Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Егер кадеттер өз бағдарламаларында Қазақстан тәрізді бұрынғы отар елдерге Ресей қол астында жергілікті өзін-өзі басқару құқын ғана беруді қаласа, ал алаш қозғалысы өзінің алғашқы съезінде-ақ Қазакстанға федеративтік басқару жүйесін беруді талап етті. Яғни, егер кадеттер Ресейде конституциялық-демократиялық республика құруды ұсынса, алаш қозғалысы Ресейде демократиялық федеративтік парламенттік республика құруды қажет деп тапты. Соңғы шешім бойынша Ресей құрамындағы Қазақстан өзінің дербестік автономиялы құқын сақтап қалуы тиіс еді», — деген Т. Омарбеков көзқарасы тарихи шындықтан туған. Әрине, ғалымның бұл ойы Ақмоладағы «Жас қазақ» ұйымы мүшелерінің жіберген телеграммасы съезде пікірталас туғызғаннан соң барып, осындай шешімге келгендігі жөніндегі мәліметке кездессе бұдан да айқынырақ болары сөзсіз еді.

Сонымен, мемлекет құрылысы жөніндегі көзқарастың ең алғаш басталған сәтінде әр қилы ойлар айтылғанымен, «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасында, екінші жаппықазақтық съездің шешімінде Россия демократиялық федеративтік республика болып, Қазақстан оның құрамында болуға тиіс деген тұжырым алаш қозғалысының тұрақты позициясына айналды. Бұл арада «Жас қазақ» ұйымы, Сәкендер бірден көрегендік жасады деп қолпаштамағанмен, жалпы қоғамдық дамудың аңғарын бақылай білгендерін теріске шығармау керек, өйткені бәрінің де арман-тілегі — қазақтың басқалармен терезесі тең болып, қатарға қосылуы, ел болып өркендеп кетуі сияқты негізгі мақсаттан тарамданғанын көреміз. Алайда тарих өзінше шешті. Ресей империясының сойылын соғушы болсын, ұлы державалық көзқарасты коммунистік қызыл түспен бояғандар болсын, оң ниетті теріске бұрып жібергенін енді көріп отырмыз.

Алаш қозғалысын әсіресе оның көсемдерінің іс-әрекеттерін кешегі коммунистік идеология заманында ылғи қаралап, даттап келдік. Алашшылдар Қазақ хандығын қайтадан орнатып, Ресейден бөлініп кету үшін әрекет жасады деген жалған түсінікті олай-бұлай бұрқыратты. Сәкен болса 1918 жылғы тергеу барысында бассауғалау үшін әдейі бұрмалай айтқан-ды. Әсіресе «федерация» деген терминнің өзі айтып тұрғанындай, алаш көсемдері бірінші жалпы қазақ съезінде «в России должна быть демократическая федеративная республика. Киргизские области должны получить областную автономию смотря по национальным различиям и бытовым условиям» дегенінде, ал екінші съезде «Алаш» автономиясы құрылғанда «Конституция автономии Алаш утверждается всероссийским учредительным собранием» деп жатқанында, тіпті «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасында «Россияда демократическая федеративная республика болу (демократия мағынасы — мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы — құрдас мемлекеттер бірлесуі), федеративная республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді. Қазақ жүрген облыстарының бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия республикасының федерациялық бір ағзасы (мүшесі — К.А.) болады», — деп тұжырымдауында Россиядан бөлініп кетеміз деген ой байқалмайтыны былай тұрсын, тіпті бүгінгі шындыққа шылбыр тастап жатқаны аңғарылады.

Федерация мәселесіне көбірек тоқтағанымыз, Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесін оқығанда осы түбегейлі түсініктің аясынан қарау керек. Сәкен алаш қайраткерлерінің іс-әрекетіне, әсіресе Бөкейхановқа осы тұрғыдан баға беріп, сипаттағаны анық. Шындықты ешкім жоқ ете алмайды, оны түсіну ғана әрқилы болуы мүмкін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий