Knigionline.co » Казахские книги » Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы

Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық

  • Название:
    Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы
  • Автор:
  • Жанр:
  • Язык:
    Казахский
  • Страниц:
    12
  • Рейтинг:
    4 (4 голос)
  • Ваша оценка:
Книга «Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

С незапамятных времен пословицы передавались из поколения в поколение. Они отражают остроту ума, изобретательность и мудрость народа.

Сборник пословиц и поговорок / Мақал-мәтелдер жинағы - Население / Халық читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ.

Бұқа болар бұзау, биттейінен белгілі.

Батыр болатын бала, титтейінен белгілі.

Өсер елдің баласы, қозысын күтіп қой қылар.

Өспес елдің баласы, қозысын сойып той қылар.

Артында баласы қалса, көзі қалды де.

Артында сөзі қалса, өзі қалды де.

Жалғыз баласы бардың шығар-шықпас жаны бар.

Екі баласы бардың, өкпе, бауыр, жалы бар.

Үш баласы бардың, бұқарада пұлы бар.

Арғымақ аттың баласы, аз оттап көп жусайды.

Асыл ердің баласы, аз сөйлеп, көп тыңдайды.

Бай, байлық туралы

=============

Ер қолында мал тұрмайды, елек ішінде су тұрмайды.

Бай аузында семіз сөз.

Құзғын ас таңдамайды.

Қарғаның бір көзі оқта, бір көзі боқта.

Көз бір уыс топыраққа тояды.

Алтын тыққан адам аштан өлер.

Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп.

Көтере алмаған қосып арқалайды.

Түйе сойған, ешкі сойғаннан дәметіпті.

Қас екеніңді қабағыңнан танимын, сараң екеніңді табағыңнан танимын.

Өзі сұрағаннан сарқыт дәметпе.

Сараң да бір, сасық су да бір.

Етпен қарның тоқ, ниетпен жаның тоқ.

Өзі тоймастың көзі тоймас.

Екі сараңның қолы бір-біріне әрең жетеді.

Сан, Сан есім туралы

==============

Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.

Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл құлағы мен жағын жер.

Жігітке жеті өнер де аз.

Туған да алтау едік, өле - өле жетеуміз.

Қарғыс жеті атаға жетеді.

Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.

Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Семіздің аяғы – сегіз.

Алпыстағы атаңды жыққанша, алтыдағы атанды жық.

Он екі айда он үш той.

Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.

Алты бала таппай ана аталмайды, бес бала таппай белгілі әйел болмайды.

Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

Кедейдің жеті қаңтары бар.

Жетім бала жеті күлшеге тоймас

Жетімге жеті бидай да тамақ

Жетімнің қарны жетеу

Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.

Айла алтау, ақыл жетеу.

Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.

Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.

Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.

Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.

Тоғыз ат бір қазыққа байланбас

Тойған үйге тоғыз бар

Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды

Тоғыз қатынның толғағы бір келді

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

Бір ит көріп үреді, екі ит еріп үреді.

Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық.

Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп.

Екі баланың ортасындағы шал бала болады, екі шалдың ортасындағы бала дана болады.

Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.

Мың қайғы бір борышты өтемейді.

Елуінде – ер дана, елуінде – ел жаңа.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.

Отыз тістен шыққан сөз, отыз руға тарайды.

Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл.

Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий