Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

- Ол қалай сонда? «Біздің Қызыл Армия батыл! Біздің армияда қорқыныш қалайша болуы мүмкін! Біздің армия жеңімпаз!» - дейді. Міне, тіпті осы жердің өзінде, тылда, біздер бұлаурудан арыла алмай отырмыз. Бірде-бір «белсенді» қорқынышты құбылыс ретінде, барлық жерде, барлық армияда (яғни жан-дүниесі, жүрегі мен сезімі бар адамдар тобында) бар екенін түсінгісі келмейді. Ал бұл адамдар ызаланып, мұны қорқақтық деп атайды.

Бізге саяси және саяси емес тар өрістілікті таңады. Бұл мәселе жөнінде біздің әскери қызметшілердің арасында да талас-тартыс өте көп, кейбіреулер өзін жұбатуға тырысып, қорқыныш жоқ дейді.

Бұл мәселе жөнінде мен өз көзқарасымды айтқым келеді. Қорқыныш дегеніміз не?

Қорықпаушылық дегеніміздің өзі — жалпы табиғатта жоқ нәрсе. Қорықпайтын адам жер бетінде жоқ. Қорқыныш тірі нәрселердің бәріне, тек адам мен жан-жануарларға ғана емес, сонымен бірге тіпті өсімдіктерге де тән. Қалай болғанда да, жүзден аса ұрысты бастан өткізген екі жарым жылдың ішінде, әлі де бір қорықпайтын адамды кездестірген емеспін.

Өлім қаупін сезінген бірде-бір жан қорқынышсыз арпалысуға бармайды, бірақ бұл қорықпаушылық деген сөз емес. Қорқынышты әрбір адам өмірде талай-талай басынан өткізеді.

Егер сізге қазір әскери комиссариаттан шақыру қағазын алып келсе, қолыңызға шақыру қағазын ұстатқан сәтте-ақ, сіз қорқынышты сезінесіз. Менің қолжазбаларымда бұл жөніндегі ойларым әскерге шақыру қағазынан бастап әскери қызметтің қорқынышы, әскери жорықтың қорқынышы, ұрыс алдындағы қорқыныш, ұрыс кезіндегі қорқыныш, шабуылдағы қорқынышпен аяқталған. Алайда біз адамға тән және заңды нәрсені қалайша теріске шығара аламыз? Керісінше, бұл сезімді зерттей отырып, біз оған басқа сезімді қарама-қарсы қоюға тиіспіз, бірақ та қорқыныш жоқ деп айтудың керегі жоқ. Батылдық пен қорқақтық - бұл қорқыныштың парызбен күресінің нәтижесі. Қорқыныш бар, бірақ оны жеңуге болады. Үрейлену деген ұғым, сондай-ақ шамалы және қатты қорқу сезімі бар. Қорқынышты жалпы мәжбүр ету жолымен жеңуге болады. Қандай мәжбүр ету жолымен? Ең алдымен, өзіміз жеке адамның психологиясы деп айтатын ішкі мәжбүр ету жолымен. Жауынгерлік ерліктерді сипаттаған кезде - ішкі арпалысты суреттемейді.

Жауынгердің қандай күрес пен психологиялық қиналыстың нәтижесінде қарабет болғанын немесе даңққа жеткенін ашып көрсету қажет. Міне, сонда ғана солдат пен офицердің бейнесі анағұрлым жанды, анағұрлым кесек тұлғалы болмақ. Қорқынышты: біріншіден, ішкі мәжбүр ету жолымен, екіншіден, сыртқы мәжбүр ету жолымен, яғни қоғамдық ықпал ету жолымен жеңуге болады.

Тәуекелсіз - жеңіс жоқ.

Жаудан қашып емес, қорғанып және шабуылға шығып құтыла аласың. Өмір сүруге деген үміт оты жүрегіңді жылытады, әрбір солдат та пенде, ол да өмір сүргісі келеді. Өмір сүруге деген тілек өзін-өзі сақтау инстинктін қалыптастырады, солдат қорғанады және шабуылға шығады.

Әңгіме мынада, бұл өзін-өзі сақтау инстинктінің екі жағы бар: біріншісі - адам өзін- өзі сақтау үшін қашады, екіншісі - адам осындай мақсатпен шабуыл жасап, қорғанады. Мен адамның бойындағы осы екінші жақты дамыту керек деп санаймын, өйткені ол қорғануға, шабуыл жасауға итермелейді. Сондықтан да оны барынша дамытып отыру қажет. Барлық нәрсенің көлеңкелі жағы болады, ал жалпы және тұтас алғанда бұл - адамның ғана емес, барлық жанды дүниенің асыл қасиеті. Міне, неліктен өзін-өзі сақтау инстинктінің ұрыста бастапқы қозғаушы күш болатыны сондықтан. Өзін-өзі сақтау инстинкті басқаны өлтіруге мәжбүр етеді, ал бұл өзіңнің өлгеніңнен гөрі әлдеқайда қиын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий