Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы үлкен проблема қазақ зиялыларының жолайрығы болған сияқты. Бұл мәселе қозғалған тұста Сәкен мен алаш басшылары арасындағы қайшылық белең алмаған шақ болатын. Ақмола облысы атынан съезге қатынасқан Асылбек Сейітовпен Сәкен ертеден таныс болатын. 1916 жылы Россияда ауылшаруашылық санағын алу науқаны басталғанда Ақмола уезінің солтүстігіне Сәкен кеткенде, Томск университетін бітіріп келген Асылбек Сейітұлы оңтүстікке баратын комиссияны басқарған-ды.

Асылбек Сейітов Ақмола облысының атынан съезге делегат болып, сол съездің екі хатшысының бірі болғандығын ескерсек, онда өзіндік ойы, көзқарасы бар, білімі жетік Асылбек Сейітовтің өз пікірін ғана емес, «Жас қазақ» ұйымының телеграммасын жақтап сөйлеуі еш күмән тудырмайды. Бұл — бір. Екіншіден, осы съезде болашақ учредительное собраниеге Сәкен мен Рахымжан Дүйсенбайұлының Ақмола облысынан ұсынылған кандидаттардың тізіміне кіргізілуі алшақтамаған көңіл күйдің көрінісі екені даусыз.

Үшіншіден, съезден соң Асылбек Сейітов Ақмолаға келіп, съездің өту барысын бастан-аяқ баяндағаны тарихи шындық.

Ал «Россияның үкіметі Англия үкіметіндей патшасы бар парламентті болуы жөн» деп ұсыныс енгізген Әлихан Бөкейхановтың осы съезге дейін нөмір құрғатпай шыққан мақалалары съезден соң «Қазақ» газетінің № 238 санынан бастап 250-санына дейін көрінбей кетуінің сыры осы мәселеге байланысып жатқан жоқ па екен?

Съезді ұйымдастырушы, шақырушы, басқарушы азаматтар «Қазақ» газетінің белді авторлары ғана емес, алаш қозғалысының жетекшілері екенін ескерсек, съезд өтіп жатқан кездері де, одан соң да съездің өту барысымен оқырмандарды хабардар етпеуінің өзі де осы проблеманы тереңдей зерттеу қажеттілігін аңғартса керек.

Мемлекет құрылысы жөніндегі мәселедегі көзқарастардың айрықша мәні бар, өйткені ол қандай қозғалыстың болса да өзекті проблемасы. Сондықтан осындай шешуші, түбегейлі мәселеде кімнің қандай көзқараста болғаны, соған қарай әрекет еткені тек тарих үшін ғана емес, жалпы жағдайды түсініп, білу үшін де айрықша қажет.

Сәкеннің өзі тікелей араласпаса да, Асылбек Сейітов аузынан және басқалардан естігендеріне негіздеп Ә.Бөкейхановтың кадет партиясының платформасын, яғни парламенттік монархия жобасын ұсынғандығын ұнатпағаны еш күмән тудырмайды. Олай болмауы мүмкін емес, өйткені Әлихан Бөкейханов кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі ретінде Ақпан төңкерісінен кейін құрылған Уақытша үкіметті жақтаушы ғана емес, тіпті оның шаңырағына уық қадаушы адам. Әуелі Түркістан комитетінің белді мүшесі болса, кейін Торғай облысының комиссары болды. Осы тұста өткен әр қилы съездерге құрметті төрағалыққа сайланған сәттері де аз емес.

Ә. Бөкейханов жалпы қазақтың екінші съезінде, яғни 1917 жылы желтоқсанда алаш автономиясын құру мәселесі шешілгеннен кейін ғана кадет партиясынан шығатындығын әуелі съезде мәлімдеді, одан кейін 1917 жылдың 23 желтоқсанында «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» — деген түсіндірме хатын жариялады.

«Алаш» партиясының басшылары алғашқы кезде кадеттер жолын ұстанғандығы туралы К. Нұрпейісов «Ә. Бөкейханов қазақтың ұлттық партиясын құру идеясын жүзеге асыруда әуел баста патша үкіметіне оппозицияда болған либералды орыс буржуазиясының партиясы — кадеттердің үлгісіне бейім тұрды», — деп біледі.

Ал уақыт өте келе көзқарас өзгеріп, жағдай басқа әуенге түскен уақытта федеративті демократиялық республика идеясына ауысудың еш айып-шамы жоқ. Жағдайдың логикалық дамуы осыған еріксіз жетелеген болатын. Оның үстіне бірінші жалпы қазақ съезі «Россия демократическая парламентарная республика болып, қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» деген шешім шығарғаны тағы бар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий