан алып келетінмін. Аян нанды көргенде, көзі отша жанып, екі ұртына кезек бұралай тығып, қақалып қала жаздайтын. «Тағы да бар ма? Тағы да?..» - деп менің қалтамның түбіндегі қоқымға дейін қағып, дегбірі қалаушы еді.

Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болдық. Ортамыздан екі атаман сайлап, қалғандарымыз екі-екіден жұптасып, әлгі екі атаманның қарауына тең бөліне бастадық. Бүл ойынға Аянның да

қатысқысы келген. Бірақ екі атаманның екеуі де оны өз топтарына алудан бас тартты.

- Ой, қой, сен жүгіре алмайсың шойтаңдап, - деді олар. Аян үшін мұнан ауыр жаза жоқ еді. Ол көзі жасаурап, ақсақ аяғын сүйреткен күйде екі иіні салбырап кете барды. Мен шыдай алмай оның соңынан жүгірдім.

Аян жылап келеді екен. Екеуіміз қатарласып үнсіз жүре бердік. Дәл Асылбек шалдың үйінің тұсына жеткенде, көз жасын алақанымен қатты уқалап сүртті де, әлгі үйге бұрылды. Мен де ердім. Асылбек шал мал қорасының ішін тазалап жүр екен.

- Иә, неге келдіңдер, балалар? - деді анадайдан дауыстап.

- Ата, аяғымды салып берші, - деді Аян.

Асылбек таяп кеп оның аяғына қарады.

- Салып берің қалай-ей. Мына аяғың қисық боп бітіп, жазылып кеткенге ұқсайды ғой. Енді оны қайта орнына салу оңай емес. Ауырғанына шыдар ма екенсің.

- Шыдаймын, ата, салып беріңізші…

Аянның даусы дірілдеп жалынышты шықты. Енді сәл болса еңіреп жылап жіберуге шақ тұр.

- Апыр-ай, э, жарайды, салып берейін қарағым. Үйге кіре бер. Әй, кемпір, мына жиен балағаттамақ берші, әлденіп алсын!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий