Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Жолдас Сахно, солай деуге рұқсат етіңіз, өйткені сіз, қанша дегенмен жұмысшы таптың өкілісіз...

– Жоқ, мен қызметшімін, кешіріп қойыңыз.

– Мейлі, қызметші бола қойыңыз. Мен совдептің председателімін. Мына Рысқұлов жолдас менің орынбасарым. Уақытша үкімет бізбен санасады. Сондықтан жанжалсыз тез Ташкентті қосыңыз.

– Өйтіп қорқытпаңыз. Кеңесіңіз өзіңізге. Кеңес деген үкіметті мен білмеймін. Менің білетінім – Әулие-Ата уезінің уақытша үкіметі, оның бастығы – Астахов. Әне, мен соның бұйрығын мойындаймын. Егер қорқытсаңыз, қару жұмсауға мәжбүр боламын, – деп Сахно шоқпардай кольтті үстелдің тартпасынан суырып алып, алдына қойды.

– Онда біз де күш жұмсауға мәжбүр боламыз. Далада қарулы үш солдат тұр. Қала берсе, бүкіл гарнизон біздің қолда. Не тиімді? Ойланып көріңіз. Ал сіз адал қызмет еткіңіз келетін Уақытша үкімет шынында да уақытша ғана. Соның атына мән берген жоқсыз ба, осы кезге дейін. Уақытша ғана, бәлкім, ол уақыты таусылған да болуы. Біз тез ғана Ташкенттен соны білуге тиіспіз. Түсіндіңіз бе, жолдас Сахно?

Сахно бұқа құсап мойнын ішіне алып кольтті тоқпақтай қолымен қыса түсті. Телеграф аппаратына бір, совдептіктерге бір алара көз тастап қойды.

– Грач! – деп Хмелевский артына бұрылмай, қалтасынан қолын шығармай айқай салды. Сахно түксиген қалың қастың астынан бәрін байқап отыр: Хмелевскийдің қолы қалтасында, Рысқұлов деп таныстырған дембелше жас жігіттің де оң қолы қалтасында. Ол қолдар, сөз жоқ, қару ұстап тұрған қолдар.

Есікті серпе ашып, штыкты винтовкасын ұмсына ұстап Грач пен екі солдат енді.

– Бұларыңыз зорлық, мырзалар... жолдастар, – деп Сахно дауысы бұрынғыдай барқырамай, күңкілдеп қалды.

– Революцияға қарсылық болған жерде, амалсыз зорлық та болады. Зорлық тудырып отырған өзіңіз ғой, – деп тұңғыш рет тіл қатты Рысқұлов. Көзілдірік киген қараторы қазақтың орысшаны мұншама мүдіріссіз сөйлегеніне Сахно таңданып, таңдайын тақ еткізіп, басын шайқап қойды да:

– Жарайды, жанжалдаспайық. Ташкенттен кімді шақыру керек? – деп телеграф аппаратына қарай қол соза берді.

– Ташкент совдепі! – деп Хмелевский енді Сахноға төніп келіп, келтектей кольтті Сахнодан алысқа ысырып қойды.

Морзе дыбыстары шиқ-шиқ етіп, аппарат тұмау тигендей біраз қақалып-шашалып барып, кенет сақылдап ала жөнелді. Аппараттан ақ лента атқылап шыға бастады.

Хмелевский лентаны ұшынан ұстай алып, жазуға үңілді. Тұрар да көзілдірігін нықтап қойып, жіп-жіңішке ақ лентаның жазуына телміре қарады.

...Ахат атасы айтар еді: «адамның пешенесінде жазуы болад. Әркімнің тағдыры анадан туасы, сонда жазылып қойылған. Оның атын – жазмыш дейді. Ал сондықтан: жазмыштан – озмыш жоқ, – деп. Бірақ ол не жазу екенін оқып білген ешкім жоқ. Пешенедегі жазуды күні бұрын оқып білу ешкімге де бұйырмаған».

Мына жіңішке ақ лента Ахат атасының айтқанын жартылай жоққа шығарып тұрғандай. Мұның пешенедегі жазудай екені рас, ал бірақ оны оқып-білуге болмайды деген тұжырымы бекер екен, оқуға болады екен.

– Мен – Першин, – деді лентадағы жазу. – Ташкент совдепінің мүшесімін. Сіз кімсіз? Не керек?

– Біз – Әулие-Ата совдепінің басшылары Хмелевский және Рысқұлов. Мемлекеттік телеграф жұмыс істемей тұр. Сондықтан темір жол телеграфымен жалғасуға мәжбүр болдық, – деді Хмелевский телеграфиске. Сахно оның айтқандарын телеграф тіліне аударып жатты. – Дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз қалдық. Ташкентте не болып жатыр?

Сәл кідірістен кейін ақ лента тағы да аппараттың аузынан ирелеңдеп шыға бастады. Хмелевский жайшылықта сыр бермейтін Тұрардың алқына дем алғанын байқап қалды. Көзілдірігі түсіп қалатындай бір қолымен көзіне тақай ұстап алыпты. Телеграфист Сахно да лентада өз тағдыры жазылып жатқандай оны гүрілдек дауысымен ежіктеп оқи бастады:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий