Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен жауынгерлік өлең текстіне лирикалық музыка жазған бір композитордың шығармасына зығырданым қайнағаны бар. Суретші де әйтеуір бір полотно салып, әйтеуір ішкі мазмұны жоқ көшірмені береді. Бұл, шынында, адамдардың соғысты тереңірек білмеуінен болып жатса керек. Соғыс туралы шындықты, мұнда тылда отырып тану киын, тіпті мына біздер, ұрысқа қатысушылардың өздері де, оны түбегейлі, ұңғыл-шұңғылына дейін біле бермейміз. Соғыста шындықты табу өте қиын, ал оны жинақтау, қорыту одан да күрделі. Соғыс туралы ақиқатқа жету - бұл өте үлкен проблема.

Мен соғыс тақырыбына жазылған әдебиеттерді оқыған кезімде олардың көпшілігінің шындыққа келмейтініне көзім жетті. Баспахананың бояуымен жазылған кітаптар да, адамқанымен жазылған кітаптар да болады. Мен баспахана бояуымен емес, майдан даласында шынайы қалпында, бар болмысымен қанмен жазылған соғыс кітабын оқыдым.

Соғыс туралы өнер туындыларының ғұмыры қысқа болатындығы — олардың көркемдік жағы соғыс қимылдарының шындығынан мүлдем алыс жататындығында, яғни менің айтайын дегенім - үлкен шындық тұрғысында нағыз өмірдің ақиқатын жинақтай алмауда болса керек.

Неге мен кейбір көркем шығармалардың ғұмыры қысқа деп санаймын, оның мәні суретшілер, жазушылар немесе кино қызметкерлері өздерінің шығармаларын жазғанда, оның көркемдік жағын соғыс мәселелерімен, тікелей соғыспен үйлестіре алмайды. Мен мұны өте үлкен кемшілік деп білемін. Сен соғыс тақырыбына қалам тартады екенсің, соғыс мәселесін көркемдік тұрғыдан көрсетуге тиіссің. Міне, сонда ғана бұл шығарма көпшілік бұқараға құнды болмақ. Жазушылардың көпшілігі шығарманың көркемдік жағымен, яғни қиялдан шығарылған оқиғалармен әуестеніп, соғысты көрсетуден ауытқып кетеді, ал шынын айтқанда, жақсы шығарма тіпті мына біздер, әскери командирлер үшін де күнделікті басшылыққа алатын кітап болуы керек. Егер творчестволық қызметкерлер өздерінің шығармаларының көркемдік жағын соғыс мәселесімен үйлестіріп, мұны негізгі дәнекті нәрсе деп санаған болса, мен жинақталған және байыпты тәжірибені айтып отырмын, онда туынды да анағұрлым құнды бола түспек. Барлық шығарманың мақсаты - ағартушылық. Соғыс туралы жазу үшін автордың өзі бұл мәселеде сауатты, білімді адам болуы керек, материалдар мен деректерді оқып зерттеп, оларды творчестволық тұрғыдан қорытып, дұрыс жинақтауға, барлық мәселелерді көбірек әрі жан-жақты білуге тиіс, онсыз ол қалай жазып, өзінің шығармаларымен халықтың сана-сезімін қалай оята алмақ?

Кездейсоқ көріністер, жекелеген адамдардың айтқан әңгімелері, қосалқы материалдар салмақты шығарма жазуға право бере алмаса керек. Материалды үстірт, ат үсті зерттеуден және жеңіл ойлы әдеби әуестенушіліктен бас тарту әлдеқайда саналылық болар еді.

Мен өз қолжазбаларымның оқырмандарына арнайы хат жазып қойдым, бұл қолжазбамды Ғылым академиясы қазақ филиалының қарауына қалдырып кетемін, бұл хатым да қолжазбаларыммен бірге қалады. Мен мына соғыста тірі қаламын ба, әлде жоқ па, оған көзім кәміл жетпейді, бірақ өзімнің хатымда қолжазбамның оқушыларына бірсыпыра талаптар қоюға талпыныс жасадым. Бұл хатымды сіздерге оқып берейін:

Менің қолжазбамның оқырмандарына. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра», - дейді халық даналығы.

Жіп қылдан тұрады, дене тканьнан құралады. Даналық өткеннің тәжірибесін қорытатын, қазіргі жағдайды зерделі талдайтын және болашақты көре білетін творчестволық ойдың қаймағынан тұрады.

Кірпішсіз сарай сала алмайсың. Ұшқынсыз от тұтанбас. Мейірім болмаса, сүйе де алмайсың. Ашу-ызасыз жек көру мүмкін емес.

Мәжбүр етпей, мойын ұсынбас, мейірім болмай, жақсы көре де, беріле де алмайсың.

Бұйрық - алғыр басшының ой-арманы.

Әскерсіз - қолбасшы қауқарсыз, басшысыз - әскер әлсіз.

Сын - ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.

Азаматқа - өмірден де ар қымбат, өлімнен ұят күшті. Қорқақ - дөрекі әрі ақымақ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий