Knigionline.co » Казахские книги » Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы

Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық

  • Название:
    Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    12
  • Рейтинг:
    4 (4 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

С незапамятных времен пословицы передавались из поколения в поколение. Они отражают остроту ума, изобретательность и мудрость народа.

Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құр аяққа бата жүрмес.

Қыздың тамағы қылдай.

Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.

Ет - етке, сорпа - бетке.

Қойдың басы - құданың асы.

Ет дәмділігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім.

Аспаздың қарыны асқанына тояды.

Қуыс үйден құр шықпа.

Кісі кірмеген үй көрмен тең, ішілмеген ас умен тең.

Жаман ауруға жақсы ас.

Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жолда қалады.

Дәнді шашпа, нанды баспа.

Қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көресің.

Ат жаманы – сүріншек, ет жаманы – шеміршек.

Туған ай – тураған ет.

Қой еті – қоян еті.

Еттің соры - қуырдақ, ұнның соры – бауырсақ.

Еттің бәрі қазы емес, иттің бәрі тазы емес.

Таспен ұрғанды аспен ұр.

Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді.

Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді.

Байтал мінсең, құлын жоқ, саумал ішсең, қымыз жоқ.

Қыз жігіттікі, қымыз көптікі.

Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар.

Ет жақсысы қарта-ды, ол нәсіліне тартады.

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

Бауыр шырын, бас тәтті, ағайынмен ішкен ас тәтті.

Пышағы бар, сүйгенін жер.

Пышағы жоқ, тигенін жер.

Тарта жесең, тай қалар, қоя жесең, қой қалар, қоймай жесең не қалар?

Қыдырып жеген жамбастан, шақырулы жеген жауыр артық.

Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады.

Аз ғана асым, даусыз басым.

Асты сұрап бергенше, сабап бер.

Білім туралы

=========

Білетінің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз.

Білмесең үндеме, білгенді күндеме.

Білім гауһар, бағасы жоқ.

Надандық кесел, дауасы жоқ.

Киіміне қарап қарсы алады, біліміне қарап шығарып салады.

Күш - білімде, білім - кітапта.

Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады.

Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса кішіден сұра.

Ақыл - тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен.

Білім арзан, білу қымбат.

Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей, егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.

Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас.

Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.

Оқымаған бір бала, оқыса екі бала.

Ұстаздан шәкірт озар.

Алтын алма, білім ал.

Ғылым - теңіз, білім - қайық.

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір

Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі

Білімді өлсе, қағазда аты қалар.

Ұста өлсе, істеген заты қалар.

Өнер - ағып жатқан бұлақ, ілім - жанып тұрған шырақ.

Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.

Жердің сәні - егін, ердің сәні - білім.

Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.

Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.

Ілім - бұлақ білім - шырақ.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Оқу инемен құдық қазғандай.

Оқу түбі тоқу.

Ойнада күл, оқыда біл.

Білім - ер азығы, ер - ел азығы.

Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы.

Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы.

Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп.

Білім таппай мақтанба, өнер таппай баптанба.

Көргеннен көрмегенін көп.

Білгеннен білмегенің көп.

Білім алып құрасын, еңбек етіп сұрасын.

Білім ауысады, ырыс жұғысады.

Біреу білмегеңді, біреу білер,

Біреу жылайтынға, біреу күлер.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий