Knigionline.co » Казахские книги » Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы

Книга «Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Білсеңіз, сізге ұят, бұл рас па?

Замандас, жақсы сөзді табип деген,

Құрбыға бір себеппен бітсе хаста.

«Бір сырлы, сегіз қырлы» көрінесіз,

Тағы да білгеніңді айтып таста.

Әр жерде кұрбы ішінде Жамалдың осындай шешендігі көріне бастап жүргені секілді, бұл сапарда дахалық Жамалды мадақтап, «екінші Сара мұнан шықты, енді мұнымен айтысарлық Біржан қайдан шығар екен» деп, тарасты.

VII

Жамал кәмелетке жеткен соң, күйеуінің нашар екенін біліп (қатта бір тойда көрсе де керек), көңіліне күннен күнге уайым, қайғы түсе бастады. Жамалдың бұл қасіреттерін көбейтуге себеп болған Жұманның жамандығынан құрбы арасында күлкі болған істері еді. Мысалы: Жұманды үйі қант-шай, ғайыры нәрселер әкелуге қалаға жібергенде, жолда терілерін алып сатарға сатып, он теңге алтын орнына алданып, бір тиын жаңа бақыр алып келуі еді. Әм елде бозбалалық қылмақшы болып бір қызы бар үйдің босағасында ұйықтап қалғандықтан, қыздың әкесі таңертең: «Тұр балам, ұйқың қанған шығар»,- деп үйіне жіберуі еді. Мұның әммасін Жамал естіген еді. Ата-анасы зарыққанда көрген баласы екенін де ойлап, не себепті жаман күйеуге бергеніне қайран қалып жүрді. Өзі теңдес қыздардың күйеулерін салыстырып қарағанда, Жұманнан нашар жері жоқ еді. Басқа шет елдерден күйеуіне разы болмай, екінші жігітпен қашып кетіпті дегенді естігенде, ішінен ойлап: «Олар да мен секілді бейшаралар ғой», - деп аяушы еді. «Олар секілді бір жігітпен көңіл қосып қашсам, пәленшенің қызы қашып кетіпті деген сөз болып, атамның сүйегін сындырғандай боламын. Разы болып Жұманға барсам, ғұмырымша қор боламын ғой», - деп қайсысын істеуге ақылы жетпей, бағзы уақыттарда түн бойы ойлаумен ұйықтамай да шығушы еді. Әр уақыт осындай уайымда болған соң, Жамал жүдеп те кетті. Ата-анасы:

- Қарағым, сен неге жүдеусің? - дегенде:

- Жай басым ауырады, - деп қоюшы еді. Жамал осындай уайымдарда болып жүргенде, бір күні Байжаннан Сәрсенбайға: «Биыл баламды ұрын жіберемін», - деп сәлем келді. Бұл хабарды естігеннен кейін Жамалдың қайғысы бұрынғыдан үш есе артты деуге лайық болды. Жамал қанша ішінен қапаланса да, басқа бір кісіге айтуының ебін таба алмай, бір күні қолына қағаз бен қарындаш алып, «тым болмаса көңілімдегі қасіретімнің оннан бір бөлігі шықпас па екен», - деп, өз басындағы халіне бір азырақ өлең жазып еді. Шешесі Жамалдың бір қағаз жазып отырып, қасына бір хат танитын кісі барса жасыра қойып жүргенін көруші еді. «Бұның жазып жүргені немене?» - деп, Шолпан азырақ шүбәланып, Жамалға білгізбей, оңашада Жамалдың қалталарын ақтарып, онан еш нәрсе шықпаған соң қағаз, кітап салатын сандықшасын қараса, бір кітаптың арасынан мынау өлең шықты. Манағы

Жамалдың жазып жүргені сол екен.

Алланың рақматына созамын қол,

Адасқан мен бір ғаріп таба алмай жол.

Ашылып біздің басқа түскен тұман,

Шаттықпен өткіз деймін - тілегім сол.

Сыртым сау, ішім түтін қапалықта,

Бұл күнде көңілім жүдеу, қасіретім мол

Тереңге түсіп кетем, ұстар тал жоқ,

Бір алла, жалғыз өзің жәрдемші бол!

Бақшада сайрап жүрген сандуғаш ем,

Кез болды мен сорлыға құрылған тор

Көл болып көздің жасы өткенім ғой,

Болмаса арылмаған маңдайда cop.

Жайлаған аққу едім шалқар көлді,

Бұл күні көрініп тұр жаман да зор.

Оралдың ілер деуші ем ақиығы.

Шынымен жапалаққа болам ба қор?!

Мен қайран атам малға сатқанына,

Бір тазды жалпақ елден тапқанына.

Аты өшіп тумай кеткір Жұман деген!

Мал беріп, мені өзімсіп жатқанына.

Атанып бай баласы қара басқыр -

Жұманның не берерсің мақтанына?

Қазақтың күллі ғайып ғадетінде

Түскенім бар қасқырдың қақпанына.

Атама мен не жаздым қор қылғандай,

Болмаса бір мінезбен жақпадым ба?

Жасымнан тәрбиелі хан қызындай,

Қасірет ақырында тартқаным ба?

Әлпештеп ұлдан артық қыз басымды

Өсірген атама обал артқаным ба?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)

Шахида
Шахида
18 марта 2024 07:00
Есть ли перевод на русский?
Оставить комментарий