Knigionline.co » Казахские книги » Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы

Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық

  • Название:
    Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    12
  • Рейтинг:
    4 (4 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

С незапамятных времен пословицы передавались из поколения в поколение. Они отражают остроту ума, изобретательность и мудрость народа.

Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өз балаң, өзекке тепсең де кетпейді; кісі баласы, кісендесең де тұрмайды.

Үш баланы өсіргенше, үш шаһар апат болады.

Баласы бардың өңі ойнар, балтасы бардың қолы ойнар.

Қарға баласын «аппағым» дейді, кірпі баласын «жұмсағым» дейді.

Бала өз несібесін ала туады.

Күндес көргеннің қызын алма.

Бір бала, атаға жете туады, бір бала, атадан өте туады, бір бала, кейін қарай кете туады.

Жалғыз баласы бардың шығар - шықпас жаны бар.

Екі баласы бардың, өкпе, бауыр, жалы бар.

Үш баласы бардың бұқарада пұлы бар.

Немере етін жеп, сүйегін береді.

Жетімнің ризығы — жұрттан.

Бала — бауыр, дос — тамыр.

Көргенсіз бала — көкірек, өнерсіз бала — өкірек.

Ерке бала — екі жылар.

Ат болар тай саяққа үйір, адам болар бала қонаққа үйір.

Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың сәнін қыз келтірер.

Отаулап берген қыздың отын, суы аз болмас.

Адамгершілік, жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік туралы

=======================================

Ат жақсысын мақта, адам жақсысын жақта.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Жасық адам жасына жетпей қартаяр, асыл адам жасына жетпей марқаяр.

Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жер - соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады.

Кісіні кейде таршылық сынайды, кейде баршылық сынайды.

Әркімнің өзі шығар биігі бар.

Жұмсақ ағаш құртқа жем, жұмсақ адам жұртқа жем.

Бейтаныс кісі - бітеу жаңғақ.

Ақылсыз адам айқай келеді.

Жан-жағын жайпай келеді.

Ақылды адам жай-жай сөйлейді

Жан жағын байқай келеді.

Қағазға тіл бітірген - қалам, жансызға жан бітірген - адам.

Адам ойға тоймас, бөрі қойға тоймас.

Темір сырын отта танытады, адам сырын жоқта танытады.

Жаман адам кетсе, дүние кеңіп қалғандай.

Жақсы адам кетсе, дүние кеміп қалғандай.

Жақсы сыйлағанның құлы, жаман қорыққанның құлы.

Жақсының соңынан көп ереді, жаманның соңынан шөп ереді.

Адам деген ардақты ат.

Адамгершілікке арналған үш сауал бар: шөлге құдық қазған бір сауап, өзенге көпір салған бір сауап, жолға ағаш еккен бір сауап.

Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі.

Біреу, біреуге сүйеу.

Талабы жоқ жас - қанаты жоқ құс.

Ормансыз жер - жалаңаш, армансыз ер - жалаңаш.

Адамның күні адаммен.

Бітер істің басына, жақсы келер қасыңа.

Сырласуға дос жақсы, сыйласуға жат жақсы.

Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ.

Шын жақсының ашуы бар. Кегі жоқ.

Ақылсыз атқа мінсе, атасын басып кете жаздайды.

Болар адам – он бесінде бас болар, болмас адам – қырық бесінде жас болар.

Айла алтау, ақыл жетеу, айла мен ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.

Өзін ғана ойлаған, жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған, адамдықтың белгісі.

Ақылды өзінен көреді, ақылсыз ағайыннан көреді.

Ақымақ ішкен-жегенін айтады, ақылды көрген - білгенін айтады.

Көргенді кісі, көргенін айтар.

Көргенсіз кісі, бергенін айтар.

Жақсының айтқаны келмейді, жаманның сандырағы келеді.

Біреуге ор қазба, өзің түсесің.

Жаман болса алғаның, шын досың да шеттейді.

Жақсыны жамандасаң, аруағы тасады.

Жаманды жамандасаң, құты қашады.

Жыланға түк біткен сайын, қалтырауық болады.

Жаманға мал біткен сайын, бақырауық болады.

Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий