Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұдан кейін Ресейлік учредительное собраниеге Қазақстан облыстарынан сайлауға түсетін адамдардың тізімі берілген. Роман-эссенің бірінші және соңғы басылымдары арасында тізімге алып-қосқан еш өзгеріс жоқ. Ал осы тізім жарияланған «Қазақ» газетінің 14 қарашадағы 250-санындағы «Алаш ұлы қазақ пен ардақты қырғыз ағайынға» деген ашық хат, екінші жалпы қазақ сьезіне шақырған телеграмма сөзі соңғы басылымдарда жоқ.

Осы Ақпан мен Қазан төңкерістері аралығында ерекше мән беретін бір мәселе —бірінші жалпы қазақ сьезі, онда қаралған он төрт мәселенің бірінші бабы, яғни «Жалпыроссияның мемлекеттік құрылысы».

Алаш ақиқатын ашуға атсалысып жүрген ғалымдардың барлығы «в России должна быть демократичная федеративная парламентская республика» деген тұжырымды айтып жүр. Оны көбіне Н. Мартыненконың 1929 жылы құрастырған құжаттар жинағына сүйеніп жазуда. Ал оның негізі — «Қазақ» газетінде 1917 жылы 31 шілдеде жарияланған болатын.

Ғалымдардың ішінде тек тарих ғылымының докторы Талас Омарбеков қана «Қос үкімет құрылған алғашқы күндерде-ақ советтерді емес, уақытша үкіметті қолдаған Ә. Бөкейханов Минскіден берген телеграммасында «біздің ұранымыз — демократиялық республика, жер малшылықпен және егіншілікпен табыс түсіретіндердікі», — деген пікірі кадеттер партиясы бағдарламасының қағидаларымен үндесіп жатыр. «Ресейде демократиялық федеративті парламентті республика болсын» деген I съезде алынған қаулы «алаш қозғалысы кадеттермен уақытша ғана келісімді болды. Жалпы қазақтың бірінші съезінде-ақ ұлттық мүддені бірінші орынға қоятынын байқатты», — деген ойды айтты.

Бұл жерде біз ғалымның «ұлттық мүддені бірінші орынға қоятынын байқатты», — деген пікірін тірілтетін мына жағдайларға назар аударуды жөн көреміз.

Бұл съезге дейін «Қазақ» газеті бетінде Ә. Бөкейханов үзбей жариялаған мақалаларында да, жеделхаттарында да («Қазақ» 1917, № 223), тіпті осы үлкен жиын алдында 1917 жылдың 2—8 сәуірінде Орынборда өткен Торғай облысының съезінде «высказался за «демократическую, парламентскую и децентралистическую Республику». Высказался фактически съезд за буржуазную Республику с президентом и учредительской и продолжением войны до победного конца. В том же духе высказался и уральский, декабрьские съезды», — деген Мартыненконың ойына да назар аудару қажет.

Ал енді осы маңызды мәселеде алаш азаматтарымен саясат тұрмақ, пенде ретінде де араларына әлі пәлендей реніш кіре қоймаған Сәкен Сейфуллиннің көзқарасын салыстырып, осы шешуші, ең маңызды мәселені, яғни мемлекет билігі туралы мәселені съезд қалай шешер екен деп қадағалап отырғанын «Тар жол, тайғақ кешу» романынан оқып көрейік.

«Уездік комитетінің жалпы жиылысын аштық. Комитеттің ортасына Орынборда болып жатқан съездің қарайтын мәселелері туралы қаулы шығардық. Қаулымыз «Жас қазақ» ұйымының жобасымен болды. Біздіңше ең зор мәселе Россияның болашақ үкіметінің құрылысы. Бұл туралы біздің комитеттің шығарған қаулысы бойынша Орынбордағы съезге телеграмма соқтық. Телеграмманы жазған Бірмұқамбет Айбасұлы еді.

Телеграмманың мазмұны мынадай еді: «Біз федеративная республикаға ғана дауыс береміз. Басқа түрге қарсы боламыз». Біздің телеграмма съездің ашылуына дәл барыпты. Осы телеграмманың жөнімен Ақмола облысының атынан барған Сейітұлы федеративный республиканы қуаттап сөйлепті. Съезд шақырушылардың ағасы Бөкейханұлы кадет партиясының жобасын съезге алғызбақ болыпты, едәуір далбастапты. «Россия үкіметі Англия үкіметіндей патшасы бар парламентті болуы жөн», — деп таласыпты. Бірақ көпшіліктен жеңіліпті. Съезд федеративный республиканы дұрыс тауыпты».

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий