Knigionline.co » Казахские книги » Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы

Книга «Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл сөзді оқып көрген соқ, анасының көзінен азырақ жас кетіп, қызының мұндай қайғыда жүргенін біліп, әлгі қағазды да орнына салып қойды. Енді Шолпан Жамал қанша уайымда болса, сонша қайғыра бастап, бір күні түнде төсекке жатқан соң Сәрсенбайға сөйледі.

- Құданың құдіреті, әуелде сен тіл алмай, баланы мұнша қайғы-қасіретке салдың, міне, көрмеймісің, Жамалжан өзді-өзінен азып, жүдеп кетті. Осы қалпымен қор болып кетсе, екі дүниеде бізге разы болар ма, біздің ата-аналық хақымыз мойнымызда емес пе? - деді.

Сәрсенбай не айтарын білмей:

- Сөйтіп жүр ме, сөйтіп жүр ме? - дей берді. Шолпан ашуланып:

- Сөйтіп жүрмей құрысын, өз басыңда еркің жоқ, әркімнің қыздырған тіліне еріп, ақырында Жамалдың көз жасына қалып отырмыз. Ата-бабаң істемеген істі қыламын деп би болғансып, бір жылдың ішінде, қане, шыққан мүйізің? - деді. (Сәрсенбай әуелі таласып болмай қалғаннан кейін, келер сайлауда құдасының себебімен би болса да, бір жылға жетпей съезд уақытында бір кісіні боқтап, қамшымен салып қаламын деп, билігінен түсіп қалған еді).

Сәрсенбайдан берекелі жауап шықпаған соң, Шолпан тағы да сұрады:

- Енді өстіп Жамалды сүймеген кісісіне береміз бе? - деп. Сонда Сәрсенбай қайраттанып:

- Осы ит не былшылдап отыр? Құдайдың жазғанынан артық не қыламыз, екінші кісіге береміз десең, Байжан болыстармен қосылып, біздің жанымызды қоя ма? Малымыздан құрық, басымыздан сырық түсіре ме? «Қатын - дұшпан» деген осы, болмаса бұл сөзді айтарма едің, - деді. Сәрсенбайдың жуас, қорқақтығы Шолпанға бұрыннан мәлім әм бұл сапарда да пікірі тамам көрініп қалған себепті, енді бұл тұста Сәрсенбаймен ақылдасып, бастарына түскен уайымды бөлісуден үміт үзіп, сол түннен былай Жамал хақында Шолпан Сәрсенбаймен ешнәрсе сөйлеспейтін болды.

VIII

Бас аман, малы түгелдердің көңілі шаттықта, Жамалдың көңілі һәмән қайғыда болумен біраз уақыт өтіп еді. Жамал қанша қайғылы болса да, сырын халыққа білгізбес үшін, һәм жабыққан көңілін көтеру үшін, қыз-бозбала жиналған ойын-тойдан қалмаушы еді. Және де Жамал болмаған ойынның қызығы аз секілді көрінуші еді. Қыс ортасы болған еді. Бір күні сол елде бір байдың баласы болмай жүріп, жамағаты ұл тапқанға, қыз-бозбала үшін үлкен мәжіліс-шілдехана болды. Атырабындағы ауылдың қыздары тамам келіп, Жамал да әзір болды. Ағаш үйдің кең бір бөлмесіне төрінен есігіне шейін халық толған еді. Бұл елде ойын-сауық әлі қалмаған, болғанға бір қыз, бір жігіттен қатар отырғызатын әдет бар еді. Жиылғандар бірі өлең айтып, екіншілері қалжыңдасып, ойын әлі қызып басталақоймаған уақытта есіктен: «Кеш жарық!» - деп, бір-екі жігіт кіріп келді. Бағзы бозбалалар:

- Міне, бір сыпайы жігіттер келді. Қай жерге отырғызамыз? - деп ақылдаса бастап, көп кешікпей біреуін Жамалдың қасына әкеліп отырғызды. Бұл жігітті біздің Жамал танымайтын еді. Ләкін Жамалдың қасына отырғызудан бір тәуір жігіт екендігі аңланды. Бұл жігіт отырып болған сон, үйдегілерге қысқа-қысқа сөзбен амандасып, соңынан Жамалға қарап:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)

Шахида
Шахида
18 марта 2024 07:00
Есть ли перевод на русский?
Оставить комментарий