Knigionline.co » Казахские книги » Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы

Книга «Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір күні бие ағытар уақытта, ауылдың сыртындағы бір төбешікте құпия сөйлесіп үш кісі отыр еді. Оның бірі мағлұм Сәрсенбай, екеуі – сол елдегі атқа мініп жүрген, ел ара сытыныш болғаннан даулы, сөзді болғанын артық көретін пысықшалау адамдар еді. Әлгі екеуі Сәрсенбайға қарап: «Сәрсеке, бұл заманның өзі қорыққанды сыйлайтұғын заман болды, азырақ дәреже біткен кісі - бай қара кісіні кісілікке алудан кетіп барады. Сол себепті біздің сізге айтқалы келген сөзіміз - алла тағала сізге біреуден артық, біреуден кем дәулет беріп, екінші мынау бір жаман немеңіз бар. Бұл жаман екі айналып келмес, бір күндерде малың шағын болып, басқа да зар болдыңыз, «қубас» деген сөзді естіген күніңіз болды. Енді тәуекел деп, атыңызды бір шығарып қалсаңыз қайтер екен? Міне, сайлауға да үш ай қалды. Көп болса, үш жүзтеңге шығар. Сіз мақұл көрсеңіз, біз өзімізге қараған Құрман болып билікке сайлағымыз келеді, халық сөзді бір сапарға қалай тастап кете қояр екен деп ойла ймын. Өзіміздің Нүрпейіс би ризалығымен берсе, жолын алар, болмаса тәуекел деп тapғa түсерміз,- деп, неше түрлі тәтті сөздермен құбылтып, Сәрсенбайды азғыра бастады. Сәрсенбай қанша момын адам болса да сөзге бұрылмайтын пенде бола ма, дәулетке қызығып, біраздансоң: «Өздерің біліңдер», - деп жауап қайтарды. Бұл мәжілістер бір мәрте болмай, бірнеше күндер ақылға салынып, ақырында Сәрсенбай билікке таласпақшы болды. Сайлау жетті, Сәрсенбай әркімге жомарттанып ат майын бере бастап, сойысы да артылды. Caнақшадан төрт жүз теңге жұмсалып, шарға түскен уақытта Нүрпейіске он тоғыз шар, Сәрсенбайға он төрт шар шығып, біздің жаңа талап босқа қалды. Бұл істің бұлайша сағаты болмауы да - сол елде жұртқа қадірлі және де болыспен құда Байжан деген кісі еді. Шар салардың алдында Байжан выборнайларға:

- Сіздер шарларыңды Нүрпейіске салындар, жаңа байыған бір Құрманның болғанынан алашқа сөйлескенде намыс жібермейтін, елдің белін сындырмайтын Нүрпейіс артық емес пе? - деп айтып отырғанын сол сағатында-ақ Сәрсенбайға біреу келіп жекізіп еді.

Сәрсенбай салысуға кеткен кісідей болып үйіне қайтты. Көп расход шықты (Ұл жеп жайына, қызжеп байына кетті). Қасындағы әуелгі тыныш жатқан Сәрсенбайды билікке таласуға қыздырған достары:

- Қап бәлем, келер сайлау болсын! - деп қайрат берген болды. Осылайша сайлау тарқап, бес-алты ай да өтті. Бағзы уақыттарда сайлау еске түсіп, шығындарын әм намысын ойлағанда, Сәрсенбай іші күйіп, хәтте енді сондағыдан екі есе шығындалсам да дегеніме бір жетсем, арманым қалмас еді деген секілді пікірге де келіп қоюшы еді.

VI

Жоғарыда айтып өткен Байжанның он жеті жастарға келген Жұман дейтін бір таз әм ақылсыз баласы бар еді. Сол елде екі-үш Жұман есімді жігіттер болғанға, бірін - «сары Жұман», бірін -«тапал Жұман», Байжанның баласын -«таз Жұман» деуші еді. «Ата даңқымен қыз өтеді, мата даңқымен бөз өтеді» деп, Байжан өзі тәуір болған соң, қол жетіп тұрған заманда бір бай жерден Жұманға жақсы қыз айттыруға ойы бар еді. Бір күндерде Байжан мәжіліс арасында: «Жұманға құда болатын лайықты жер білгендерің бар ма?» деп сұрап отырғанда, біреу тұрып:

- Биылғы Нұрпейіспен билікке таласатын Сәрсенбайдың бір жақсы баласы бар, шешесі тәуір кісі - Жарас молданың қызы, өзі оқыған бала, қазірде он-он бірге келсе керек,-деді. «Олай болса, бұл ескеретін жер екен» деп Байжан ішінен ойлап қойды. Көп ұзамай Байжан Сәрсенбайға «құдай қосса, құда болайық» деп бір кісі жіберді. Бұл хабарды есіткеннен сон, Сәрсенбай үй ішіне ақылдасып көріп еді, үлкен қатыны ұнатып, Жамалдың анасы Шолпан ұнатпады. Сөйтсе де өткен сайлаудағы Байжанның Нұрпейіске болысып, өзін құр тастағанын ойлап, Сәрсенбай құдалық себебімен келесі сайлауда би болмаспын ба екен деген ойға кіріп, өзін билікке таластырған достарына ақылдасты. Бұлар естіген жерден:

- Құдай берді, әйде, қайырлы болсын, құда болыңыз, қызды қырғызға да береді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)

Шахида
Шахида
18 марта 2024 07:00
Есть ли перевод на русский?
Оставить комментарий