Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Екі ара екі жүз шақырымдай жер, елі сирек... Біз әлгі жатқан ауылымыздан шығып күншығыс-оңтүстікке қарай жүріп, бес шақырымдай жердегі сол елдің бір ауылына келдік. Тез лау бере қоймаған соң, қасымыздағы жігіт өзі салт атқа мініп, желі басынан ат ұстамақ болып жүріп, ауылдың бір жігітімен шаң-шұң жанжалдасып қалды. Біз байдың үйінде отыр едік. Біздің жігіт түсі бұзылып ентігіп, үйге кіріп келді. «Бір жігіт ат бермей, өзімді боқтап, ұрып жіберді. Ат беретін емес...» — деді.

Мен тысқа шығып азырақ ашу қылып, байға ақырып, қыр көрсетіп, қағаз-қарындаш алып, байдың және жанжал қылған жігіттің есімдерін қағазға жазып алған болдым. Бай азырақ қорқып, тезірек ат ұстатып, лау берді.

Жүріп кеттік. Мінген атымыздың бірі байдың желісінің басынан ұсталған тоқпақ жалды көк айғыр. Көк айғырға біздің жігіт салт мінді. Айдаңқырап жүріп кеттік. Ендігі мақсат қазақтан санақ алу емес, Өлеңтідегі мал докторына тезірек жетіп, сол жердегі малдың санын алып, қалаға тура қайту. Енді қазақтан санақ алуға болмайтынын білдік.

Жолшыбай бір-екі ауылға түстік. Еркегі көбірек ауыл ат беретін түрі жоқ және жылқылары да шамалырақ, кедейлеу ел екен. Қазақ елеуреңкіреп алған тәрізді.

Кешкі күн батуға айналғанда, бір жалғыз ауылға келдік.

Жылқылары жоқ кедей ауыл екен. Бірен-саран мініп жүрген аттарын тығып, бізге көлік берген жоқ. Мініп келген өзге аттарымызды сол ауылдан қайырып, әлгі байдың көк айғырын алып қалғанбыз. Енді жалғыз соған арбаны әрең деп жегіп, шүу деп жүріп кеттік. Айғыр асау екен. Тулап, арбаны дала мен тауға ала жөнелді. Жолсыз жермен арбаны анда-санда аяғын жерге бір-бір тигізіп, қаңғалақ ойнатып, тарсылдатып алып қашып келеді. Айғыр тулай шабады. Айғырдың басына жігіт ие бола алмай, әлі жетпей келеді. Божы тізгіннен ұстап мен де жігітпенен қосыла тарттым. Болатын емес. Біз бір төбеден асқанда, қамыттың құлақ бауынан арбаның тертесі сыпырылып кетіп, салдыр-гүлдір етіп, асты-үстіне келіп, опыр-топыр болды... Арбаның астында қалып, тез аунап, домалап ұшып түрегелдік. Бел жібі аттың ершігіне ілініп қалып, арбаның алдыңғы белдік екі дөңгелегімен, белжіптің бір ұшы байланған тертесін айғыр тепкілеп сүйретіп, бізді айнала шауып жүрді.

Қамалап айғырды ұстадық. Айғыр қалш-қалш етеді. Әрең деп арбаны жинап, айғырдың көзін белбеумен тартып, ернін қайыспен бұрап, қайта жегіп, ақырын жүріп кеттік.

Күн батты. Ел көрінбеді. Кеш болды... Ымырт жабылды... Ел жоқ. Дыбыс жоқ. Күнбатыс құбыла жақ—адыр. Күншығыс жақ— дала. Төңірек тым-тырыс. Тірі жан жоқ. Аспан бұлтты. Жаңбыр болмаса игі еді деп қорқамыз. Бір тарлау жолмен жүріп келеміз. Жол жалғыз аяқ соқпақ болды. Аяңдап келеміз... Көп жүрдік. Бір мезгілде айғыр болдырды. Жаяу жүрдік. Айғыр салт арбаны аяңдап тартып келеді. Әбден түн болды. Тұрып тыңдап-тыңдап жүреміз. Дыбыс жоқ. Соқпақ бірте-бірте азайып, ақырында, бір шөпті, құрақты, кең ащылы құлмақанды сусыз көлге келіп бітті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий