Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Себебі көпшілік өз қателігін кездейсоқтықтан деп ақталуды іздейді. Жоқ, соғыс офицерлер мен солдаттардың жауапсыз іс-әрекеттеріне ақтау бола алмайды. Әрине, мұның әскери емес адамдарға да қатысы бар. Мынандай бір мысал келтіре кетейін, бірде мен, соғысқа дейін, Қиыр Шығыстан келе жаттым. Халықаралық вагонның қызметшісі кішіпейіл, инабатты жан болатын, қазір едәуір уақыт өткеннен кейін қайта келе жатып, көбінесе дөрекілік қылықтарын құлағым шалып қалды. Өйткені вагон - сол баяғы вагон, баяғы төрт доңғалағы да сол күйде. Бәрі «соғыс» деген сөзбен өзінің салақтығын ақтағысы келеді. Біз тіпті ұрыста солдаттар мен офицерлердің арасынан «соғыс бәріне ықпал жасады» дегенді естіп қаламыз. Дұрыс, бірақ бұл көптеген адам бүркемелейтін салақтық абсолютті мағынада орын алуға, анархияға бастауға тиіс дегенді білдірмесе керек.

Жауынгерлер былай дейді: «Өйткені біздер парадқа емес, соғысқа бара жатырмыз». Сонда парад дегеніміз не?.. Бұл - қарулы күшті байқап көру. Парад пен соғыстың айырмасы қандай? Нағыз парад - жауынгерлік күшті жан-жақты барынша байқап көру, жауынгерлік күш үшін ең қатал сын соғыс болып табылады. Әрбір адамның тағдыры, халықтардың тағдыры, бәрінен де гөрі елдің тағдыры шешілетін, міне, нағыз осы парадта бұрынғыдан да әлдеқайда қатал, жып-жинақы, лайықты, нағыз жауынгерлік өнеге көрсетерліктей болуға керек.

Ұрыс қауіпті емес, өйткені адам адаммен шайқасады. Егер де адам әлдебір жаратылысы бөлек аждаһамен немесе аңмен айқасса, бұл басқа мәселе, алайда адам адамменен шайқасқан кезде, олардың қолдарындағы ықпал ететін қаруы бірдей, ұрыс бұл сөздің абсолютті мағынасында қорқынышты емес.

Мен еу жүрек болғандармен таласқым келмейді, өйткені қорыққанға қос көрінеді. Ұрыста, соғыста адамға тән барлық жоғары және төменгі қасиеттердің өзі барынша ашылып көрінеді. Бұл сезімдерді екі топқа бөлуге болады:Жоғарғы сезімдер:

Парыз

Ержүректілік

Адамгершілік

Ерлік

Батырлық

Қаһармандық және т. б.

Төменгі сезімдер:

Опасыздық

Үрей

Ұждансыздық

Қорқыныш

Шошу және т. б.

Парасат, инстинкт, интуиция - адам бойындағы бейне бір командалық инстанциялар сияқты. Ұрыс кезінде адамның сана-сезіміндегі кейбір мәселелердің төңірегіне соңғы кезде көңіл аударыла бастады. Бұл мәселелер жөніндегі пікірталастар окоп пен блиндаждарда, сондай-ақ үй ішінде дастарқан басындағы әңгімеде де, редакциялар мен жазушылардың бөлмелерінде де жүріп жатыр.

Мен сіздерге психологиялық тұрғыдан түсіндірілетін кейбір ұғымдарды баяндағым келеді.

Бұл ұғымдар бізге алда керегімізге жарайды деп ойлаймын.

Ұлы Отан соғысының тәжірибесі жеңіске рухтың күштілігімен жетуге болатынын, табыс әскерлердің моральдық-адамгершілік күшіне тәуелді екеніне біздің көзімізді тағы да жеткізді. Материалдық құрал-жабдықтар мен қазіргі заманғы әскери техника күрестің материалдық базасы мен қаруы болып табылады. Бәрінің де негізі - жанды, саналы адам.

Адамның моральдық-адамгершілік қасиеті рухани күш деген сөзбенен анықталады.

Рухани күштің негізгі қайнары мен қозғаушысы:

Ақыл

Сезім

Ерік-жігер.

Адам қасиетінің осы үш элементін ұштауға бағытталған мақсатты жұмыс тәрбиелеу жұмысының басты нысанасы болып табылады.

Қорқыныш дегеніміз не?

Бұл сұрақ белгілі бір дәрежеде проблемалық сұрақ та. Көптеген әскери қызметкерлер, яғни әскери форма киген жай адамдар (оларға мен тілшілерді, кездейсоқ штаб офицерлерін жатқызамын), қорқынышты тура өз мағынасында теріске шығарады, олар тіпті ызаланып:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий