Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дауыл толастаған жоқ. Түбі шіріген теректер шыдай алмай гүрс-гүрс құлап, қураған бұтақтар сатыр-сұтыр сынып жатыр. Сұрапыл дауыл жер бетінен ірікті де, шірікті де аластап, дүниені бір жолата қоқыстан тазартып алайын дегендей үдей соқты. Әулие-Атаның жатаған домбаз үйлері желді күні изен түбінде бұғып қалған бөдене құсап, тым пәс тартып, аласара түскен сияқты.

Базар көшесіне жеткен жерде Тұрар аяғына оралған әлденеден тағы да сүрініп кете жаздап, бойын түзеп, аяғын шырмаудан ажыратып алып қарап еді: үзіліп жатқан телеграф сымы екен. Соғуы қатты серіппелі, сым темір тобығын қиып кете жаздады. Сонда Тұрардың есіне былтыр Мерке бойында осы сым темірге буынып өлген Шәкі батыр түсті. «Қайран көзсіз ер! Ажалда да ақыл жоқ. Азаттық тілеп, атқа қонып, жаудың жағасын жыртқан сондай ер дұшпанның оғынан өлмей, жол бойында боздап тұрған сым темірге оралып өлгені өкінішті».

Осылай деп, құлап жатқан телеграф бағанын орағытып өтіп, аяқ астындағы құрғақ жапырақтарды қаудыратып, сол қаудырақ дыбыстан өзі елегізіп, жан-жағына жалтақтай қарап келе жатып, казарма қақпасына қалай жеткенін де сезбей қалды.

–Тоқта! – деген қатаң үн естілгенмен, қара көрінбеді. Тұрар селк етіп, қалт тоқтай қалды.

Қалтадағы қолы бесатардың суық дүмін қыса түсті.

– Кімсің?

– Өзіміз. Маған Хмелевский жолдас керек.

Қарауыл Тұрарды өз үйшігіне алып кіріп, фонардің жарығымен бас-аяғын шолып өтті де:

– Документ, – деді. – Осындай дауылда, түн ішінде кісі жүре ме екен? – деп қарауыл реніш білдірді.

– Осындай дауылда кісі деген қара басып, басын көрпеге тығып ұйықтап жата ма екен? – деді Тұрар қойнынан мандатын суырып ала беріп.

– Не боп қалды, жолдас Рысқұлов? – деп қартаң солдат Тұрардың бетіне бір, мандатқа бір үңілді.

– Танымай тұрсың ба?

– Таныдым, жолдас Рысқұлов. Бірақ бейуақыт жүргеніңіз түсініксіз.

– Бейуақыт емес, дәл уақыт. Дауылдан соң найзағай жарқылдайтынын, нөсерден соң жарқырап күн ашылатынын білмеуші ме ең?

– Ол рас. Бірақ қазір күз ғой, жолдас Рысқұлов. Күзде найзағай жарқылдай ма екен?

– Жарқылдайды! Мылтығың оқтаулы ма? Патроның мол болсын! Ұқтың ба?

* * *

Тұрар қуанып қалды: Степан Кнутович ояу екен. Мұны жақсы нышанға жорыды. Осындай жорықты жағдайда жайбарақат ұйықтап жатқан жаман ырым ғой. Балауыз шырағданның тұнжыр сәулесі бір парақ ақ қазға түсіп тұр. Қағаз бетінде түсініксіз шифрлар, Тұрардың таңырқаған түрін байқап, Хмелевский қою мұртын ширатып қойып:

– Қару-жарақтың қамы ғой. Аздау болып тұр, бауырым. Өте аз, – деді.

– Демек, сен біледі екенсің ғой?

– Нені, бауырым?

– «Нені-нені» деп мені баласына берме, жолдас төраға. Мен совдептің мүшесі екенім рас болса, шыныңды айт: не болып жатыр мына әлемде? Не хабар? Петербургте, Ташкентте?

Тұрардың қараторы реңі күреңіте бастағанын байқаған Хмелевский де енді салмақтана қалды. Езуіңдегі шала күлкі бірден лып етіп қою қара мұрттың астына тығылып қалғандай, өңі қатулана берді.

– Ешқандай хабар жоқ, бауырым. Тым-тырыс. Жаңа Ташкентпен хабарласпақ болып көрдім – тырс етпейді. Телеграфтың тілі байланып қалған сияқты.

– Телеграфтың тілі байланып қалған жоқ, үзіліп қалған, жолдас төраға.

– О не дегенің?

– Даладағы дауылды көрмейсің бе, сезбейсің бе? Телеграф бағаналары құлап жатыр.

Хмелевский Тұрардың бетіне ежірейе қарап қалды:

– Онда – шатақ, бауырым. Енді мүлде хабарсыз қаламыз.

– Түк те шатағы жоқ. Тек ат жеккіз. Станцияға жету керек. Темір жол телеграфы істеп тұруы мүмкін.

– А, бәлкім, таң атқанша күте тұрсақ қайтеді? Қалалық телеграф қалпына келгенше...

– Жоқ, жолдас төраға, дәл қазір жүрейік! – Тұрар үні қатаңырақ шықты да, басшы адамның алдында тым ірі кету артық екенін аңғарып қалып, жайлап қана:

– Степан Кнутович, жүрегі бар болғыр бірдеңені сезеді: осы түн тегін емес. Жүрейік, а, Степан Кнутович, – деп сөзін сыбырмен аяқтады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий