Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ол елдің санағын тезірек алып, әрмен жүріп кеттік. Болыс ауылынан шыға, екі-үш шақырымдай жердегі Қасқаат көлінің басындағы бір ауылға қондық. Ертеңінде екі бөлініп жүрдік. Ғалымжан мен Михаил бір бөлек Спасск, Қарағанды еліне кетті. Біз, Нұрғайын екеуіміз, қасымызда бір қазақ поштабайымыз бар, Сілеті бойындағы елге кеттік. Жүріп отырып, жүз шақырымдай жердегі екінші болысқа — Сілеті еліне жеттік.

Болыстың өз ауылына бармай, бергі бір қалың еліне түстік. Елге ымырт жабыла барғанбыз. Барысымен, тынығып жатып, ертеңіне ар жағындағы, ауылы елу шақырымдай жердегі болысына кісі жібердік.

Ол күні болыс келмеді. Бөлек тігіп берген бір жаппада біз тынығып жатырмыз. Күн ыстық. Ел, суы жоққа таңдық бір өзенше жардың жағаларында ел қалың, өзі кедейлеу. Қазақтар жиналып жүр. Болыс пен тілмаш келмейді, біз іс бастай алмай жаттық.

Сол елдің старшыны келген. Старшын бір саба қымыз әкеліп, біз жатқан жаппаның ішіне енгізіп қойды. Қымызды ішіп жатырмыз, жақсы қымыз. Әкелген тоқтыны сойып, етін сол үйдің жанынан қазған жерошаққа асып жатыр. Үйдің маңайында жиналған қазақ ыстық күнге күйіп, топтанып әр жерде отырып, жемтікке үймелеген күшігендерше үймелесіп сөйлесіп жүр. Үйдің ішіне жағалай жайылған киіздің үстіне кілем төсеп және жағалай іргеге көрпе төсеп, іргеге жағалай жастық тастаған. Жастықтарға сүйеніп, көрпелердің үстінде біз жатырмыз. Анда-санда тысқа шығып келеміз.

Күннің ыстығының әсерінен, жаңа ішкен қымыздың әсерінен тершіп, омырау түймемізді ағытып, желпініп, өз-өздерімізбенен әлекпіз.

Күн төмен түскенде болыс пен тілмаш келді. Екеуі де ат қағып, күнге күйіңкіреп келген екен. Аттарынан түсіп, үйдің жанында тысқа шығып тұрған бізбен амандасты.

Болыс келген соң қазақтар топтанысып, көбірек жиналысып қалды. Болыс пен тілмаш үйге кірді. Әңгімелесіп отырдық. Шай іштік. Шай ішіп болған соң, болыс пен тілмаш тұрып, бір үйге барып орнығуға, таяу ауылға кетті.

Кешке болыс пен тілмашты шақырып алып, ертең ерте санаққа кірісуге керекті қағазды даярлатып, әр старшынның списоктерін даярлатып, жатқанша іс істеп отырдық.

Санаққа керекті істерді бітіріп, ас жеп, жаттық. Жазғы түн қысқа, таң өте тез атады...

Күн көтеріліп, сәске болғанша ұйықтадық. Көп ұйықтай берер едік, біз жатқан оңаша үйдің сыртынан шыққан көп адамның күңіренген жылауы оятты.

Түсім ғой деп біраз жаттым. Күңіренген, ызыңдаған, жылаған дауыс құлағыма күңгірт естіледі.

Ызыңдаған дыбыс бірте-бірте жақындап, анығырақ естілді. Әйелдердің дауыстары тәрізді. Шулаған, жамыраған дауыстар, оларға араласқан еркектердің сөйлеген дауыстары естілді. Үйге біреу кіріп, қасымыздағы жігітті оятып, екеуі сөйлесіп күлісті. Кірген кісі күбірлеп:

— Ақымақ қатындар, өкірген сиыр тәрізді-ау өздері! Бұларға не жоқ екен?.. Бәрі, осы, таң атпай жиналысып, шуласып жылауда, —деді.

Оған біздің қасымыздағы жігіт тамсанып күбірледі.

— Онысы несі, анығына жетпей, өкірген сиырдай шуласқаны? Ә-әй, қатын ит-ай, ақымақтығың осы-ay! — деді.

Көзімді аштым. Үйдің іші көтерілген күннің ыстығынан ысыңқыраған. Түндік ашылған жоқ. Азырақ бір жақ шеті қайырыңқыланған. Үйдің іші жарық. Біздің жолдаспен сөйлесіп отырған жігіттің қағаз пакет салған үлкен аспа былғары қалтасы бар. Қайыс өткізіп омырауына асқан жарқыраған жез знагы (белгісі) бар. Тайдың тұяғындай. Әр жеріне жезден белбеу салған жалпақ қара қылышы бар. Бұларының бәрін шешіп алып, керегеге, тұсына қыстырып қойды. Өзінің қара бешпетінің иығына таққан өрген қызыл жіптен погон «шені» бар. Түріне, сыртқы белгілеріне қарағанда, қаладан келген шабарман жасауыл екенін айтпай-ақ білетін.

Мен басымды көтердім.

Жасауыл менімен амандасты... Үйдің артында едәуір жерде жылаған, ызыңдаған дауыс әлі естіліп тұр. Жасауылдан қысқаша жөн сұрап, үйдің артындағы шудың жайын сұрадым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий