Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сәкеннің ақындығы жөніне келгенде түйіп айтар тұжырым: ұлы ақын, басын тауға да, тасқа да ұрған керемет жаңашыл, төңкерісшіл дауылпаз ақын. Қазақтың жаңа жазба әдебиетіне негіз қалаған Абайдың жаңашылдық рухы әсіресе Сәкенге жұққан, Сәкенде күшті, сондықтан ол қазақ әдебиеті дамуындағы социалистік реализм деп аталатын кезеңнің, дәуірдің бастаушы серкесі болды. Мұны Сәкен ешкімнен сұрап алған жоқ, өзінің құдай берген ұлы талантымен тарихтан тартып алды. Сәкен қазақ совет әдебиеті деп аталатын бағыттың негізін қалаушы болды, соның ұраншысы, жаршысы болды. Ол қате болған күннің өзінде де тарихи құбылыс екенін ешкім жоққа шығара алмайды, диалектика заңдылығын өзгертуге ешкімнің дәрмені жеткен емес, жетпейді де. Сондықтан Сәкеннің қазақ халқының тарихындағы, әдебиеті мен мәдениетіндегі ерекше биік орнына дақ түсірмей, қараулық жасамай, адамгершілік, азаматтық өреден көрінуге тиіспіз. Мұны саналы да, санасыз да, басшы да, қосшы да мықтап ұғып, ұлыларымызды орны, жөнімен ардақтап, құрметтей білейік.

Әрине, ғалым, зерттеушілердің пікірі ертеңгі тарихтың үлесіне тиетінін айтқан уақытта Алашқа айбын болған арыстардың ішінде Сәкеннің орны жайлы Республика Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бес арыс туралы салтанатты жиналыста айтқан ойын келтірсек, оны қазіргі қоғамдық-әлеуметтік пікірдің аясынан ұзатып әкете қоймасақ керек. «Қазақтың біртуар перзенті, аса көрнекті ақыны және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллинді халық жанындағы мәңгі сақталар жан, асылдардың асылы, аяулылардың аяулысы деп еске аламыз. Сәкен біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер. Егер ол тірі болса, бүгін, сөз жоқ, өзіне тән өткірлікпен, от пен судан қорықпайтын батырлықпен тек халық мүддесі жағында ғана тұрар еді.

Егемен ел атанып, тәуелсіздік туын тіккен қазақ еліне Сәкеннің үздік үлгісі, өрелі өнегесі өте керек», — дегені замана тұжырымы ретінде қабылдануға тиіс.

Күләш Садыққызы Ахмет,

филология ғылымының кандидаты, докторант

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий