Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мухтару Ауэзову удалось раскрыть истинный образ писателя Абая, который оставил грядущим поколениям духовное наследие народа. Мухтар Ауэзов – великий мыслитель, он смог передать целую историю о жизни Абая. Чингиз Айтматов говорил: «Когда я еду в другую страну и переступаю порог других людей, есть два рода сокровищ, которые я всегда лелею и лелею с собою: одно — «Манас» и другое —Мухтар Ауэзов».

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ендігі бір үлкен сала – қазақ тұрмысы мен өміріне қатысты салт-жоралғылардың мейлінше жан-жақты, әрі дәл көрініс табуына айрықша мән берілді. Өзіндігімен ерекшеленер алуандықтар ретінде таңбалар мен қырық шар, жасау, енші, айт, жар-жар, келіннің ат қоюы, ай аттарын, елеулі күндерден мүшел сияқтыларды көрсетті. Бұлардың ішінде де түсінікті қажет ететін қаншама ұғымдар, атаулар, сөздер бар. Соның бір саласы етіп "Найман таңбасы шөміш – "О", Керей таңбасы ашамай – "X", Арғын таңбасы көз – " 00", Бураныкі босаға – "П", Кіші жүз Жаппастыкі – "Ү", Төре таңбасы – "Ш" (тегінде шаһ деген сөздің нышаны болу керек)" деп таңбаларды елестетсе, қазақтың құдалығына айрықша тоқталды: құйрық, бауыр, киіт, дін ұр сияқты жол-жоралғыларынан басқа суға салу, көз сынынан өткізу, мұзды суға салып сүйреп шығару, есік көру, қол ұстату, жыртыс салу, қыз-жігіт айтысында қыз жеңілсе, жігіт басына үкі, шоқ қадау, біріне-бірі әріптес деп ат қойысу, күйеу мен қалындықтың осы күні жолығуын көрісу, осыдан кейінгісін оң жақта жүрген күйеу деп атау, күйеудің алғашқы жолығар түнінде жеңгетайлардың ит ырылдар, бақан салды, кемпір әлді кәделерін істеуі бар. Бұл ретте жасаудың алатын орны ерекше. Жасау қырық-қырықтан болатын, ақ үй, оған бір отауша, бір шатыр қосатын, сәукеледен басталған жасау келе-келе заманына лайық машина, самауыр сияқты уақытының жиһаз-бұйымдарына ауысқан, "жар-жарды" ат үстінде тұрып, отау үйдің үзігін түріп қойып айтатын жігіттерге екі қыз үйде бүркеніп отырып, жауап қайыратын, жігіттерге шапан жабылып, басқа да киімдер кигізілетін болған. Келін үлкен үйдің төріне шықпайды, шықса да жарымынан ары аспайды, ене өлгенше немесе рұқсат бергенше ғұрыпты бұзбайды. Ал отау үйдің келіндері өле-өлгенше төрге шықпай өтеді.

Жылдың төрт мезгілін, оның әралуан құбылыстарын қатты қадағалап отырған қазақ есепшілерінің есебі дәл келген және онша ауытқи қоймаған. Үркер мен айдың жанасуындағы уақытты Үркер тоғады, бір күнін тоғым, екінші күнін ауыл-үй қонды, үшінші күнін озып шықты десе, Үркер суға батты, жерге батты, жерге түсті және батқан уақытта жаңбыр болса, жаңбырлы, құрғақ болса, жаз құрғақ болады деген болжамдар бар.

Сол есепшілердің айтуынша: "Отамалы көкек айының бірінде кіріп, он жетісінде шығады, ал бұл кез желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың соңғы зәрі де осымен кетеді".

Апрельдің сегізін сәуір жұлдызының басы санайды, сәуір боларда бір жұмадай жел, я суық болады, "сәуір болмай тәуір болмас" деп, осы салқын өтпей жаз шықпайтынын, сәуір бұлты арқылы келер қыстың жайын, суын болжап, қай жерде сәуірдің бұлты болса, сол жерде қыс қатты болатынын айтқан. Осымен байланысты "Күнәң аз болса күн есепте" деген де түсінік қалыптасқан. Оның мәнісі алдыңғыны болжау күнә дегені. Әр нәрсені орын-орнымен айта білетін есепшілер ел арасында ерекше бағаланған және елеулі күндердің тағы бір алуанына қазанның қара дауылын жатқызады. "Киік матауы қаңтар айында болады, ақпанның амалы үштің айының тоғызында тоғаммен кіріп, он жетісінде шығады. Сүмбіленің 17-19-21-лерінде қырғидың балапаны ұшып, бөденелейді" дейді. Бұл ретте ай аттары қазақ айтылуында да, араб айтылуында да қатар қолданылып отырған: мұхаррам, рабиғиәуал, рабиғисани, жұмаділәуал, жұмаділсәни, ражаб, шағбан, шағмар, рамазан, шауәл, зұлқиджа, зұлқиджа дейтін араб атаулары сияқты қазақша атаулар да, кейбір ай аттары бірде сәуір, бірде көкек дегендей әртүрлі болып айтылатындары да бар. "Қой бес ай, бес күнде, сиыр тоғыз ай, жылқы он бір ай, түйе он екі ай, он үш күнде боталайды" дейді. Маусымның онынан шілденің жиырмасына дейін созылатын жаздың, қаңтарда қыстың шілдесі болатынын айтады. Қыстың шілдесінде киік текесі тобын жиып қашырады дейді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий