Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тағдыр мені адамзаттың жан түршігерлік қайғы-қасіретінің куәгері болуға жазса да, ақ қағаздың бетіне болат қаламсаптың ұшымен қисынды сөзді маржандай етіп тізе алатындай өнерім болмаса да жай себеппен, менің қолым жауға сілтер қылыштың сабын ұстауға, пистолеттің шүріппесі мен жауынгердің атының тізгінін ұстауға үйренген қолыма - қаламсап та, уставтың өктем бұйрығына үйреніп қалған тілім де ырық берер емес. Бірақ та сараңдардың санатында (өлер алдында бар байлығын босқа далаға шашқан Қарынбай сияқты) қалмас үшін, өлгендердің рухы, зардап шеккен, адал солдаттарымның алдында - үн-түнсіз қалмауға, бастан кешкендерді тілсіз қағаз бетіне түсіруді өзіме парыз санаймын, өйткені ол: «ерлік елеусіз қалмасын, олжа - елге, атақ - ерге сауға» деген әділеттілік қағидасын еске салатын, шындық оқиға куәгерінің тілі болсын.

Бұл қарапайымдау өңделінбеген, олақтау, сұрыпталынбаған тартуым болсын, сөз өнерінің шеберіне кітап жазуы үшін, құрылыс материалына жарарлық сыйым болсын (бұл абзацтың астын сызып көрсетемін).

Тұрғызылған ғимаратқа жабдықтаушының аты ешқашан да қойылмайтынын біле тұра, мен жабдықтаушы атануға ризамын және егер ол менің атымды, сөзімді еске алуды ыңғайсыз санап, атақты адам айтқандай етіп, (мұны өзім де жиі естимін) соның аузынан толғанысты ойлар түрінде айтқызса, ренжімеймін. (Бұл абзацты да ерекше сызып көрсетемін).

Бұл хатымда, қаншалықты ойдағыдай болғанын білмеймін, бірақ қолжазбаларымның оқырмандарына, осы материалдар бойынша жұмыс істейтіндерге жан-жақты ескертуге талаптандым. Қолжазбаларымда кейде фамилияларын атамай астарлы сөзбен мысалдар келтіремін. Бұл хатты сіздерге оқып берген себебім, сіздердің кейбіреулеріңіз менің материалдарыммен жұмыс істейтін ниет білдіріп отырғандықтан.Бұл хаттың соңына мына өлеңді жаздым:

Найзадан қол босаса қалам алдым,

Толғанып оқиғаны көп ойландым.

Тырмысып әл келгенше көргенімді,

Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.

"Отырсам көп ойланып күнім жақын,

Әр адам біле бермейді сөздің парқын.

Ұрпаққа арнап істелген адал еңбек,

Ақ ниетпен ұсындым саған, халқым.

Жазушы болмаған соң менің затым,

Көркемді жұмыр емес жазған хатым.

Салмақтайтын саналы ер табылса,

Атаусыз неге қалсын менің атым.Когда рука моя освободилась от пики,

Я держал карандаш,

Нутром своим переживая и подолгу думая о прошлом...

Со всем старанием, в меру сил своих и способностей

О виданном и пережитом написал я открыто,

Не оглядываясь по сторонам и назад...

Когда я сижу и подолгу думаю, конец дней моих близится...

Не каждому человеку дано осмыслить значение слов...

Труд этот чистый, от сердца посвященный поколениям,

С добрым намерением преподношу тебе мой народ.

Раз я существом не принадлежу к роду писателей,

Быть может нехудожественно и не лаконично мое письмо.

Но если найдется отважный, способный прочувствовать вес, меру и смысл, суть содержания,

Не может быть, чтобы имя мое осталось неупомянутым.Командирдің парызы - солдаттардың қандай да бір болмасын іс-әрекеттерін назарға алмай, ескерусіз қалдырмау. Егер солдат жақсы ісімен көзге түссе - ол мадақталуға тиіс.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий