Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үш жігіт атқа мініп, бой көтеріп келуге шықтық. Аттарымыз да сейдін, көңіл де сейдін. Белеске шықтық, томарларды араладық. Күнбатысқа қарай жүгіртіп кетіп, елдің ең шетіне шықтық. Атбасар уезі мен Ақмоланың шекарасына келдік. Бір белеске шығып, аттарымыздың басын тартып, жан-жаққа қарап тұрдық. Аттарымыз ойқастап, жер тарпып, ауыздықтарын қарш-қарш шайнайды. Төңірек ылғи бір белес, ылди, ойпаң. Тұтасқан қап-қара көк. Қалың көк шөп, көк шалғын тұтасып, жер-дүниені қаптаған тәрізді. Жер үсті қап-қара көк теңіз тәрізді. Күн еңкейген мезгіл еді. Алтын күн аспаннан сұлу жерге еңкейген тәрізді. Күннің алтын шұғыласы көк теңіздей тұнған төңіректі неше құбылтады. Ақырын ескен майда ескек тұтасқан көк теңізді ақырын ғана қозғайды. Қара көк жердің қиырсыз үсті тұтасыменен ақырын ғана ырғалады. Жер үсті ұшы-қиыры жоқ алқара көк теңіздей құлпырады. Теңіздей ырғалады. Құлпырған жердің қырсыз шеті аспан көкпен қабысқан тәрізді. Төңірек тып-тыныш. Күнбатыста, Атбасарға қарайтын жақта, алыстан бұлдырап қатар жатқан екі көл көрінеді... Қара көк қамыстары мұнартады. Сол елдің жігіті — жолдасымнан, мұнартып бұлдыраған көлдерді сұрадым.

— Анау не көл? — дедім.

— Ол — Әупілдек, Алакөл, — деді.

— Уай! Әупілдегің әлгі, кәдімгі өлеңдегі «Әупілдек» пе? — дедім.

— Ие, сол өлеңдегі Әупілдек. Сол өлеңді шығарған қызды алған адам, сол Әупілдекті мекен қылатын елдікі ғой. Елі қазір сол көлдің ар жағында отыр. Бірақ бұл жерден көрінбейді, — деді.

— Е, е, өлеңдегі Әупілдек осы десейші... Ол келіншек қазір өлген ғой, ә? — дедім.

— Иә, өлген, бейшара, сол қайғыдан өлді ғой! — деді...

Ұшан-теңіз белестердің ортасында, ат үстінде, әлгі көлдерге қарап тұрдық...

«Сүйгеніне бара алмаған, малға сатылған сорлы қыз қайғыдан өлді ғой...»

...Көз алдыма келіп елестеді: Оның жылағаны... Сатылып барған жерінен Әупілдек көлін жағалап, неше рет жаяу қашқаны көз алдыма елестеді... Тап осындай тып-тыныш жер мен көк... Төңірек тым-тырыс, елсіз, шалқыған көл. Жылап келіп, көл жағасында отырған жалғыз әйел. Манаураған жер мен көк — меңіреу. Меңіреу жаратылыс көздің жасын көрмейді. Жылаған жанның қайғысын сезбейді. Жалғыз-ақ еңіреген әйелмен бірге көлдің қамыстары ғана теңселіп сыбдырласып, сусылдасып сөйлейді. Көлдегі құстар ғана еңіреген әйелмен бірге сыңсып, шулап жырлайды... Әйел жылайды... Әйел жырлайды.

Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,

Сарғайдым осынау көлдің суын іше!

Қос қанат құсқа біткен маған бітсе,

Барар ем қалқажанға әлденеше!..

Қар басты Әупілдектің қамыстарын,

Айтады әркім көрген қасірет-зарын,

Түседі қайғылыға қара тұман,

Кім білер сол тұманның ашыларын?!

Еріксіз Әупілдекті мекен еттім,

Жасым жас, он алтыға жаңа жеттім!

Айырған екі ашықты еңіретіп

Ісіне бар ма шара құдіреттің!..

Тағы да көп сурет көз алдыма елестеп, біраз Әупілдекке қарап тұрып қайттық...

Кешке жақындағы бір ауылда ел жігіттері ойын жасады. Ойын жасаушы жігіттердің бастықтары — старшындар, болыстың тілмашы, Байсейіт және басқа пысық жігіттер.

Ойынға бізді де шақырды. Біз төрт кісіміз. Екеуі ноғай жігіт, біреуі орыс, төртіншісі мен. Орыс Михаил деген шалдау кісі. Екі ноғай жас жігіттер. Екеуі де мұғалім. Біреуі Ғалымжан, Ақмоладағы қалалық ноғай мектебінің мұғалімі. Біреуі Нұрғайын, қазақ арасында орысша мектепте учитель. Ойынға Михаил мен Нұрғайын бармады. Нұрғайынның сол күні бір тісі ауырған еді. Ойынға Ғалымжан екеуміз бардық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий