Knigionline.co » Казахские книги » Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы

Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық

  • Название:
    Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    12
  • Рейтинг:
    4 (4 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

С незапамятных времен пословицы передавались из поколения в поколение. Они отражают остроту ума, изобретательность и мудрость народа.

Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық читать онлайн бесплатно полную версию книги

Халық қартаймайды, қара жер қартаймайды.

Халыққа қарсы жүру, ағысқа қарсы жүзу.

Көппен көрген ұлы той.

Халық қатесіз сыншы.

Халық – дана.

Берекені көктем тілеме бірлігі мол көптен тіле.

Көптің қолы көкке жетеді.

Көптен қулық артылмас.

Ел артындағы шаң жұтады, ел алдындағы май жұтады.

Елге дұшпан жерге сыймас, жерге дұшпан елге сыймас.

Жер шежіресі – ел шежіресі.

Халық қаһарлы қамал бұзар.

Көп тепкен жерден көл шығады.

Жол жолға жалғасады, ел елге жалғасады.

Тай тулап үйірінен шықпас.

Елін сатып асаған, екі күн - ақ жасаған.

Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.

Елден безген көмусіз қалар.

Халық сүймес, халық сүйген – суға батпас, отқа күймес.

Атыңнан айрылсаң да, ер-тоқымыңнан айрылма.

Қатыныңнан айрылсаң да, қазан-ошағыңнан айрылма.

Қазан-ошағыңнан айрылсаң да, еліңнен айрылма.

Қасықпен көлді құрта алмайсың, қастықпен елді құрта алмайсың.

Қара жерді жамандама, қайтып сонда барарсың.

Қауым елді жамандама, қарғысына қаларсың.

Көптен бақыт құтылмас.

Ел құлағы - елу.

Қатардан ассаң да, халықтан аспақ жоқ.

Кеңесті елде кек болмас.

Көп күлкісі күннен де жылы.

Көпті сөккен көгермес.

Көп іздеген көмбе үстінен шығады.

Көптің қолы ұзын.

Халық айтпайды, халық айтса қалт айтпайды.

Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол.

Бестің басы болғанша, алтынның аяғы бол.

Құдай қарғысынан халық қарғысы қаһарлы.

Көптен қоян құтылмас.

Көп түкірсе көл болады.

Көптік қайда болса, тоқтық сонда болар.

Көптің көзі көреген, қолы береген.

Көп алғысы көгерер.

Көзсіз күнелтсең де, көпсіз күнелте алмайсың.

Пайда, олжа туралы

==============

Мал өсірсен қой өсір, өнімі оның көл-көсір.

Құдаңның тайын алғың келсе, құлынды биесін сұра.

Ат аунаған жерде түк қалар.

Байдан пайда құтылмас.

Жамау тапқан жарлы болмас.

Аспандағы сұңқардан қолдағы тұрымтай артық.

Қайырсыз пайдадан - қайырлы залал.

Оңай олжа оңалтпас.

Артық олжа - басқа еңбек.

Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.

Таңдағы тауықтан сол күнгі жұмыртқа артық.

Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпем артық.

Керек тастың ауырлығы жоқ.

Шығасы шықпай кіресі кірмейді.

Бір жоқ бір жоқты табады.

Өлген сиыр сүтті болады.

Саудада достық жоқ.

Жоғалған пышақтың сабы алтын.

Оңай олжа тұрмас қолға.

Желмен келген желмен кетеді.

Ханның қасында болғанша, судың басында бол.

Саудагер құнықса, сақалын күзеп сатар.

Алтын базарында бағалы.

Алдың - ұттың, саттың - жұттың.

Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас.

Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды.

Ит төлеуі бір күшік.

Ортақ өгізден оңаша бұзау артық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий